Информационное письмо



Pdf көрінісі
бет32/73
Дата08.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#80473
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   73
Байланысты:
2023 Мектеп психологиясы силлабусс (копия).docx1

№ 20 дәрістің тақырыбы: «Тәуекел топ» мәселесі 
1.Әлеуметтік педагогтың көңіл аударатын басты обьектісі – бала өмірінің әлеуметтік 
проблемалары. Әлеуметтік педагогтың «Тәуекел тобы» оқушылармен жүргізетін 
жұмысының мақсаты: проблемалық қауіпті өмір жағдайындағы баланың әлеуметтік 
тұрақтануы үшін кедергі-қиындықтарды жеңу және оған жағдай жасау немесе 
проблеманы шешу, сонымен қатар әлеуметтік ортаның педагогикалық мақсатты, қолайлы 
жағдайын жасау. 
Тәуекел топтары- қылмыстық немесе делинквентті іс-әрекетті жасауға басқалардан 
қарағанда бейім халық категориялары.
«Тәуекел топ» балалары-бұл педагогтар, тәрбиешілер және т.б. қызметкерлердің ерекше 
назарын қажет ететін балалар категориясы. Бұл топқа жататын барлық балалардың әртүрлі 
критерийлеріне байланысты 4 топқа бөліп көрсетуге болады: 
Медициналық 
Әлеуметтік 
Педагогикалық 
Іс-әрекеттік 
Медициналық топқа: 
-ішкі мүшелерінде хроникалық аурулары бар; 
-есту, көру, сөйлеу сезім мүшелері зақымданған; 
-жиі және ұзақ ауыратындар; 
-ауыр медициналық операциялардыөткерген; 
-күйзелісті өткерген және т.б. 
Әлеуметтік топқа: 
-ассоциалды отбасында өмір сүреді (агрессивті немесе қараусыз) балаға қарым -қатынас; 
-аз қамтылған отбасында өмір сүреді; 
-оралмандар (тілдік не бейімдік ахуалдар); 
-мектеп , сынып, қоныс ауыстырғанда бейімделу қиындық тудырады; 
-үйден өз еркімен кету және т.б. 
Педагогикалық топқа: 
-үлгерімі төмен; 
-себепсіз сабақтан қалу; 
-қосымша сабақтарға себепсіз қатыспайды; 
-тәртіпті бұзу; 
-құрдастары мен отбасымен қарым-қатынасы нашар және т.б. 
Іс-әрекеттік топқа: 
-нашаны қолдану; 
-табак шегу; 
-токсикоман; 
-гиперативті және т.б. 
«Тәуекел топ» балалар түрлері: 
-ерте алкогольды құмарту; 
-агрессивті мінез-құлық; 
-темекі мен наша шегу; 
-суицидті мінез-құлық; 
-құқық бұзушылық мінез-құлық; 
Тәуекел топ оқушыларына әсер ететін факторлар: 
-үйлесімсіз отбасы; 
-созылмалы аурулар немесе ауыр жарақат; 
-жеткіншектердің құрдастарымен жағымсыз қарым-қатынасы; 


Білім мекемелеріндегі Мемлекеттік Әлеуметтік саясатты жүргізуші ретінде әлеуметтік 
педагог «Тәуекелдер тобы» балаларымен істелетін әлеуметтік педагогикалық 
жұмыстардың негізгі бағыттарын белгілейді. Олар: 
-ата-ана қамқорлығынан тыс қалған балалар; 
-мүгедек балалар; 
-физиологиялық немесе психологиялық ауытқушылығы бар балалар; 
-босқындар мен жер ауғандар отбасының балалары; 
-төтенше жағдайға ұшырағандар; 
-арнайы оқу-тәрбие мекемелеріндегі балалар; 
-мінез-құлқының ақауы бар балалар; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет