Осы сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу программасына сілтеме)
11.3.4.7 - электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттау
Сабақтың мақсаты
Электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттау.
Бағалау критерийлері
Электрондық үкімет порталының мақсатын біледі; Электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттайды;
Электрондық үкімет порталының онлайн қызметтерін пайдалана алады.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар: электрондық үкімет порталының қызметтерін түсіндіре алады.
Пәнге қатысты сөздер қоры және терминология: Сөйлеу/жазу кезінде қолданылатын пайдалы сөз тіркестері:
Цифрландыру кең мағынада … білдіреді.
Цифрлық Қазақстанды дамытудың өзектілігі …
... деп ойлаймын/болжаймын/сенімдімін.
Құндылықтарға баулу
“Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.
Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.
Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық қағидаларын сақтайды.
Өмір бойы оқу, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.
Пәнаралық байланыс
Адам және құқық
Алдыңғы білім
Цифрландыру
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы 7 мин.
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
Психологиялық жағымды ахуал туғызу. Топтастыру.
«Сұраулы сөздер» әдісі Оқушыларға сұрақтар кестесі мен сабақ тақырыбы бойынша терминдер ұсынылады. Кестенің екі бағанында берілген сұраулы сөздер мен терминдерді пайдаланып, неғұрлым көп сұрақтар құрастыру керек.
Таратпа материалдар
- 1
Сұраулы сөздер
Тақырыптағы негізгі ұғымдар
Қалай? Не?
Қайда? Неліктен? Неше?
Қайдан? Қандай? Неге?
Қай себептен?
Қандай байланыс бар?
Электрондық үкімет Портал
Ақпараттық кезең Интербелсенді кезең Транзакциялық кезең Трансформациялық кезең Озық белсенді үкімет
Неден тұрады?
Неге арналған?
Мұғалім тарапынан бағалау: ауызша мақтау, ынталандыру.
Сабақтың ортасы 26 мин.
Сабақтың мақсаттарын хабарлау.
Оқулықпен жұмыс. Топтық жұмыс: «Джигсо» әдісі
Әр топқа мынадай тапсырма беріледі: шағын мәтінді оқуға, оны қалай, қандай тәсілдермен есте сақтап, мазмұндауға болатынын ойлану, мәтіннің мәнін түсінуге бағытталған сұрақтар қою. Оқушылар тірек сөздерді жазып, сызба немесе кластер сыза алады. Мәтінмен жұмыс істеп болғаннан кейін топтар әр үш топтан 1-2 өкілден кірген тағы бір топ құрады. Мұғалімнің командасымен олар жазбаны және графикалық материалды қолданып, өз сұрақтарын кезекпен түсіндіреді. Топтағы үш шағын мәтінді түсіндіріп, талқылағаннан кейін бәрі өз орындарына оралып, үш шағын тақырыптан (Электрондық үкімет ) тұратын ортақ тақырыпты талқылайды.
Жұптық жұмыс: №1 тапсырма: Азаматтар электрондық үкімет пайда болғаннан кейінгі қай кезеңде түрлі коммуналдық қызметтерді төлеуге мүмкіндік алады?
Ақпарат сатысында
Интербелсенді кезеңде
Транзакция сатысында
«Белсенді» үкімет кезеңінде
Жоғарыда көрсетілгендердің кез келгенінде.
Жоғарғы деңгейдегі дағдыларын дамыту Электрондық үкіметті ендірудің артықшылықтарын ата.
eGov.kz порталының авторландырылған және авторландырылмағанның арасында қандай айырмашылықтар бар?
Деңгейлік тапсырмаларды орында.
А деңгейі. «Түрлі елдердегі электрондық үкімет» шағын зерттеуін жүргіз. Нәтижені таныстырылым түрінде рәмізде.
В деңгейі. «Ашық үкімет» тарауы бойынша бір тарауды таңдап, оның қандай мүмкіндіктері бар екенін сипаттап айт.
С деңгейі. «Ашық үкімет» порталын қолданушыға арналған жадынама жаса.
Топтық жұмыс Топта «Озық белсенді үкімет» кезеңіндегі электрондық үкіметтің жұмысы нұсқасын талқылап, ұсыныңдар. Бұл кезеңде қандай тәуекелдер болады? Бұл тәуекелдерді қалай азайтуға болады?