Математика сабағында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер



Дата15.12.2023
өлшемі22,18 Kb.
#138502
Байланысты:
МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР


МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Әлемдік бәсекелестік заманында әрбір адамның білім сапасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік мҥмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселесі кҥн тәртібіне өткір қойылып, адамның білімі мен біліктілігі қазіргі кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму үрдісін басқару қажеттігі айқындалып отыр. Білім алушының түрлі ақпараттың толассыз ағынында бағытталуы қиынға түсіп отыр, ол үшін оның талдау, құрылымдау, жүйелеу, мәселені шешу дағдылары жетік дамытылуы тиіс. Ал бұл, педагог жұмысындағы тікелей жасалатын әдістерден бас тартылып, артық дидактизмнен, ғибаратты сарыннан тежелуді; оның есесіне бірінші орынға қарым-қатынас жасаудың сұхбаттық әдістерін, шындықты бірлесіп іздеуді, сан алуан шығармашылық әрекетті тәрбиелеуші шарттарды жасау арқылы дамытуды білдіреді. Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологияларды тиімді пайдалану кез келген мұғалімнің қажеттілігіне бағытталғанын естен шығармауы тиіс. Математика сабағында оқушылардың өз бетімен білім алу дағдылырын дұрыс қалыптастыру - мұғалім үшін биік шыңға шыққанмен бірдей болмақ және оның алған қамалы деп те айтуға болады.Сондықтан да, тапсырмаларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажеттігі туындайды.Сол себепті де математика сабағында қолданып, тиімді нәтиже сәтті шыққан белсенді әдіс – тәсілдеріммен бөлісуді жөн санадым. Тыңдаушының ролінде отырған топ мүшелері ішкі топтың әрбір жауабынан өзін үйрете отыра шыңдалып, ішкі топқа кіруге талпынады.



  1. «Алтын балыққа арналған аквариум» және «Дананың кілттері»

Топтық тапсырма Дананың «Егер де..» кілті және «Керісінше» кілті «Егер де негіздері бірдей дәрежелерді көбейту керек болса....» «Егер де негіздері бірдей дәрежелерді бөлу керек болса....» Сол сияқты «Керісінше» сұрақтар беріледі. «Дәреже көрсеткіші қосылып тұрса ....» «Егер де..» «Керісінше» кілті

  1. «Кір жаю» тәсілі Жұптық тапсырма Формулаларды жатқа білгенше, қағаз қиындыларынан киімдер үлгісіне жаттаған формулаларды қатесіз жазу арқылы, дұрыс жаттасаң киімдер жіпке ілінеді, ал егер қате болса қайтадан киім үлгісіне қайталап жазып үйренеді. Жұптар бір-бірінің «жуған кіріне» баға қояды. Таза жуылса, жіпке ілінеді, таза болмаса , қайта жуады. (формуланы қатесіз жаттаса, киім жіпке ілінеді, ал қате болса, қайта жаттайды, қашанға толық жаттап болғанша іске асырылады Төменде аталып өтілетін түрлі әдіс тәсілдерді жүйелі түрде жоспарланған сабақтарына кіргізіп, қолдануы жеке тұлғаның дамуына, жаңа ақпараттарды меңгеруіне септігі тиеді деген сеніммен ұсынамын.

Әдіс түрлері:
– Ойын түрлері; – Жеке және жұптық, топтық жұмыстар;
– Оқушылардың өз бетінше іс-әрекеттері;
– Нақты жағдайлар, олардың нәтижесін жасау;
– Сұрақтар қоюда ынталандыру (СТО-ға үйрету);
– Оқыту мәселелері.
3 “Ыстық орындық” әдісі.
Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.
4 “Автор орындығы” оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады. Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді. 5 «Миға шабуыл» стратегиясы
Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы:
―оқушылар мектепті тастамас үшін не істеу керек?

  1. “3 таяқша” әдісі. Берілген тақырыпқа байланысты 1 сұрақ, 1 жауап, 1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады.

