Глоссарий Жұмыс лентасы- ақпаратты сақтаудың көмекші қоймасы. Ондағы берілгендер автоматтың көмегімен оқылады және оған жазылуы да мүмкін.
Басқару құрылғысы – автоматтың тәртібін басқаратын бағдарлама.
Дәріс №21-22.Программалау тілдерімен танысу Дәрісмақсаты: Бағдарламалау тілдері туралы мәлімет беру.Программа, жалпы қызметтік программалау, программалау тілдері туралы түсінік беру.
Кілттіксөздер:программа, синтаксис, семантика, айнымалылар, өрнектер, меншіктеу операторлары, енгізу-шығару операторлары, тармақтау және итерация операторлары.
Программалаутілі– алгоритмдерді жазуға арналған формальді тіл. Ол алфавитінің берілуімен (бастапқы символдар сөздігі), оның синтаксисі (грамматикасы) мен семантикасы-ның дұрыс сипатталуымен анықталады.
Информацияларды түрлендіру ережесі әр түрлі алгоритмдерде әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ та барлық алгоритмдер өте көп емес элементарлы командалардан құрылуы мүмкін. Қазіргі уақытта қолданылып жүрген программалау тілдері машинаның типіне және шығарылатын есептердің түріне байланысты бөлінеді.
Бірінші белгі бойынша олар екі үлкен топқа бөлінеді: машинаға-тәуелді және машинаға-тәуелді еместілдер. Машинаға-тәуелді тілдер машиналық және машинаға бағытталған болып екіге бөлінеді (1-сурет). Машинаға-бағытталған тілдер екіге бөлінеді: символдық кодтау (ассемблерлер) және макротілдер (макроассемблерлер). Мнемокодта амалдардың цифрлық коды әріптермен, ал цифрлық адрестер-әріптік атаулармен алмастырылған.
Макротілдерде мнемотілдің кодтарынан басқа машиналық тілде ешқандай аналогы жоқ макрокомандалар қолданылады. Макротілдер бастапқы программаның ұзындығын қысқарта отырып, программисттің жұмысын жақсартады