Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Қызығушылықты ояту: «Алма, шие, өрік, банан» ойыны. Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады. Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен санап шығады: «Алма, шие, өрік, банан» деп. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын атайды (мысалы, «Шие!» деп, не «Алма, өрік!» деп, немесе « Алма, шие, өрік, банан!» деп), сол кезде жемісі аталған оқушылар орындарын алмастыру қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды.
Топтастыру: Оқушылар сабақтың бастапқы кезінде мұғалімнің «Алма, шие, өрік, банан» ойынына арнап жеміс-жидектер атауын бөліп бергені бойынша төрт топқа бірігеді.
1-топ: Алма 2-топ: Шие 3-топ: Өрік 4-топ: Банан
Үлестірме материалдар1
«Бинго» әдісі. Оқушылардың карточкаларында сабақ тақырыбына қатысты әртүрлі түйін сөздер берілген. Мұғалім анықтамаларды оқып жүргенде оқушылар тиісті түйінді сөздерді сызып тастауы керек. Барлық сөздерді сызып тастайтын бірінші оқушы жеңеді.
Шағын зерттеу Оқулық пен интернет ресурстарды қолдана отырып, барлық сұрақтар бойынша зерттеу жүргізіледі. Мына сұрақтарға жауап береді:
Crowdfunding платформа деген не?
Краудфандингтің кәдімгі қаражат жинаудан өзгешелігі неде?
Краудфандингтің жұмыс істеу қағидаларын санамалап беріңдер.
Краудфандингтің басқа тәсілдерден артықшылығы неде?
Краудфандинг-платформаның қалай жұмыс істейтінін түсіндіріңдер.