Информация о договоре обязательного страхования гражданско



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата19.12.2022
өлшемі0,56 Mb.
#58305
түріИнформация
1   2   3   4   5   6   7
Сақтандырушы қҧқылы
1) Шарт жасасу барысында, Қазақстан Республикасының Азаматтық 
кодексімен қарастырылған мәліметтерден басқа, Заңға сәйкес Шартқа 
тиісті енгізілетін мәліметтерді ұсынуды сақтанушыдан талап етуге; 
2) тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өз құзыреті шегінде 
сақтандыру жағдайының (көлік оқиғасының) басталуы фактісін және 
зардап шеккендерге келтірілген зиянның мөлшерін растайтын құжаттарды 
сұратуға; 
3) көлік оқиғасы себебін және басқа жағдаяттарын анықтауға; 
4) Заңның 28 бабына сәйкес, сақтандыру жағдайы басталғанына жауапты 
тұлғаға кері талап құқын пайдалануға; 
5) Заңның 26-1 бабымен қамтылған тәртіпте, сақтандыру төлемін жүзеге 
асырудан, сонымен қатар, келтірілген зиянды өтеуден, Заңның 29 
бабымен қарастырылған негіздер бойынша, толық немесе ішінара бас 
тартуға. 
9. 
Сақтандырушы міндетті: 
1) сақтанушы (сақтандырылғанды) Көлік құралы иелерінің азаматтық-
құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру ережелерімен, соның 
ішінде, Көлік құралы иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін 
міндетті сақтандыру Шартына қатысты туындайтын тараптардың 
құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді; 
2) Заңның 20 бабында көрсетілген тұлғаларға, сақтандыру сыйлықақысын 
төлеу жеңілдіктерін ұсынуға; 
3) жәбірленушінің немесе жәбірленушінің өлімі жағдайында, Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өндіріп алу құқы бар 
тұлғаның жазбаша өтінішін алған датасынан бір жұмыс күні ішінде, Көлік 
құралы 
иелерінің 
азаматтық-құқықтық 
жауапкершілігін 
міндетті 
сақтандыру Шарты жасалғаны туралы жазбаша мәліметтер беруге (көлік 
оқиғасына кінәлі сақтанушының аты-жөні, көлік құралын тіркеу туралы 
мемлекеттік нөмірі, жасалған датасы және нөмірі), сақтандыру жағдайын 
растайтын құжаттары бар болған жағдайда; 
4) Заңмен белгіленген мерзімде және тәртіпте, мүлікке келтірілген зиян 
мөлшерін белгілеу туралы сақтанушы (сақтандырылғанның) немесе 
жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілінің өтініші 
бойынша, мүлікке келтірілген зиян мөлшеріне есептеу жүргізу және 
келтірілген зиян мөлшері туралы қорытындысын пайда алушыға танысу 
үшін ұсынуға;
5) сақтандыру жағдайы басталған дәйегін және Сақтандырушымен 
өтелетін зиян мөлшерін растайтын құжаттар жетіспеген жағдайда, оларды 
алған күннен үш жұмыс күні аралығында, жетіспейтін құжаттар 
және/немесе қате ресімделген құжаттарының толық тізбесін көрсетіп, ол 
туралы өтініш берушіге хабарлауға; 
5-
1) сақтанушының (жәбірленушінің, пайда алушының) талаптарын қарау 
туралы сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушыдан) өтініш түскен 
жағдайда, өтінішті қарауға және алдағы уақытта дауды реттеу тәртібі 
көрсетілген жазбаша жауабын бес жұмыс күні ішінде ұсынуға; 
5-
2) 
сақтанушы 
(жәбірленуші, 
пайда 
алушыдан) 
сақтандыру 
омбудсманына жолданған өтініш түскен жағдайда, аталған өтінішті, 
сонымен қатар, тіркелген құжаттарды сақтандыру омбудсманына алған 
күннен үш жұмыс күні ішінде кері жолдауға; 
6) сақтандыру жағдайы басталғанда, сақтандыру төлемін Заңмен 
белгіленген мөлшерде, тәртіпте және мерзімде жүзеге асыруға; 
7) Заңның 26-1-бабында белгiленген тәртiппен келтiрiлген зиянды өтеу 
туралы талаппен жазбаша өтiнiш жасаған кезде келтiрiлген зиянды Заңда 
белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде өтеуге;
8) сақтанушы (сақтандырығанның) залалдың алдын алу немесе азайту 
мақсатында шеккен шығындарын өтеуге
9) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге; 
10) Заңның 9-бабының 5-тармағында көзделген мәліметтерді алған кезде 
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен 
сақтандыру жағдайын шешу жөнінде шаралар қабылдауға; 
10. Шартты қолдану Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі, 
егер, Қазақстан Республикасымен жасалған халықаралық шартымен 
басқасы қарастырылмаған болса. 
11. Сақтанушы (пайда алушы) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін 
міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді шешу үшін 
Заңда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып Қоғамға не сақтандыру 
омбудсманына немесе сотқа жүгінуге құқылы.. 
12. Осы Сақтандыру полисі «First Heartland Jusan Bank» акционерлік 
қоғамының «Jusan Garant» сақтандыру компаниясы» еншілес ұйымы» АҚ-




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет