Баланы қандай бағдарлама бойынша оқытқан жөн. Демек, «Баланы мектепке даярлау қалай
болуы керек?» деген сұрақтың ата – ана үшін маңызы артып, тиісті жауап іздейді. Бұл сұраққа
көптеген ата – аналарда екі пікір қалыптасқан: бір ата – аналар алғаш мектеп табалдырығын
аттаған күннен бастап данышпан етуді мақсат тұтса, кейбіреулері, керсінше, бала білмей
барса, барлығын мектепте үйренуі тиіс деген пікірде. Осы пікірлердің алтын ортасын қалай
таңдаймыз? Баланы мектепке физикалық жағынан да, психологиялық жағынан да қалай
дайындаймыз? Бірінші сыныпқа баратын бала жазу – сызуды біліп баруы міндетті емес, оған
барлығын мектепте үйретуге міндетті. Алайда, қазіргі заман оқу бағдарламасының
тапсырмаларын ауыртпалықсыз орындау үшін, іс жүзінде мектеп табалдырығын аттамас
бұрын жазу мен оқуды біліп барғаны дұрыс. Балаңыз мектепке бармас бұрын оқу жазуды білсе
жақсы. Балаға жазу сызу барысында қарандашты немесе қаламсапты дұрыс ұстап үйретуді
ұмытпаңыз. Баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы шарт, сөйлеген сөзінің мағанасы
өзіне түсінікті болу керек, өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Жазып санауымен ғана шектеліп
қана қоймай, салыстыра білуді және талдауды, ойлай білуді меңгере алу тиіс. Сонымен қатар,
өздігінен қорытынды жасай білсе, көп нәрсені жақсы түсінеді. Көрнекі әрекеттік ойлау
қабілеттілігі жоғары бала көрнекі үлгімен жұмыс істегенде, заттардың кейпімен мөлшерін
ұйқастырғанда қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін
ұйымдастырып шығарады. Кез келген ата-ана баланың өсіп жетілуіне, рухани күшті етіп
тәрбиелеу жолында алуан түрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізе отырып,
оның рухани және ақыл ойы мен дене құрылысы жағынан жан – жақты дамуына баулуы керек.
Баланың мектепке дайын болу жағдайы бірнеше түрге бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: