Қазіргі кезде Жапония ақпараттандырудың екінші стадиясында. Жапондық жобаның мақсаты – бұрын жеке – жеке көрсетіліп жүрген қызметтерді байланыстыру. Бұл үшін телефон және телебағдарламалардан бастап компьютерлік өнімдерге дейін қамтитын ақпараттың барлық түрлері ортақ бір кабельмен берілуі керек. Болашақта кабель желісінің әрбір абонементі бірнеше қызмет көрсетуді бір уақытта пайдалана алады. Жобада сондай – ақ ақпараттың енгізілуі дауыспен жүзеге асырылатын тәжірибесіз тұтынушылар үшін терминалдар құруға көңіл бөлінеді. Жалпы ақпараттандыру жобасын толықтай жүзеге асыруға 20 жыл кетеді және 100 млрд. долларға жуық капитал салымын қажет етеді. Сонымен қатар компьютердің 5 – ші ұрпағын жасау сәтсіз болып жатсад, 10 жылға жалпы сомасы 480 млн. доллар құрайтын компьютердің жаңа түрін дайындау бағдарламасы қабылданған:
он жүз процессордың күрделі операцияларын бі уақытта жүзеге асыратын, ақпаратты өңдеу паралелизімінің деңгейі жоғары компьютерлер;
жұмысы мен қызметі сияқты нейронды жүйелі компьютерлер;
Ақпараттандыру бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін бүкіләлемдік қоғамдастықтық үшін ортақ принциптерге жүгіну қажет:
бірінші кезекте елдің экономикалық өсуін қамтамасыз етуден бас тарту;
мемлекеттік және де жеке ақшалай қаражаттарды ақпараттандыруға салу;
ақпараттандырудың негізгі мақсаты етіп, ақпаратты өңдеу және коммуникация жағдайын жеңілдету арқылы мемлекеттің және оның азаматтарының әл – қуатын өсіруді жариялау.
Ақпараттандыру процесінің нәтижесі болып, материалды объектілер емес, символдармен, идеялар, образдар, интелектпен, біліммен басқаратын ақпараттық қоғамды құру болып табылады.