Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
Психологиялық жағымды ахуал туғызу. Топтастыру.
«Миға шабуыл» әдісі Әдіс оқушылардың бұрын алған білімін бекітіп, сабақтың тақырыбына деген қызығушылықты оятады.
Білу және түсіну «Цифрландыру» деген не?
Цифрландырудың қандай екі түрін бөліп көрсетуге болады?
Цифрландыру неге әлемдік тренд болады?
Сабақтың ортасы 26 мин.
Сабақ мақсаттары хабарланады.
цифландыруды;
Қазақстандағы цифрландыру процесінің заманауи процестерін білетін боласыңдар.
Оқулықпен жұмыс. – Цифрлық технологияларды дамыту және енгізу жаңа мүмкіндіктерге жол ашаы және көптеген басымдылықтар береді. Мысалы, халық пен бизнестің мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін оңайлату, ақпарат алмасуды жеделдету, бизнесті жүргізуге арналған жаңа мүмкіндіктердің пайда болуы, жаңа цифрлық өнімдер құру, т. б.
Қазіргі әлемдегі негізгі ұғымдардың бірі – «цифрландыру» ұғымы. Қазіргі уақытта
«цифрландыру» ұғымы тар әрі кең мағынада қолданылады. Цифрландырудың бар мағынасы көп жағдайда шығындарды төмендетуге, жаңа мүмкіндіктердің пайда болуына,
т.б. әкелетін ақпаратты цифрлық түрге түрлендіруді білдіреді.
Мәтіннің әр бөлігіне түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Негізгі ұғымдардардың мағыналары түсіндіріледі.