Информатика әдістемелік нұСҚАУ


Жоғарғы деңгейдегі дағдыларын дамыту



бет115/161
Дата06.12.2022
өлшемі1,05 Mb.
#55094
түріПрограмма
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   161
Байланысты:
Информатика дістемелік н С АУ

Жоғарғы деңгейдегі дағдыларын дамыту
Деңгейлік тапсырмалар:


А деңгейі. Интернет ресурсын қолданып, crowdfunding платформа арқылы іске асқан сәтті cтартапқа 4-5 мысал келтіріңдер.


В деңгейі. Кестені толтырыңдар.


С деңгейі. Crowdfunding платформалар арқылы әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған ұсыныс жасаңдар.


Топтық жұмыс

  1. Краудфандингтің жұмыс істеу қағидаларын санамалап беріңдер.

  2. Краудфандингтің басқа тәсілдерден артықшылығы неде?




Сабақтың соңы 7 мин.

Рефлексия.
(Ж). «Ара ұясы» техникасы.





Краудфандингтің ерекшеліктері

Қайырымдылықпен тартылған сыйлар

Кредит

Грант

Инвестициялар

Қайырымдылықпен сыйға тарту кезінде айтылмайтын, жобаға қосқан үлесі үшін берілген нақты сыйлықты болжайды
















































Мұғалім жұптағы оқушыларға не білгендігі туралы пікір алмасуды және екі сұрақтан дайындауын тапсырады. Содан кейін әрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты басқа оқушылар береді. Сонымен берілген осы техника негізінде мұғалімнің көмегімен берілген мәліметтер қорытындыланады, өңделеді.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.


Үй тапсырмасы (таңдау бойынша)

  1. «Стартап және crowdfunding» глоссарийін жасаңдар.

  2. «Краудфандингті қолданудың қазіргі қиындықтары, қауіптері және болашағы» тақырыбына таныстырылым жасаңдар.

  3. Crowdfunding-платформасында cтартапты іске қосудың SWOT-талдауын жүргізіңдер. SWOT-талдау параметрлері:







Ішкі

Мықты тұстары
Strengths

Әлсіз тұстары
Weakness







Қарастырылатын жобаға тікелей қатысты ішкі элементтер




Сыртқы

Мүмкіндіктері
Opportunities

Қауіптер
Threats




Заңнама, саясат, қоғам, экономика, технология сияқты ортаның әртүрлі
салаларына қатысты сыртқы элементтер




Саралау: Сіз қалай қолдау жасағыңыз келеді? Өзгелермен салыстырғанда едәуір қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Оқушылардың материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулықты қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау оқушылардың жеке қабілетін ескере отырып, оқу материалдары мен ресурстарын әзірлеуді, тапсырмаларды іріктеуді, күтілетін нәтижені, оқушыларға жеке қолдау көрсетуді (Гарднер көпшілік интеллектісінің теориясы бойынша) қамтуы мүмкін.
Уақытты тиімді қолданып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақта нені үйренгені, сабақта пайдаланылған әдістер мен тәсілдер жазылады.

Денсаулықты қорғау технологиялары.
Сабақта сергітетін жаттығуларды және белсенді жұмыс түрлерін қолдану.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережесінің тармақтары.

  1. САБАҚТАР






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет