Ғылыми зерттеулердегі анықталмағандығы
Электронды оқыту зерттеу аумағы көпқырлы және күрделі болып табылады: қолданатын технологиялардан әлеуметтік мәдени салдарға дейін. Электронды оқыту байланысты зерттеулердің негізгі 4 тобын ажыратуға болады: басқару және жетекшілік ету (мысалы И.О. Морозов, А.Е. Печенкин еңбектерінде), қолданатын технологиялар (мысалы С.В. Максимов, Ю.В. Мишина еңбектерінде), педагогика (мысалы А.А. Андреев, В.А. Дрейвс, Л.И. Студеникина еңбектерінде) және әлеуметтік контекст (мысалы В.В. Калмыкова, Н. Носов, Е.Д. Патаракин еңбектерінде). Барлық осы аумақтар өзара байланысты болып келеді.
М. Трукано студентке жаңа технологиялардың әсерлері туралы жүздеген зерттеулерді қарастыру нәтижесінде мынандай қорытынды жасайды: зерттеулерде ерекше қарама қайшылықтардың бар екенін анықтайды, зерттеушілердің бір тобы асинхронды онлайн оқытуды дәстүрлімен салыстырғанда неғұрлым тиімді екенін қорытындылайды, ал басқалары жаңа технологияларды қолданып оқыған студенттердің жетістіктерімен оны қолданбаған студенттер арасында айырмашылық үлкен емес деген болжам айтады. Сонымен іс жүзіндегі ғылыми зерттеулерде анықталмағандық орын алады.
Жаңа білім беру технологиясының тиімділігінің негіздеудің жоқтығы
Электрондық технологияларды оқытуды жүзеге асыруда, әсіресе оны енгізудегі шығындарының экономикалық тиімділігі үлкен мәселе болып табылады. А.М. Зеневич электронды оқыту оқытудың автоматтық құнын төмендетпейтінін атап көрсетеді. Дәстүрлі оқытуға қарағанда электронды оқыту қымбат тұрады, өйткені электронды оқыту алғашқы кезде айтарлықтай қаржыны қажет етеді. Сондықтан білім беру ортасында сандық технологияларды жүзеге асыруда шығындарын оңтайландырумен байланысты зерттеулердің жүргізудің қажеттілігі туындайды.
Әрбір жаңа технология пайда болғанда, оның оқу үрдісіндегі дәстүрлі әдіспен бұрыңғы технологияға қарағанда неғұрлым тиімді екенін көрсетілуі тиіс. С. Арафех электронды оқытудың шығындарын зерттеуіне байланысты маңызды сұрақ қойды: «жаңа технологияларды қолданбай аз шығындармен білім берудің мақсаттарымен міндеттеріне қол жеткізуге бола ма? Технологиялар олардың инновациялық болуымен кез келген жағдайда, кез келген бағада іске асырылуы тиіс емес. Олар нақты артықшылықтарымен көрінуі керек». Білім берудегі сандық технологияларды рентабельды үлгілерін демонстрациялау зертеушілерімен басқарушы мамандар үшін өзекті міндеттері болып табылады.
Электрондық бизнес – бір-бірімен компьютерлер арқылы байланысқан желілермен жүргізілетін бизнестік қызметтің кез келген түрі. ЮНИДО-ның анықтамасы бойынша бизнес маркетингіні, өндірісті, сатуды, төлемді қамтиды. Егер осы қызметтердің кез келген екі сатысы электрондық жүйені пайдалана отырып жүзеге асырылатын болса, онда бұл бизнес электрондық бизнес деп есептеледі. Түрлері: интернеттегі бизнес (Интернет-провайдинг, контент-провайдинг, сервис-провайдинг); Интернет төңірегіндегі бизнес (техника құралдарды жеткізу, бағдарламалық құралдарды жеткізу, Web-дизайн, бағдарламалау, ілеспе қызметтер көрсету, фирмаларды қайта сату); Интернет арқылы жүргізілетін бизнес (Интернет-жарнама, Интернет-дүкендер, Интернет-аукциондар, Интернет-есептесу, Интернет-маркетинг, Интернет-коммерция, ақпаратқа жазылыс арқылы қол жеткізу, төлем төлеуді ұйымдастыру, Интернетте БАҚ құру).
