Информатика әдістемелік нұСҚАУ


Ашық үкімет порталымен жұмыс



бет155/160
Дата21.10.2023
өлшемі1,05 Mb.
#120143
түріПрограмма
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   160
Ашық үкімет порталымен жұмыс
7-тапсырма. Деректерді ашу
Ашық деректер бетіне кір. Деректердің қандай санаттар бойынша бөлінгеніне қара. Өз мектебің бойынша деректерді тап, ол үшін:

  1. «Расширенный поиск»-ті таңда.

  2. «Фильтр» параметріндегі «Владелец» тізімінен қажетті жергілікті атқарушы органды таңда, мысалы, Алматы қаласының әкімдігі, санат тізімінен Білім беруді таңда.

  3. Қажетті құжатты ашып, өз мектебіңді тап. Бұл құжатта қандай ақпарат берілгеніне қара.



8-тапсырма. НҚА-ны ашу
ЕGov порталын ашып, Ашық НҚА бетіне кір.
а) Өз аймағыңда қандай нормативті-құқықтық актілер жарияланып, талқылауда жүргенін анықта.
ә) «Расширенный поиск»-тен сәйкес Мемлекеттік органды таңда және өзіңе қажетті кезеңді көрсет. б) Осы сәтте қандай заңдар жария талқылауда жүргені туралы ақпаратты тап.
«Показать» тізімінен барлық НҚА-ны таңдап, сәйкес НҚА түрін таңда.




Сабақтың соңы 7 мин.

Рефлексия (1-сабақ). «Сөйлемді аяқта...» әдісі
Оқушылар тақтада берілген рефлексиялық экрандағы сөздерден басталатын бір сөйлеммен пікірін білдіреді:
Менің бүгін білгенім Қиын болғаны … Түсінгенім ...
Қолымнан келгені …







Рефлексия (2-сабақ). «Жеделхат» әдісі
Субъективті тәжірибені белсендіру тәсілі. Қысқаша жазу.
Сабақта не түсінгеніңді, парталас көршіңе тілегіңді барынша қысқа жазып беру (алмастыру). Сабақта үйренгеніңе орай өзіңе тілегіңді жаз.
Үй тапсырмасы (таңдау бойынша)

  1. «Электрондық үкімет. Болашағы. Тәуекелдер» тақырыбында хабарлама жаз.

  2. Электрондық үкімет порталына тағы не енгізер едің? Ойланып, жаз.




Саралау: Сіз қалай қолдау жасағыңыз келеді? Өзгелермен салыстырғанда едәуір қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Оқушылардың материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулықты қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау оқушылардың жеке қабілетін ескере отырып, оқу материалдары мен ресурстарын әзірлеуді, тапсырмаларды іріктеуді, күтілетін нәтижені, оқушыларға жеке қолдау көрсетуді (Гарднер көпшілік интеллектісінің теориясы бойынша) қамтуы мүмкін.
Уақытты тиімді қолданып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақта нені үйренгені, сабақта пайдаланылған әдістер мен тәсілдер жазылады.

Денсаулықты қорғау технологиялары.
Сабақта сергітетін жаттығуларды және белсенді жұмыс түрлерін қолдану.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережесінің тармақтары.

14-15-САБАҚТАР







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет