Информатика әдістемелік нұСҚАУ



бет20/160
Дата21.10.2023
өлшемі1,05 Mb.
#120143
түріПрограмма
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   160

Таратпа материалдар - 1





Мәшинелік оқыту



Бұл процесс барысында жүйе көптеген мысалдарды өңдейді, заңдылықтарды анықтайды және жаңа деректердің сипаттамасын болжау үшін оларды қолданады.

Мұғаліммен оқыту

Мұндай оқытудың ерекшелігі – деректер белгілі дұрыс жауаптармен, яғни белгілермен берілген.

Мұғалімсіз оқыту

Білім алушыға белгісіз жауаптарды алдын ала табу міндеті қойылған жағдайда қолданылады. Модельде деректер жиынтығы бар, бірақ онымен не
істеу керектігі туралы анық нұсқаулар жоқ.

Кластерлеу

Нысандар жиынтығы, оларды топтастыру, ұқсас нысандар тобын табу керек.




  1. САБАҚ




Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:
1-бөлім. Жасанды интеллект

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Нейрондық желілер

Осы сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу программасына сілтеме)

        1. - мәшинелік оқыту қағидалары, нейрондық желілерді (нейрондар мен синапстарды) түсіндіру

        2. - өнеркәсіпте, білім беруде, ойын индустриясында, қоғамда жасанды интеллект қолдану саласын сипаттау

11.3.4.4 - жасанды интеллектіні әзірлеуде «мұғаліммен оқыту» әдісін қолдану ауқымын сипаттау

Сабақтың мақсаты

Мәшинелік оқыту қағидалары, нейрондық желілерді (нейрондар мен синапстарды) түсіндіру

Бағалау критерийлері

Нейрондық желілердің не екенін біледі.
Жасанды нейрондардың әрекет ету қағидаларын сипаттайды. Жасанды нейрондық желілерді қолдану салаларын талқылайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:
Мәшинелік оқыту қағидаларын түсіндіре алады;
Жасанды интеллекті қолданылатын салаларын сипаттай алады;
«Мұғаліммен оқыту» әдісін қолдану арқылы нысандарды сипаттай алады.
Пәнге қатысты сөздер қоры және терминология: нейрон, синапс, нейрондық желі, жасанды нейрондық желі, жасанды нейрон, кіріс қабат, шығыс қабат, жасырын қабат, активациялық функция. Сөйлеу/жазу кезінде қолданылатын пайдалы сөз тіркестері:

  • Нейрондық желілер өте танымал, өйткені … .

  • Жасанды нейронның негізгі құрамдастары – … .

  • Нейрондық желілерді қолдану модельдері – … .

  • … деп ойлаймын/болжаймын/сенемін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет