Оқушылар: Стартаптың не екенін түсіндіреді.
Пәнге қатысты сөздер қоры және терминология: стартап – startuppre-seed; seed-«егін егу»; прототип; альфа-нұсқа; жабық бета-нұсқа; ашық бета-нұсқа
Сөйлеу/жазу кезінде қолданылатын пайдалы сөз тіркестері:
стартап деген…
стартаптың даму өзектілігі …
... деп ойлаймын/болжаймын/сенімдімін
Құндылықтарға баулу
“Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.
Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.
Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды. 4. Өмір бойы оқу, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.
Ұйымдастыру кезеңі: 1.Сәлемдесу.
2.Түгелдеу.
3.Жағымды псиологиялық ахуал туғызу.
4.Топтастыру. «Үштікке саналу» әдісі арқылы оқушылар үштікке саналып үш топқа бірігеді.
«Жұбыңды тап» әдісі Оқушылар алған стикерлердің біреуінде терминдер, екіншісінде анықтамалар болады. Әр оқушы стикерін оқып, өз «жұбын» жылдам табуы керек.
Үлестірме материал 1
Сабақтың ортасы
Жаңа материалдың меңгеру «Аналитикалық жұмыс» әдісі Мұғалім сыныпты топтарға бөледі. Әрбір топ ақпарат көздерін (оқулық, Интернет) қолдана отырып, теориялық материалды зерттейді. Жұмыс нәтижесі "Т-диаграмма" түріндегі графикалық органайзер болады.
Сұрақтар:
Стартаптың негізгі кезеңдерін атаңдар?
Стартаптың алға жылжуы неге маңызды кезең деп ойлайсыңдар?
Қалай ойлайсыңдар, жас стартаперлер өз жобасын жылжыту кезеңінде қандай қиындықтарға тап болуы мүмкін?
Егер өнім қолданыстағы нарыққа шығатын болса немесе нарық әлі қалыптаспаған болса, стартаптың жылжуы арасындағы айырмашылық қандай?
Стартапты жылжытудың негізгі тәсілдерін атаңдар.
Жұптық жұмыс. №1 тапсырма:Жоба басталатын алғашқы қадамдарды таңда.
Жобаны қандай жолмен алға жылжыту керек екенін анықтау.
№2 тапсырма:Start-Up-ты жылжыту тәсілі мен оның мәнін сәйкестендір.
Тәсіл
Мәні
Email-маркетинг
Тұтынушыларды қызықтыратын тақырыпта пост
жариялау және әлеуметтік желілерде сілтемелер орналастыру.
Жарияланымдар
Оқу хаттарын, ақпараттық бюллетеньдерді тарату.
Блог және әлеуметтік желілер
Мақсатты аудитория үшін платформаларды пайдалану, бейнероликтер мен материалдарды оқыту.
Қалыптастырушы бағалау: Тапсырма соңында мұғалімнің қорытынды бағалауы «Мадақтау сөздер» әдісі арқылы оқушылардың сабаққа қатысу, тапсырманы орындау деңгейіне қарай жүргізіледі. Жарайсың!, Жақсы!, Талпын!.
Қосымша тапсырмалар Стартапты жылжытудың мүмкіндіктерін бағалаңдар және кестені толтырыңдар.
Стартапты жылжыту
тәсілі
Артықшылықтары
Кемшіліктері
Жас стартаперге арналған "Стартаптың жылжуы – табыс кепілі» деген жаднама жасаңдар.
Стартапты жылжытуға арналған тегін платформа табыңдар және олардың күшті және әлсіз тұстарын бағалаңдар (пікірлер мен іске асырылған стартаптарды талдаңдар).
Қалыптастырушы бағалау:Тапсырма соңында мұғалімнің қорытынды бағалауы «Мадақтау сөздер» әдісі арқылы оқушылардың сабаққа қатысу, тапсырманы орындау деңгейіне қарай жүргізіледі. Жарайсың!, Жақсы!, Талпын!.
Сабақтың соңы
Рефлексия Оқушылар мына сөздерді қолдана отырып, сабаққа түсініктеме жазады:
Бүгін мен мынаны білдім…
Мен мынаны үйрендім…
Мен мынаны түсіндім…
Мен мынаны жасадым…
Менің таңғалдырғаны…
ҚБ: Сабақ соңында мұғалімнің қорытынды бағалауы «Мадақтау сөздер» әдісіарқылы оқушылардың сабаққа қатысу деңгейіне қарай жүргізіледі. Жарайсың!, Жақсы!, Талпын!.
Үй тапсырмасы (таңдау бойынша)
"Менің стартабым" блогын құрыңдар. Блогтарыңа қызықты мақалалар табыңдар.
Сұрақ-жауап сайттарын тауып, әлеуетті сатып алушылардың ықтимал сұрақтарын және оларға берген өз жауаптарыңды жасаңдар және имитациялаңдар.
Саралау – сіз қалай қолдау жасағыңыз келеді? Өзгелермен салыстырғанда едәуір қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Денсаулықты қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау
Саралау оқушылардың жеке қабілетін ескере отырып, оқу
материалдары мен ресурстарын әзірлеуді, тапсырмаларды іріктеуді, күтілетін нәтижені, оқушыларға жеке қолдау көрсетуді (Гарднер көпшілік интеллектісінің теориясы бойынша) қамтуы мүмкін. Уақытты тиімді қолдана отырып, саралауды сабақтың
кез келген кезеңінде қолдануға болады.
Бұл бөлімде оқушылардың сабақта нені үйренгені, сабақта пайдаланылған әдістер мен тәсілдер жазылады.
Денсаулықты қорғау технологиялары. Сабақта сергітетін жаттығуларды және белсенді жұмыс түрлерін қолдану. Осы сабақта қолданылатын «Қауіпсіздік техникасы» ережесінің тармақтары.