(Ұ). Ой қозғау. «Бір қадам алға...» әдісі. Мұғалім есіктен кіргеннен өткен материалдарға байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім столына жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып алады.
Жеке жұмыс ДК-мен жұмыс Оқушылар freeDEXpano GUL программасының интерфейсін өз бетімен қарап, алған әсерлерімен бөліседі.
Мұғалім алдын ала программаны оқушылар ДК-де қосады.
Педагог бүгінгі сабақтың мақсаттарымен таныстырады:
программалық қамтамасыз етілімді қолданып, 3D панорама мен виртуалды турды құруды үйренесіңдер.
Оқулықпен жұмыс
Балалар, pano.3dex.ru. ресми сайтынан программа жүктеліп алынады.
Панораманы сақтағаннан кейін қарапайым жеке панорама үшін freeDEXpano GUI программасын қолдануға болады. Программаны қолмен немесе арнайы графикалық интерфейсі бар freeDEXpano GUI 2 программасының көмегімен баптауға болады. Турларды құруда қолмен баптаған дұрыс.
Программа freedexpano_gui_2_2_2 файлының көмегімен қосылады. Алтыншы кубтық панорамада өзгертілетін сфералық панораманың суретін импорттау керек. Программаның негізгі беттерін қарастырамыз.
Педагог мәтінді бөліктерге бөліп оқытып, әр бөлікке түсіндіру жұмысын жүргізеді:
Жұптық жұмыс: №1 тапсырма: Мәтіндегі бос орындарды толтыр. ҒreeDEXpano программасында панорама құру үшінпанораманы панорамаға көшіру керек. Бейне баптауында бастапқыбағыты мен бұрышын баптау керек. Тінтуір терезесіненмеңзерін баптауға болады. Баптау файлыкеңейткішке ие.
Түйін сөздер:
Сфералық
Кубтық
Көру
.swf
Қарау
Тінтуір
№2 тапсырма: Сен freedexpano.swf файлының атауы tour.swf.-қа өзгерттің. Бұл жағдайда .xml кеңейтілімі бар файлды қалай атау керек.