көңіл бөле алмауы. Осыған байланысты кейбәр жағдайда баланың өзіндік қасиеттерінің
өсуі, акселерация (дене және жыныстық дамудағы секіріс) орын алады.
Жеткіншектік жаста өмірге деген әртүрлі көзқарас қалыптасады,
осы кезеңде әр
адамға тән адамгершілік және әлеуметтік құрылымдар қалыптасуына негізгі бағыт
беріледі. Ересек өміріндегі қарым-қатынасқа ережелерге, өмірдегі құндылықтар
көзқарастары қалыптасады.
Балаға қойылатын тілек-талаптар жеткіншек кезеңде үлкендерге қойылатын
талаптармен алмаса бастайды. Үлкендердің балаға бағытталған құықтары шектеліп өзінің
құқықтары кеңейеді- өзін сыйлауға, жеке адам деп қарауға ересектермен бірдей орын
алуға тырысады. Осыған байланысты үлкендермен түрлі
қайшылықтарға келу пайда
болады (тыңдамау, қарсы тұру), қарым-қатынаста бала арасындағы қатынастан ересек
арасындағы қатынасқа көшу. Бұл жерде бұрынғы қарым-қатынас сақталуына бірнеше
жағдай әсер етеді:1) жеткіншек қоғамдық тұрғыдан әлі де болса оқушы; 2) ата-анасынан
материалдық тәуелділігі; 3) ересек бала бақылап, бағытап отырады; 4)
балаға тән
қасиеттердің әлі де болса сақталуы;
Білім көлемі, тереңдігі жеткіншекті бағалаудың негізгі критерийіне айналады.
Сондықтан да білімді толықтыруға жалпы мәдениетті көтеруге бағытталған әрекеттер
жасалынады.
Жеткіншектік реакциялар
Қызығушылық – жеткіншектің бір ерекшелігі, ол жаңа қызық мәнді нәрсені
қабылдауға ашық даяр болады.
Әуестену (увлечения)- дәл осы кезеңде белгілі бір іс-әрекетке күшті қажеттіліктің
болуы. Д.Б.Эльконин бойынша жеткіншектік кезең оқу іс-әрекетіне өте сензитивті
(сезімтал) кезең. Ереже бойынша әуестену оқу сипатына ие болмайды. Мектептегі оқумен
тек интеллектуалды-эстетикалық әуестену байланысты болуы мүмкін. Олар, сүйікті -
тарих, радиотехника, музыка, сурет сабақтары деген терең қызығушылықпен байланысты
болуы мүмкін. Дене -мануалды қызығушылық өзінің күшін нақтылау,
шыдамдылық,
қандай-да бір мануалды дағдыны игерумен байланысты. Әуестенудің ең қарапайым түрі-
ақпаратты коммуникативті әуестену. Жинақтаушы әуестену- коллекция жинаудан
көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: