Информатика пә


Литерал. Бағдарламада таңбалар тізбегі түрінде берілген нақты мән. Мысалы: 154, FALSE, «бағдарламалау». Көрсеткіш



бет45/60
Дата10.12.2023
өлшемі1,41 Mb.
#136082
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   60
Байланысты:
МК-Лекция

Литерал. Бағдарламада таңбалар тізбегі түрінде берілген нақты мән. Мысалы: 154, FALSE, «бағдарламалау».
Көрсеткіш (представление). Компьютер ішінде нақты битер жолымен көрсетілген мән. Мысалы: символдық мән ' х ' 01 11 10 00 сегіз бит жолымен көрсетілуі мүмкін.
Айнымалы. Нақты типтегі мән көрсетілімінен тұратын жад ұяшығына немесе ұяшықтарына берілген ат. Мәні бағдарлама жұмысы үрдісінде өзгере алады.
Тұрақты. Нақты типтегі мән көрсетілімінен тұратын ұяшық немесе ұяшықтар аты. Программа орындалу барысында мәні өзгермейді.
Обьект- бұл айнымалы немесе тұрақты.
Меншіктеу операторы. Әдеттегі бағдарламалау тілдерінде нақты жұмыс істейтін бір ғана оператор бар. Ол- меншіктеу операторы. Басқа операторлар (шарт операторы, процедураларды шақыру) тек меншіктеу операторының орындалу тізбегін жару үшін қолданылады. Меншіктеу операторы әр түрлі үш есептерді орындайды.
Оператордың оң жағындағы өрнек мәнін есептеу.
Оператордың сол жағындағы өрнекті есептеу; өрнек жад ұяшығының адресін анықтау керек.
1 қадамда есептелген мәнді 2 қадамда алынған адрестен бастап, жад ұяшықтарына көшіру.
Тип сәйкестіктерін бақылау. Тип сәйкестіктерін бақылау - бұл өрнек типі меншіктеу кезінде адрестелген айнымалы түрімен сәйкестігін тексеру. Бұған процедураны шақырғанда фактілік параметрді формальдыққа меншіктеу де кіреді. Тип сәйкестіктерін бақылауға келесі лайықты мүмкіндіктер бар:
Ештеңе істемеу; меншіктеу мағыналы болуына тек бағдарламалаушы жауапты;
Сол жағы талап ететін типке өрнек мәнін айқындамай түрлендіру.
Қатаң түрде тип сәйкестіктерін бақылау: егер тип айырмашылығы болса, меншіктеуден бастартамыз.
Басқару операторлары. Меншіктеу операторлары әдетте қандай тізбекте жазылды, сол тізбекпен орындалады. Басқару операторлары орындалу ретін өзгерту үшін қолданылады. Құрылымды бағдарламалау - бұл оқуға және түсінуге жеңіл, жақсы құрылымдағы бағдарламаларды қаматамасыздандыратын, басқару операторларын қолдануды мүмкіндейтін бағдарламалау стилі.
Басқару операторларының екі класы бар:
таңдау операторы, бір немесе бірнеше альтернативті тізбектердегі орындауларды таңдайды; шарт операторы (if) және ауыстырып қосқыштар
(переключатели) (Case switch);
 цикл операторы, операторлар тізбегінің орындалуы қайталанады: for, repeat және while.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет