Қолданылған әдебиеттер: [1], [3], [8], [18], [34]
Бақылау сұрақтары: 1. Кезкелген басқа компьютерлік желілерден Internet айырмашылығы.
2. TCP/IP түсінігі және тағайындалуы.
3. Қосымшалар деңгейлерінің негізгі хаттамалары.
4. Internet-те адрестеу не үшін қажет?
5. Internet-те адрестеу түрлері.
6. Ақпарат «қауіптілігі» түсінігі нені тұспалдайды?
7. Ақпараттық қауіпсіздік деген не?
8. Ақпараттық қауіпсіздік аспектілерін атаңыз.
9. Архивтеуіштер.
Глоссарий Архив- әдетте, көлемдерін кішірейту мақсатында сығылған күйде сақталатын деректер немесе программалар жиынтығы.
Архиваторлар – дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп, сақтауға мүмкіндік беретін бағдарламалар тобы.
Архивтен алу - архивтелген файлдарды бастапқы күйіне келтіру процесі. Архивтеу- файлды немесе файлдар тобын тығыздап қысу, сығу процесі. Архивтеушіпрограмма- тығыздап қысу арқылы файл көлемін кішірейтетін программа.
Архивтікфайл– тығыздалған түрде біртұтас файлға орналастырылған бір немесе бірнеше файлдардың архивтелген көшірмесі.
Вирус – арнайы жазылған шағын көлемді компьютерлік бағдарлама.
Желілік вирустар – ондаған және жүздеген мың компьютерді біріктіретін желілерде тарайды.
Зақымдалған файл – вирус жұққан, бүлінген файл.
Компьютерліквирус – бұл пайдаланушыға қажетсіз, кездейсоқ белгілі бір нәрселерді (көбінесе жоюшы, бүлдіруші сипатындағы) кенеттен орындайтын бағдарлама немесе макрос.