Информатика әдістемелік нұСҚАУ



бет54/160
Дата21.10.2023
өлшемі1,05 Mb.
#120143
түріПрограмма
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   160
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Қызығушылықты ояту: «Арқаға сурет салу» ойыны.
Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш, автомашина т.б). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған затты салады. Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады. /Бұл ойын оқушыларға псиологиялық жағымды көтеріңкі көңіл күй орнатады/.


Топтастыру: «Төрттік» әдіс.
Сыныптағы оқушыларға «әке», «ана», «бала», «ата» деген жазулары бар парақшалар таратылады, сол аттары бойынша 4 топқа бірігеді. Сонымен қатар әке, ана, бала, ата туралы әннің бір шумағын ғана орындату арқылы сергіту жаттығуын жасайды.
Мақсаты: Оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, бір-біріне жақындастыру.
Тиімділігі: Оқушының бір-біріне деген бауырмалдығы оянады, ынтымақтасады.


(Ұ). Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интербелсенді тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді

  1. 3D панорама деген не?

  2. «Виртуалды тур» деген терминге анықтама бер.

  3. 3D панораманы жасау кезеңдерін ата.

  4. Виртуалды тур мен 3D панорама өзара қалай байланысқан?

  5. Сфералық 3D панораманың артықшылықтарын ата.

  6. Виртуалды турлардың артықшылықтары неде?

http:foto360.kz/vtour/ astana/




– Бүгінгі сабақтың тақырыбы не?
- Панорама 360 деген не?




Сабақтың ортасы 26 мин.

Педагог бүгінгі сабақтың мақсаттарымен таныстырады:

  • виртуалды тур;

  • 3D панорама дегенді;

  • виртуалды тур және 3D панорама жасау үшін қандай программа таңдауды;

  • виртуалды тур және 3D панораманы қалай жасау керек екенін білетін боласыңдар.

Оқулықпен жұмыс
– Технологиялардың дамуына байланысты үйден шықпай, компьютерді қосып немесе смартфонды ұстап отырып, дүниежүзінің кез келген жеріне бару, музей мен көрме залдарын аралау мүмкіндігі пайда болды.
Виртуалды турлар – ақпаратты ұсынудың ең тиімді және
сенімді тәсілдерінің бірі. Олар қызықты виртуалды экскурсияларды жасауға мүмкіндік береді. Адам соның ішінде жүргендей сезімге бөленеді.
Педагог мәтінді бөліктерге бөліп оқытып, әр бөлікке түсіндіру жұмысын жүргізеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет