Информационное письмо


Галактикалардың кеңістіктегі үлесуі



бет17/17
Дата15.02.2023
өлшемі2,95 Mb.
#68121
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Галактикалардың кеңістіктегі үлесуі.Галактиканың кеңістіктегі үлесу мәселесін зерттей кезінде жарқыраудың интегралды функциясы  -ді пайдаланады. Бұл функция көрінерлік жұлдыздық шамасы  -нен кем не оған тең болатын объектілердің аспанның берілген облысында саның анықтайды.
Егер галактикалар кеңістік бойынша біркелкі үлескен болса, онда Зеелигер теоремасы орындалған болар еді, яғни

Бұл проблеманы алғаш талдаған оқымысты Хаббл болды. Ол кісі диаметрі 2,5 метрлік рефлектор арқылы жұлдыздық шамасы 20  -ге дейінгі галактикалардың санын есептейді. Сонда бір шаршы /квадратный/ градус аспанның облысында орта шамамен жұлдыздық шамасы 20  -ге дейінгі 131 галактика келеді екен. Ал, сфераның бетіне 41253 шаршы градус сәйкес келеді. Олай болса 20  -ге дейінгі жұлдыздық шамасы бар галактикалардың аспан сферасындағы жалпы саны  болады.
Қазіргі кездегі ең үлкен 6 метрлік телескоп арқылы жұлдыздық шамасы 24  -ге дейінгі галактикалардың бақылауымызға болады. Бұл жағдайда  , яғни  болады.
Сөйтіп Хаббл Зеелигердің теоремасының барлық бағыттар үшін орындалатындығын көрсетті. Демек галактикалардың кеңістіктегі барлық бағыттағы үлесуі бірдей және изотропты болады деген қорытындыға келеміз.
Атақты грек философы Платон алғашқы құрлыссыз материя-хаосты Әлемге айналдыратын уақыт деген пікір айтады. Осыған байланысты гипотезаны неміс философы И.Кантта 1755 жылы басылған «Жалпы жаратылыстану тарихы және аспан теориясы» деген еңбегінде дамытады. Ол гипотеза бойынша әлемдік кеңістік алғашқы хаостық күйде болатын материямен толған болу керек. Тартылыс және тебіліс күштерінің әсерінен сол материя уақыттың өтуімен ұйымдасқан бір формаға келү керек. Үлкен тығыздығы бар элементтер бүкіл әлемдік тартылыс заңы бойынша өзіне тығыздығы аз болатын элементтерді тартып, материяның жеке шоғырлары пайда болады. Осындай жеке шоғырлардың төңірегінде соқтығысуының салдарынан планеталар жүйесі жасалу керек.
Ал, П.Лаплас өзінің 1769 жылы басылған «Дүние жүйесін баяндау» деген еңбегінде планеталардың пайда болуы туралы басқа гипотезаны ұсынады. П.Лапластың айтуынша Күннің өзі алғашқы даму кезеңінде қатты қызған және жай айналысқа қатысатын өте үлкен тұман тәріздес объектіге жатады. Гравитация әсерінен алғашқы Күн /протокүн/ сығылады да, оның айналыс жылдамдығы біртіндеп арта береді. Осының нәтижесінде Күннің формасы сығылған формада болады. Сөйтіп, экватордағы салмақ күшімен центрден тепкіш күш теңелген кезде алғашқы күннен алып сақина бөлінеді де, олар суынған кезде олардан жеке-жеке шоғырлар бөлініп, планета пайда болу керек.
Лапластың гипотезасы бойынша қозғалыс мөлшері моментінің Күнмен планеталар арасындағы үлесуін түсіндіре алмаймыз. Екіншіден ыстық газдан планеталардың жасалуы мүмкін емес, үйткені ондай жоғары температурадағы тұрған газ тез ұлғаяды да, кеңістікке шашырап кетеді.
Ағылшын астрономы Джинс 1920 жылдары Күн жүйесінің пайда болуының тасу-толқындық теориясын ұсынады. Бұл теория бойынша Күннің кездейсоқ бір жұлдызға жақындауының нәтижесінде, онда тасу-толқыны пайда болып, оның бетінің қарама-қарсы нүктелерінен күшті газ ағыны бөлу керек. Осы газ массалары бұлт түрінде шоғырланып оларда кішкентай қатты денелер пайда болып соның нәтижесінде планеталар жасалады делінген.
Кейіннен 1930 жылдары Күннің бұрын қос жұлдыз екендігі туралы болжам айтылады. Оның бір компоненті қарсы келген екінші бір жұлдыз арқылы бөлініп бұлтқа айналады да, ол бұттан кейіннен планета жасалуы керек. Осы гипотезаның тағы да бір варианты бойынша қос жұлдыздың /Күннің/ бір компоненті жаңа жұлдыз сияқты күшті жанып қопарылыс болады да, өзінен газ қабатын бөледі, онан соң жұлдыздар бір-бірінен алыстап, пайда болған газ қабатынан планета жүйесі жасалатындығы айтылады.
Әдебиет: 2/М.М.Дагаев, В.И.Демин, И.А.Климишин, В.И.Чаругин «Курс общей астрономии», Москва «Просвещение» 1983 - §163,172-174 стр 355
П.И.Бакулин, Э.В.Кононович,В.И. Мороз«Курс общей астрономии» Москва «Наука» 1977 -§176,179,180 стр 500

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет