“Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.
Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым- қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.
Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық қағидаларын сақтайды.
4. Өмір бойы оқу, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Қызығушылықты ояту: «Боди-арт» әдісі. Барлық қатысушылар парта бойынша үш қатарға бөлініп, бірінің артына бірі тұрады. Соңғы ойыншы алдыңғының арқасына өзі қалаған суретті салады, ол ойыншы ненің суретін сезінгенін өзінің алдындағы оқушыға салады. Осылайша алдыңғы қатысушыға дейін сурет салу жалғасады. Соңғы және бірінші баланың суреттері салыстырылып, кімнің тұсынан ағаттық кеткені анықталады. Бұл сыныпта жағымды ахуал туғызады.