«Электрондық үкімет» (e-Government) термині барлық мемлекеттік органдардың басын біріктіріп, оларға интернеттің, электронды терминалдардың немесе тіпті ұялы телефондардың көмегімен тұрғындарға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін біртұтас жүйені білдіреді. Жеке тұлғаларға ғана емес, компания мен кәсіпкерлерге де.
Мұнда мемлекет, бизнес және азаматтар арасындағы өзара қарым-қа тынасты электронды үкімет ішіндегі G2C (мемлекет-азаматтар) G2B (мемлекет-бизнес) және G2G (мемлекет-мемлекет) деп аталатын негізгі модельдер атқарады.
Елімізде электронды үкімет құру идеясын Мемлекет басшысы өзінің республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енгізу туралы Өзбекістан халқына жыл сайынғы жолдауында білдірген болатын. 2017 жылғы 10 қарашада электронды үкіметті ендіру туралы «Өзбекістан Республикасында электрондық үкіметті қалыптастырудың 2017.-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Президент Жарлығымен бекітілді.
Бағдарламаны іске асыру келесі міндеттерді кезең-кезеңмен шешу жоспарланған болатын:
Электрондық үкіметті қалыптастырудың бірінші кезеңінде – ақпараттарды жариялау және тарату.
Екінші кезеңі - мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара қарым-қатынасына тікелей және қайтармалы жолды интерактивті қызмет ұсынады.
Үшінші кезеңде - қаржылық және заң операцияларын үкіметтік порталдар арқылы жүзеге асыру жолымен транзакциялық қызмет көрсету.
Төртінші кезеңде - ақпараттық қоғамды толық қалыптастыру.
Бағдарлама 2019 жылы іске қосылып 3 жыл ішінде е-үкіметтің инфрақұрылымы қалыптастырылып, базалық құрамдас бөліктері құрылды: веб-портал және шлюз, ведомствоаралық электрондық құжат айналымы, куәландырушы орталықтары, бірыңғай көлік ортасы. Сонымен қатар, 2020 жылы бүкіл ел бойынша бірыңғай тізілімге біріктірілген жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры тұрақты пайдалануға енгізілді. Веб-портал арқылы мемлекеттік органдардың 20 интерактивтік қызметтері іске асырылды.
Үшінші кезеңнің алғышарты транзакциялық кезеңде «Электрондық мемлекеттік сатып алулар» АЖ құру болды. Бұдан былай кәсіпкер кеңсесінен шықпай тендерлерге қатыса алады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық мемлекеттік сатып алулар http://www.goszakup.gov.uz/. мемлекеттік сатып алулар веб-порталында электрондық қалыпта баға ұсынымдары арқылы жүзеге асатын болады.
2020 жылы кәсіпорын субъектілеріне арналған «Е-лицензиялау» жобасын ендіру басталды. Бұл кәсіпорындардың лицензия алу барысындағы үдерістерді жеңілдету және лицензияланатын қызмет түрлерін жүзеге асыру. Е-лицензиялау – лицензия алуға өтінім берген адамның, оның өтінімін қарау жолындағы үдерістің барлығын бақылауға мүмкіндік береді. Мұның барысында өтінімді қарастырып жатқан адаммен өтінімді жіберген адам арасындағы қарым-қатынасқа жол берілмейді. Ол сыбайлас жемқорлық саласындағы үлкен тиімділікке ие.
Мемлекеттік бағдарламаның өңірлік бағыттары қоса дамуда. Өңірлерде электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі ендірілді, 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап барлық әкімшіліктер электрондық құжат айналымының жеделдігін пайдалануда. 5 таңдалған қызметке «Электрондық әкімдік» жүйесінің түп тұлғасы әзірленіп, Тошкент облысының әкімдігіне тәжірибелі пайдалануға ендіру жүргізілді.
2020 жылдың желтоқсан айында «Бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйе «е-нотариат» жобасының Ташкент қаласы бойынша пилоттық өндірістік пайдаланылуға қосылады, оның мақсаты нотариалды іс-әрекеттер туралы есептің уақтылы және нақтылы болуын және нотариустардың тиімді жұмыстарын олардың ҚР Әділет министрлігімен, республикалық және өңірлік нотариалды палаталармен өзара іс қимылдарын қамтамасыз ету. Өз кезегінде халыққа сапалы, құқықты нотариалды қызметтер ұсынылады. Бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйені республиканың барлық өңірлеріне ендіру 2020-2025 жылдарға жоспарлануда.
№14 Лекция
Достарыңызбен бөлісу: |