  2. «Бинго» ойыны. Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 – сұрақ. Сабаққа не үшін келдіңіз? Алдымен оқушыларға жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу, салыстыру. «Әдіс алмасу үшін»

  3. «Өзіңізді тексеріңіз» әдісі

Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба? Өткен тақырып бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде, оқушылар ол келтірілген мысалдардың өткен тақырыпта бар, жоғын анықтайды.

  1. «Он сұрақ!» әдісі. (Негізгі сөзді табу)

Оқушы бір сыныптасын таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады (немесе қолына ұстатып, қолын жоғары көтеріп ұстау) – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.

  1. «Серпілген сауал» әдісі

Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.
Мысалы,
―Самат, Рахаттың жауабы туралы сен не ойлайсың?
―Самал, Айгүлдің жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?
―Қанат, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?

  1. «Құпия зат»

– Мына зат бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз: Бұл не? деп сұрамаңыз

  1. «9 – ромб» әдісі. Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей.

  2. Кері байланыс түрлері.

«Алма ағашы» әдісі. Оқушыларға сабақ басында екі түсті ―алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма–мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.

  1. «Бір сөзбен» әдісі

– Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады. Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану. 15.«Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының
1–баспалдағы Мен…………БІЛЕМІН
2–баспалдағы Мен…………ТҤСІНЕМІН
3–баспалдағы Мен…………ЖАСАЙ АЛАМЫН

  1. «Таңдау» әдісі.  Мен үшін сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.  Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.  Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым. 

Мен пікір сайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым. 
Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін. Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына «+» белгісін қою тапсырылады. 17. Кері – байланыс әдістерінің бірі: «Тазалық» ойыны. Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:

  1. Чемодан(суреті)

  2. Қоқыс жәшігі (суреті)

  3. Ет тартқыш (Суреті) – Оқушылар, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, ет тартқышқа салыңыздар (жазыңыздар). Осы әдіс тәсілдерді өзімнің теориялық сабақтарымда үнемі кері байланыс ретінде пайдаланып отырамын.

Мысалы, 1 сыныпта ―Екі таңбалы сандар‖ тақырыбының жаңа сабақты тҥсіндіру кезінде «Қысқы ойындар» әдісін қолдандым. Әрбір ойыншы өз парақшаларын араластырып, ҥстел үстіне сандарын төмен қаратып орналастырады. (Нұсқалары: 2 Х 5;) Сосын ойыншылар өз парақшаларын қандай ретпен ашатынын келіседі. Ойын тәртібі: Бірінші ойыншы жоғары қатардың сол жағын дағы бірінші парақшаны ашады.Екінші ойыншы да өз жиынтығынан жоғары қатардың сол жағындағы бірінші парақшаны ашады. Ойыншылар сандарды салыстырады. Кімнің қолындағы сан артық болып шықса, екі парақша да соның қолына кӛшеді.Егер екі ойыншының қолындағы сандары тең болса, онда парақшалар әркімнің өзінде қалады.Барлық парақшалар аяқталғанша ойын жалғаса береді. Кімнің қолында көп парақша қалса, сол жеңіске жетеді.
Ал, сабақты қорытындылау мақсатында «Табыс сатысы» әдісін қолданған.
1 – баспалдағы Мен 11-ден 20-ға дейінгі сандарды білемін.
2 –баспалдағы Мен бір таңбалы екі таңбалы сандарды салыстыруды тҥсінемін.
3 – баспалдағы Мен 11-ден 20-ға дейінгі сандардан ӛрнек қҧрастыруды жасай аламын. Сабақ өте жоғары деңгейде өтілді.

  1. Оқу мазмұнын ғылым тарихы туралы материалдармен және шешуі қиын, дәстүрлі емес есептер шығарумен байыту керек. Есептеп шығару, дәлелдеу, түрлендіру мен зерттеу әдістерінің кереметі мен қызықтылығын үнемі ерекшелеп отырған жөн. Сабақты таптаурын болған құрылымнан арылтып, әр сабаққа өзіндік сипат беретін элементтер қосу арқылы жаңаша құру, оқытудың техникалық құралдарын, көрнекіліктерді, ауызша есептің алуан тҥрін қолдану арқылы түрлендіру қажет. Мысалы, 2-сынып оқушылары өз ойлауын, ойын, дәлелдеуді қажет ететін тапсырманың түрімен таныса отырып, өз ойларын дәлелдейді. 

Екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосқанда бір таңбалы сан шығуы... (мүмкін емес, әбден мүмкін) Неге? Мысал келтір.  Екі үлкен бір таңбалы сандардың қосындысы екі таңбалы сан болуы.... (мүмкін емес, әбден мүмкін) Неге? Мысал келтір. 
Қандай болмасын бір таңбалы сандардың қосындысы бес ондық болмайды. (мүмкін емес, әбден мүмкін) Неге? Мысал келтір.

  1. Оқушылардың сабақтағы танымдық іс әрекетін өзіндік және шығармашылық жұмыстардың алуан түрлерін пайдалану жолымен арттыруға болады. Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніндегі өзіндік жұмыстардың бір бөлігі математикалық диктант болып саналады. Диктант тапсырмалары жас шамасына сай күрделеніп отырады. Мысалы, үшінші сынып оқушыларына төмендегідей диктант түрлерін қолдануға болады: 

30 және 6 сандарының айырмасын 4-ке көбейт (96); 

  1. ның 8-ге көбейтіндісіне 16 – ның 5-ке көбейтіндісіне қос (240); 

Қандай санды 3 есе арттырсақ, 27 саны шығады? (9) 
9 саны 72 –ден неше есе кем? (8)
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу белсенділігін арттырудың тағы бір әдісі – логикалық есептер шығару. Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Логикалық тапсырмаларды орындау барысында барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастырып, ойлау белсенділігін және өзбеттілігін жетілдіріп отыруға болады:  Дастан Нұржаннан биік, ал Ержаннан төменгі қабатта тұрады.Сұлтан Дастаннан төмен тұрады. Олар төрт қабатты үйдің қай қабаттарында тұрады?  Әпкесі 16 алма сатып алды. Оның жартысын Гүлжан жеді, Бақытжан үш алма жеді, ал қалғанын Маржан жеді. Маржан неше алма жеді?  Қайсар ойын кубигін 4 рет лақтырды. Ол қоржынына 25 ұпай жинады. Қайсарға неше рет алтылық тҥскен? Математика сабағынан үйге берілетін өзіндік жҧмыс оқушылардың өз бетімен білімді игеруіне және ата – ана мен мҧғалімге оқушының жетістігін біліп отыруына, сондай – ақ баланың бос уақытын тиімді пайдалануына кӛмектеседі. Оқушылардың өзіндік жҧмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстармен қатар, олардың өз еркімен жаңа амал – тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жаттығулары жатады: цифрлармен жазылған сөздерді жаз және оқы. 1-қ, 2-с, 3-р, 4-д, 5-а, 6-ҧ, 7-ы, 8-з, 9-н,10-т.
169478, 10587, 2537, 159510, 107395, 7472, 1053587, 259510, 6879471, 15859.
3. Қазіргі кездегі қоғам талабына жауап беретін жеке тұлғаны қалыптастыру, өсіп келе жатқан ұрпақ бойында белсенді өмірлік ұстаным тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты дидактиканың басты мәселесі — оқыту үрдісінде мұғалім мен окушының өзара әрекеттесуі болып отыр. Мүғалім мен оқушы арасындағы бірлескен қарым – қатынастың маңызы ерекше. Қазіргі таңда оқу сабақтары барысында оқытудың интербелсенді әдістері және интербелсенді құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Сондықтан оқу-тәрбие үдерісінде үнемі жаңа оқыту құралдарының мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, оған білім алушыларымызды үйрету – әр педагогтың басты міндеті деп, «Білім алу – батылдық, оны толықтыру – даналық, ал шебер қолдана білу – өнер» деген нақыл сөзбен қорытындылаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» /Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы.

2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы /Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығы. 3. Талызина Н.Ф. Формирование познавательной деятельности младших школьников. М.: Просвещение, 1988

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет