Дәріс мақсаты: Украинаның аймақтық саясатына талдау жасау және украиналық геосаяси және геоэкономикалық кодтың негізгі векторларын ашып көрсету.
Дәрістің топтама-тәсімі.Геосаяси және геоэкономикалық код. Саяси-әкімшілік құрылысы. Аймақтық саясат. Батыс, Шығыс және Оңтүстік Украина. Еуропалық интеграция мәселелері.
Украина – Шығыс Еуропадағы ірі мемлекет. Украина 24 облыс пен Қырым Автономиялық Республикасынан тұрады. Жер көлемі – 600 мың шаршы шақырым. 41,6 миллион халқының 74 пайызы украиндар. Одан басқа поляк, словак, румын, мажарлар бар, олар елдің батыс жағында қоныстанған болса, ал орыстар негізінен шығысында тұрады.
Украина халқының жалпы саны 2021 жылдың соңына қарай шамамен 34,5 млн. адам болды. Елде халық санының табиғи өсуі соңғы онжылдықтарда күрт қысқарды, ал 2000 жылы ол тіпті – 0,6%-ды құрады. Туу коэффиценті (1000 адамға шаққанда) – 8%, өлім коэффиценті – 14%. Адамның өмір жасының орташа ұзақтығы – 68 жыл. 1990 жылдардың орта шенінен бастап, басқа елдерге қоныс аударатындар саны көшіп келетіндер санынан асып түсетін болды. Қоныс аударғандардың басым көпшілігін өздерінің байырғы отандарына (Германия, Израиль) оралғандар құрады.
Діни құрамы жағынан христиан дінінің православие тармағы басым, бұдан басқа христиаи дінінің басқа тармақтары мен ағымдары, сондай-ақ ислам, иудаизм діндері бар. Республика бойынша халықтың орташа тығыздшы 1км2-ге шаққанда 78,6 адамды құрайды. Ел аумағында халық біркелкі орналаспаған; шығыстағы өнеркәсіпті-ауыл шаруашылықты аудандарда, батыстағы Львов облысында 1км²-ге 100-200 адамнан келеді. Полесье аумағында орналасқан Чернигов, Волынь, Житомир облыстарында, сондай-ақ далалы Херсон облысында бұл көрсеткіш 40-50 адамды ғана құрайды.
Украинада ірілі-ұсақты 415 қала бар. Қала халқының үлесі – 65%. Батыс Украинада урбандалу деңгейі төмен, Закарпатье облысында қала халқынын үлесі бар болғаны 41% ғана. Мұнда шағын және орташа қалалар басым. Донецк алабында қала халкының үлесі өте жоғары (90%), мұнда ТМД бойынша ірі қала шоғырларының бірі – Донецк агломерациясы қалыптасқан.