Информатика әдістемелік нұСҚАУ



бет78/160
Дата21.10.2023
өлшемі1,05 Mb.
#120143
түріПрограмма
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   160
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Қызығушылықты ояту: «Ассоциативті қатар» ойыны.
Мұғалім тақтаға бір сөз немесе сабақтың тақырыбын жазады. Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: дыбыс, «Дыбыс жазу», программа, өңдеу, т.б....
Мұғалім парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды қорытындылайды. Қорытындылау негізінде ойларын жіктейтін логикалық-құрылымды сызба немесе ойларына сәйкес
тақырыптың қорытынды бейнесі анықталады (оқушының өз тәжірибесі). Мұндай жұмыстар







оқушылар мен мұғалімге ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субъекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік береді.


(Ұ). Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
Мұғалім өткен сабақпен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында оқушыларға сұрақтар қояды. Оқушылар ұжымдық үлгіде жауап береді. Егер сұраққа жауап дұрыс айтылмаса мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап дұрыс жауабын табуға көмектеседі.


Топтастыру.
«Екеуі дұрыс, біреуі қате» әдісі

Оқушылар өтілген тақырып бойынша «Екеуі дұрыс, біреуі қате» әдісімен жауабы бар тест құрастырады, жұмыстарын жұптарымен ауыстырады.


Өзара бағалау: «Дұрыс. Қате».






Сабақтың ортасы 26 мин.

Педагог бүгінгі сабақтың мақсаттарымен таныстырады:

  • мобильді құрылғылардың қандай сипатқа ие екенін;

  • планшет, телефон сияқты мобильді құрылғылардың негізгі құраушы бөліктерінің сипаттамаларын қалай салыстыруға болатынын;

  • аппараттық және программалық қамтамасыз етудің қандай даму заңдылықтарының бар екенін білетін боласыңдар.



«Әткеншек» әдісін қолданып, материалды оқу:

– Жалпы мобильді құрылғылардың сипаттамаларын дизайн, техникалық және программалық қамтамасыз ету деп бөлуге болады. Дүкенге кірсең, сөрелердегі түрлі смартфондарға көзің түседі. Сендер алдымен оның дизайнына назар аударасың, содан кейін ғана құрылғының техникалық сипаттамасын оқып шығасыңдар.


Оқушылардың әр тобына таратпа материалдар беріледі. Белгілі бір уақыт ішінде топ материалды оқиды, үш тиімді сұрақ құрайды. Уақыт өткеннен кейін, көрші топтарға сағат тілімен сұрақтарды береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет