Виртуалды мәшиненің не екенін біледі; Виртуалды мәшиненің мақсатын сипаттай алады;
Тілдік мақсаттар
Оқушылар: виртуалды мәшинелердің мақсаты туралы айтып бере алады.
Пәнге қатысты сөздер қоры және терминология: виртуалды мәшине, виртуалды операциялық жүйе, виртуалдау, гипервизор.
Сөйлеу/жазу кезінде қолданылатын пайдалы сөз тіркестері:
Виртуалды мәшинелерді қолданып, мынадай мәселелерді шешуге болады …
Виртуалды мәшинелердің артықшылықтары …
... деп ойлаймын/болжаймын/сенімдімін.
Құндылықтарға баулу
“Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.
Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.
Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық қағидаларын сақтайды.
Өмір бойы оқу, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.
Пәнаралық байланыс
Ағылшын тілі
Алдыңғы білім
Виртуалды және кеңейтілген шынайылық
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы 7 мин.
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Қызығушылықты ояту: «Айдаһар» ойыны. Оқушыларды сергітіп алу үшін, бәрін бір-бірінің белінен ұстатып тұрғызады. 1-оқушы
«Айдаһардың басы», соңындағы оқушы «Құйрығы». Басы құйрықты ұстап алу керек. /Бұл ойынды ойнату арқылы сыныпта псиологиялық жағымды көңіл күй орнығады. Оқушылар сабаққа көтеріңкі көңіл күймен белсене қатысуына септігін тигізеді/.
Топтастыру. «Үш кезеңдік сұхбат» әдісі Сынып төрт адамнан топтарға бөлінеді: А және Б, В және Г.
ші кезең: А Б-дан, В Г-дан сұхбат алады.
ші: Керісінше, Б А-дан, ал Г В-дан сұхбат алады.
ші кезең: Әр оқушы төрт адамнан тұратын өз тобындағы жұбы туралы ақпаратпен бөліседі. Өзара бағалау: «Дұрыс. Қате»