В. Г. Архипова
Р. Г. Амдамова Н.К. Беристемова К.Б. Кадыракунов
ИНФОРМАТИКА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сынып мұғалімдеріне арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіұсынған
Алматыкітап баспасы
2020
Информатика.Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқау. В. Г. Архипова, Р. Г. Амдамова, Н.К. Беристемова, К.Б. Кадыракунов. 2020. – 199 б.
ТҮСІНДІРМЕ
«Информатика» пәні бойынша 11-сынып педагогтеріне арналған әдістемелік нұсқауда сабақ жоспарлары әр тақырыпты жоспарлау, оқыту және бағалауды ұйымдастырудағы мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығына арналған. Нұсқауда мектеп білімінің жаңартылған мазмұны аясында дайындалған оқулықты тиімді қолдануға арналған ұсыныстар берілген.
Сонымен қатар әдістемелік нұсқау «Информатика» пәнінің мақсатын, оқушылардың үлгерімінбағалауды, оқытудың әдіснамалық ерекшеліктерін, түсіндірме жазбаны, ұзақмерзімді және қысқамерзімді жоспарларды сипаттайды.
Әрбір оқу бөлімінің мазмұны мен құрылымы оқушылардың жаңа білімі мен тәжірибесіне, пән бойынша өзекті мәселелерге, өз бетінше оқуға арналған теориялық ақпаратқа, практикалық дағдыларды дамытуға арналған міндеттерге негізделген. Жаңа білімді бекітуге арналған ақпаратпен және күрделілік деңгейінің өсу сипаты бар үй тапсырмаларымен толықтырылды.
Қазіргі заманғы оқу-әдістемелік үдерісінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі – жүйелі түрде ақпарат алмасу, білім беру үдерісінің барлық қатысушыларымен тәжірибе алмасу.
Олар: мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар қолданатын онлайн интернет-ресурстар:
.bilimland.kz, ustaz.kz, smk.nis.edu.kz, sabak.kz).
ПРОГРАММА БОЙЫНША ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫ
11.1.1.1 - мобильді құрылғылардың негізгі компоненттерінің сипаттамаларын салыстыру: планшеттер, телефондар
- виртуалды мәшинелердің мақсатын сипаттау
- аппараттық және программалық қамтамасыз етуде даму заңдылықтарын сипаттайтын мысалдар келтіру
- Мәшинелік оқыту қағидалары, нейрондық желілерді (нейрондар мен синапстарды) түсіндіру
- өнеркәсіпте, білім беруде, ойын индустриясында, қоғамда жасанды интеллект қолдану саласын сипаттау
- электрондық кестелердегі/математикалық модельдеу программаларындағы нейрондық желілерді жобалау
- жасанды интеллектіні әзірлеуде «мұғаліммен оқыту» әдісін қолдану ауқымын сипаттау
- Blockchain технологиясының мақсаты мен жұмыс қағидасын түсіндіру
- кодтың блоктарымен және циклддерімен мобильді қосымшаны жасау
- әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын түсіндіру
- «Ақылды үй» датчиктерінен алынған деректерді шығаруды ұйымдастыру
- «Ақылды үй» датчиктерінен алынған деректерді шығару программаларын әзірлеу
- «Ақылды үй» құрылғысын басқару үшін программа әзірлеу
- Стартап түсінігін баяндау
- Crowdfunding платформалардың жұмыс қағидаларын сипаттау
- өнімді нарықта алға жылжыту және сату жолдарын сипаттау
- маркетингтік жарнама құру (инфографика, бейне)
- ақпараттарды және интеллектуалды меншікті (1996 жылғы 10 маусымдағы
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», 2015 жылғы 16 қарашадағы
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы», 2003 жылғы 7 қаңтарғы «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары) қорғаудың қажеттілігін негіздеу
- электрондық цифрлық қолтаңбаның және сертификаттың мақсатын сипаттау
- электрондық үкімет порталында электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану