Информатика мұғалімдерінің Ү республикалық «Алтын диск» байқауының ережесі



жүктеу 291.5 Kb.
Pdf просмотр
Дата03.03.2017
өлшемі291.5 Kb.

 

Информатика мұғалімдерінің Ү республикалық «Алтын диск»  

байқауының  ережесі 

 

    



Қазақстан  Республикасының  2011-2020  жылдарға  арналған  білім  беруді  дамытудың 

Мемлекеттік  бағдарламасын  жүзеге  асыру  аясында  педагогтың  кәсіби  мәртебесін  арттыру 

мақсатында  «Өрлеу  ҰБАО»  АҚ  филиалы  Бiлiм  беру  жүйесiнiң  басшы  және  ғылыми-

педагогикалық  қызметкерлерінің  бiлiктiлiгiн  арттыратын  республикалық  институт  Ү 

республикалық “Алтын диск” байқауын өткiзедi. 



Байқаудың негізгі міндеттері: 

 

-

 



білім  беруді  ақпараттандыру  жағдайында  шығармашылықпен  жұмыс  жасайтын 

информатика мұғалiмдерiн айқындап, оларды мадақтау мен кәсіби имиджін арттыру; 

-

 

білім  беруді  ақпараттандыруды  дамыту  жағдайында  информатиканы  оқытудың 



инновациялық әдістері мен формаларын және педагогикалық идеяларды iздеу; 

-

 



бірыңғай 

ақпараттық білім ортасына ену үшін мұғалiмдердiң кәсіби құзырлылығы мен 

ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру; 

-

 



ІТ-технологияларды енгізу жағдайында педагогтардың ең озық тәжiрибелерін тарату.

 

Байқауға қатысушылар 

Байқауға  Қазақстан  Республикасының  жалпы  бiлiм  беретiн  орта  мектептердің,  кәсіптік 

лицейлердің және колледждердің информатика мұғалiмдерi қатысатын болады. 

 

Байқауды ұйымдастыру реті мен оны өткiзу мерзiмi  

 

Байқау қыркүйек айынан қараша айына дейiнгi аралықта 3 кезеңде өткiзiледi. 



Байқаудың  барлық  кезеңдерiн  ұйымдастыру  мен  өткiзу  үшiн  ұйымдастыру  комитетi  мен 

әдiлқазылар мүшесi құрылады. Байқаудың ұйымдастырушылары білім беруді басқару органдары 

болып табылады. 

Бiрiншi  кезең  аудандық  (қалалық)  бiлiм  мекемелерi  базасында  осы  жылдың  қыркүйек 

айында өткiзiлетiн болады.  

Екiншi кезең Алматы, Астана қалаларының және облыстық біліктілікті арттыру институттары 

базасында осы жылдың қазан айында өткiзiлетiн болады.  

Республикалық  байқауға  облыстық,  Астана  және  Алматы  қалаларынан  өткен  байқау 

жеңiмпаздары жiберiледi.  

Республикалық байқау  2015 жылдың 25 - 26 қараша аралығында Алматы қаласында өтеді. 

Байқаудың республикалық кезеңінде келесі мәселелер қарастырылады: 

-

 



Панорамалық  сабақ; 

-

 



Шығармашылық  көрме,  өз  тұжырымдамасын  қорғау  (авторлық  бағдарламалар,  әдістемелер, 

технологиялар, ғылыми-зерттеу жұмысының жүйесі); 

-

 

Ғылыми-әдістемелік 



жұмыстың 

презентациясы 

және 

информатика 



мұғалімінің 

шығармашылығы; 

-

 

мұғалiмнiң  шығармашылық  және  мамандық  қабiлеттерiн  анықтайтын  педагогикалық 



жағдаяттар (байқау әділқазыларының шешімі бойынша). 

Байқаудың    барлық    кезеңдерiнде  әдiлқазылар  алқасы  төмендегi  көрсеткiштер  бойынша 

бағалайтын болады: 

 кәсіби шеберлiгi, құзырлылығы және жекетұлғалық сапасы; 

-

 

мұғалiмдердiң жұмысы мен оқыту технологиясын пайдалану жүйесi; 



-

 

педагогикалық қызметiнiң тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгi. 



Байқауға қойылатын негiзгi талаптар 

Ашық сабақты  өткiзу барысында негiзгi мазмұнды, басты идеяны және өз тәжiрибесi сияқты 

педагогикалық iс-әрекеттер бағыттарын көрнекi түрде баяндау қарастырылады. 

Байқауға  ұсынылатын  сабақ,  сабаққа  қойылатын  қазiргi  дидактикалық  талаптарды 

қанағаттандыруы қажет. 


Ашық  сабақтың  ұзақтылығы  45  минуттан  аспауы  керек.  Сабақтың    мазмұны  ақпараттық-

коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерімен кескiндермен, кестелермен, көрнекi және 

басқа да дидактикалық материалдармен безендiрiлiп көрсетiлуi қажет.  

Байқауға  қатысушылардың  шығармашылық  көрмесін  қорғауға    5  минут  беріледі. 

Тұжырымдаманы  компьютер  арқылы  қорғауға  7-10  минут  уақыт  беріледі  және  онда  мына 

мәселелерге баса назар аударылады: 

 

өзектілігіне; 



 

негiзгi мақсаттың толымдылығына;  



 

ғылыми идеялардың баяндалуына;  



 

әдістемелік жүйеге;   



 

күтілетін нәтижесіне. 



Ғылыми-әдістемелік жұмыстар презентациясы мына бағытта көрсетілуі тиіс:  

 



жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне немесе бөлімдеріне сәйкестілігі; 

 



материалды ұсынудың толымдылығы; 

 



қолжетімділігі; 

 



көрнекiлiгi; 

 



технологиялық сипаттамасы; 

 



көбейтіліп шығаруға дайындылығы. 

 

Жеңiмпаздарды мадақтау ретi 

Республикалық байқауды қорытындылау және қатысушыларды марапаттау салтанатты түрде 

өткiзiлетiн болады. 

4 жүлделi орын белгiленедi: Бас жүлде, 1,2,3 дәрежелi диплом иегерлерi. 

Республикалық  байқаудың  жеңiмпаздары  «Өрлеу  ҰБАО»  АҚ  филиалы  ББЖ  КБАРИ  

дипломдарымен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен  марапатталады.                                                               



Ұйымдастыру комитетi 

Каталог: files -> news
news -> Жұмыс жасауға көңіл бөлінеді. Студенттер жануарлар əлемінің
news -> Grade 5 Miras International School of Astana provides an education within a challenging and supportive environment that promotes all aspects of individual student growth, and equips them with the skills for lifelong learning
news -> Pre-School 2 Біз кімбіз Менің отбасым Негізгі ой
news -> Б. Е. Карбозова, И. Д. Ақылбекова
news -> Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ
news -> Конкурс «Лучший методист года»
news -> Pre-School 1 Miras International School of Astana provides an education within a challenging and supportive environment that promotes all aspects of individual student growth, and equips them with the skills for lifelong learning
news -> Pre-School 1 Әлем қалай орналасқан Материалдар Негізгі ой
news -> Infovoronezh ru ? 22 (483), 4 – 10 2014 Впервые о необходимости учреждения


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет