7. Психологиялық диагностика көмегімен педагогикалық босаңсып кеткен
балаларды анықтайды және оқытушыға олардың дамуын түзетудің жеке жоспарын
жасауға көмектеседі.
8. Мектептің педагогикалық кеңесі мен ата-аналар үшін нашақорлық, маскүнемдік,
шылым шегу, токсикомания, жыныстық бұзылушылық, т.б. мәселелер бойынша
ұсыныстар әзірлейді, кеңес береді.
9.
Мектеп әкімшілігіне, педагогтарға, ата-аналарға, оқушыларға психологиялық
артық жүктемені болдырмау, жүйке ауруларына ұшырамау туралы, олардың алдын алу
мәселелері бойынша кеңес береді.
10. Мектеп ұжымында жайлы хал-ахуал туғызу бойынша жұмыстанады.
11. Кітапхана қызметкерлеріне психологиялық-педагогикалық әдебиетті жинақтауға
көмектеседі.
12. Психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыс
Мектеп психологы бұл іс-әрекеттің ерекше түрінде :
1. Педагогикалық кеңеске қатысушылардың барлығының тілдесу диагностикасын
жүргізеді.
2. Психологиялық даму барысын немесе оның жекелеген жақтарын анықтау
мақсатында оқушыларға психологиялық зерттеу жүргізеді.
3. Оқушыларға дер кезінде психологиялық көмек көрсету мақсатында олардың
қабілеттерін, мүдделерін, бейімдіктерін зерттеуді жүргізеді.
4. Сынып жетекшілерімен әкімшілік өкілдерімен және басқа да тұлғалармен бірлесе
отырып, психикалық дамудағы ауытқушылықтарды жоюға бағытталған психикалық
түзету бағдарламаларын жасайды және жүзеге асырады.
5. Психологиялық тәсілдерді аймақтың әлеуметтік, ұлттық, мәдени және басқа
ерекшеліктерді ескере отырып жасайды, қолданады және бейімдейді.
Достарыңызбен бөлісу: