Информационное письмо


Динамика численности населения мира



бет17/65
Дата19.04.2023
өлшемі0,84 Mb.
#84505
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65
Байланысты:
Аймақтануга кіріспе - Рег-11

Динамика численности населения мира. Рост темпов роста численности населения. По предположени­ям палеодемографов, к концу палеолита на Земле было около 3 млн. человек. Все эти люди обитали на территории в несколько миллионов гектаров. 9-10 тыс. лет назад численность населения планеты составляла уже 5-10 млн. человек. К этой чис­ленности население пришло за 600 тыс. лет. За период неолита человечество увеличилось примерно до 50 млн. человек, а к началу новой эры на земном шаре проживало более 160 млн. человек. К 1800 г. население Земли достигло 952 млн., спустя 120-130 лет – 2 млрд.; всего лишь через 30 лет – 3 млрд., а ещё через 20 лет – 4,5 млрд. человек. Рост численности населения во второй половине XX в. совпал с научно-технической революцией и получил название демографического взрыва. По прогнозам демографической комиссии ООН, к середине XXI века на Земле будут жить 11,5 млрд. человек.
Смертность является главным индикатором состояния здоровья населения. Причины смертности изменяются во времени: если в отдаленные прошлые люди умирали преимущественно от инфекционных болезней, то сейчас главной причиной смерти стали болезни кровообращения, особенно в развитых странах, где число умерших от этих болезней составляет около 50% (в остальных странах – 27%). На втором месте – смертность от злокачественных образований; по этой причине в развитых странах уходит из жизни 21% от умерших, в остальных – 11%. Далее идут СПИД, психические болезни, наркомания, алкоголизм, недоедание.
Плохое питание характерно для жителей слаборазвитых стран. В Африке из-за недоедания матери во время беременности недостаточный вес при рождении имеют 15% родившихся, в Азии – 20%. Вес ребенка при рождении является одним из важных факторов, определяющих его шансы на выживание и нормальное развитие. В африканских странах у 70% детей замедлен рост. Коэффициент детской смертности в Африке приближается к 200%, т.е. на 1000 новорожденных приходится 200 смертей.
Самые высокие показатели средней продолжительности жизни населения в Исландии (78 лет), Голландии, Норвегии и Японии (77 лет), Израиле и США (76 лет). В Африке средняя по континенту продолжительность жизни – 49,7 года. Только в Индии, Нигерии, Пакистане и Шри-Ланке мужчины живут дольше женщин. В остальных странах мира продолжительность жизни мужчин ниже, чем у женщин. В начале XX в. разница составляла всего 2-3 года, в 1990-х гг. в развитых странах она достигла 9 лет.
Қазіргі таңда жаһандану процесімен қатар аймақтық интеграция да жүзеге асуда. Әсіресе әскери-саяси, экономикалық-технологиялық күші басым көшбасшы мемлекеттердің төңірегінде аймақтану процесі сәтті жүруде. Оның басты көрінісі Батыс Европа мен Шығыс Азия. Солтүстікте аймақтану жаңа нарық көздерін басып алу мен халықаралық еңбек бөлінісінде өз позициясын күшейту мақсатында жүрсе, Оңтүстікте батыстық экспансиядан қорғану мақсатында топтасады.
Аймақтық топтар – бұл әлем елдерінің әскери-саяси, экономикалық бірлестігі, блогы. Бұған жататындар: ең ірі әскери-саяси блок НАТО, Еркін сауданың солтүстік американдық зонасы (НАФТА, әлемдік ҰІӨ-нің 40% ие), Европалық Одақ, Азиаттық-Тынық мұхиттық экономикалық ынтымақтастық (АТЭС), Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінің Ассоциациясы, мұнайды экспорттаушы елдердің ұйымы (ОПЕК). Бұлардың ішінде әлемдік экспортта басымы – ЕО, баяу дамушы - АТЭС.
Экономикалық аймақтық топтар – тауар мен қызмет рыногындағы капиталды, еңбекті, технологияны біріктіріп, салық,кеден, инвестиция режимдерін бірыңғайлауға ұмтылады. Аймақтық топтарға енуші елдер арасындағы тауар, капитал, ақпарат алмасулардың күшеюі оған қатысушы елдердің халықаралық еңбек бөлінісіндегі бәсекеге қабілеттілігі мен экономикалық тиімділігін көтереді.
Қазіргі таңда аймақтық топтардың универсальды моделі жоқ. Дегенмен шартты түрде макроаймақтануды 4 типке бөлеміз:

  1. атлантикалық; 2. европалық; 3. американдық; 4. шығыстық.

Атлантикалық аймақтанудың басты ұйымы 1949 ж. 4.04. АҚШ басшылығымен құрылған НАТО, оған 12 мемлекет қатысты, 1966 ж. Франция шықты да, 1999 ж. Польша, Венгрия,Чехия енді. Штаб-квартирасы - Брюсссельде. НАТО-ның экономикалық фундаменті ретіндегі 1961 ж. құрылған дамыған капиталистік елдердің экономикалық ұйымы (ОЭСР-экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы), Штаб-квартирасы - Парижде, сондықтан оны кейде Париж клубы деп те атайды. Мақсаты- экономикалық саясатты реттеу және дамушы елдерге көмек беру бағдарламаларын құру. 1975 ж. 01.08. Хельсинки келісімі негізінде 1995ж. жаңартылған Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы. Мақсаты - континенттегі саяси тәртіп пен құқтық нормалардың сақталуы принциптерін реттеу.
Халықты біркелкі қоныстандыру және үлкен аймақты игеру мүмкін емес. Сонымен бірге халықтың қоныстануына табиғат жағдайы қолайлы жерлердің тек 1/3 бөлігі ғана жарайды. Сондықтан да мемлекетті модернизациялау бағдарламасында негізгі рөлді халықты аумақтық ұымдастыруга баса назар аударады. Оның дұрыс орындалуы халықтың еңбек әлуетін тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді. Халықты аумақтық ұйымдастыруға орналасу және қоныстану жатады. Халықты орналастыру - халықты мемлекет, облыс көлемінде, аймақ бойынша орналастыру. Халықтың қоныстануы – халықты елді мекендер бойынша орналастыру.
Агломерация, елді мекендер агломерациясы экономикалық – мәдени және тұрмыстық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты елді мекендердің (әсіресе, қалалардың) шағын аумаққа топтануы, шоғырлануы. Урбандалу процестерінің бірі және негізінен индустриялық аймақтарға ғана тән құбылыс. Агломерация көбінесе жеке ірі қаланың (ядроның) төңірегінде қалыптасады; кейде бірнеше ядролы агломерация да болады. Агломерация өнеркәсіп өндірісі мен еңбек ресурсының аумақтық шоғырлануын сипаттайды, яғни мұнда өнеркәсіп, инфрақұрылым, ғылым және білім беру ісінің салалары қатар дамиды, соған байланысты халық тығыз қоныстанады. Агломерация өзінің төңірегіндегі аймақтың экономикалық және әлеуметтік жағынан өркендеуіне үлкен ықпалын тигізеді.
Әлемнің көптеген елдерінде заманауи қоныстан­дырудың басты өлшемі жедел дамып келе жатқан қалаға халық­тың жиі шоғырлануы болып отыр. Бұл өркениетті мемлекеттерге ғана емес, дамушы елдерге де тән. Сондықтан уақыт өте келе тұр­ғындардың басым көпшілігі қалалық агломерацияларға тұруға ұмтылады. Бұл түсінікті де. Озық өркениет әлеуметтің әлеуетін көтереді. Мысалы, дамыған АҚШ-тың өзінде бүкіл халықтың 76 пайыздан астамы агломера­цияларда тұрып жатыр, олардың ең ірісі Нью-Йоркте (23,3 млн адам) және Лос-Анджелес (18,6 млн адам) агломерациялары. Ал Еуропада әлемдік деңгейдегі агломерациялар Лондон (13,4 млн адам) және Париж (12 миллион­нан астам) агломерациялары. Қытайда – Шанхай (18,6 млн адам), Бразилияда – Рио-де-Жанейро (12,1 млн адам), Аргентинада – Буэнос-Айрес (14,6 млн адам), Үндістанда – Колката 15,6 млн адам) және басқа да дамушы елдерде осындай аумақтар жылдам қарқынмен қалыптасып жатыр.
Бекіту сұрақтары:

  1. «Халықты орналастыру» ұғымы нені білдіреді?

  2. Дүниежүзі халқы санының димамикасы қандай?

  3. Халық құрамы дегеніміз не?

  4. Халық сапасының критерийлері қандай?

  5. Халықтың географиясы және геодемографиясы дегеніміз не?

  6. Геодемографиялық жағдайға қандай факторлар ықпал етеді?

  7. Әлем халықтары санынның динамикасы қандай? Қандай аймақтар халық тығыз қоныстанған аймақтар болып табылады?

16 дәрістің тақырыбы: Аймақтанудың этникалық және конфессионалдық факторлары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет