Информатика пәнінен анықтамалар жинағы Электрондық есептеуіш мәшине дегеніміз не: Компьютер



Дата16.02.2023
өлшемі18,91 Kb.
#68544
Байланысты:
Информатика пәнінен анықтамалар жинағы


Информатика пәнінен анықтамалар жинағы

  1. Электрондық есептеуіш мәшине дегеніміз не: Компьютер

  2. Компьютер ақпараттарды қандай сигналдар түрінде қабылдап, түсінеді: электр сигналдары

  3. Компьютердің миына жіберілген сигналдар: 1-сигнал бар, 0-сигнал жоқ

  4. Нөл мен бір сигналы аталады: бит

  5. Бит дегеніміз: 0 мен 1 сияқты мәнді қабылдайды

  6. Компьютердің жадында ақпараттың барлық түрлері қалай сақталады: екілік сан тізбегінде

  7. Бит (binary digit) – ақпараттың екілік бірлігі

  8. Бит-ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі

  9. Ақпараттың өлшем бірлігінде бит кейін: байт

  10. 1 байт қанша битке тең: 8

  11. Ақпараттарды өлшеу кезінде 1 символ қанша байтқа тең: 1 символ = 1 байт

  12. Әріп, цифр, тыныс белгілесі және бос орын сияқты кез келген белгі: символ

  13. Хабардың ұзындығы, яғни хабарды жазу үшін пайдаланылатын символдар саны: хабардың ақпараттық көлемі

  14. Хабардың ақпараттың көлемі немен өлшенеді: бит немесе байт

  15. 1 кб қанша байтқа тең: 1024 байт

  16. Сыйымдылығы 700 мб тең болатын ақпарат тасымалдаушы құрылғы: СD компакт диск

  17. Сыйымдылығы 500 гб тең болатын ақпарат тасымалдаушы құрылғы: Сыртқы қатқыл диск (жесткий диск)

  18. Сыйымдылығы 4,7гб тең болатын ақпарат тасымалдаушы құрылғы: DVD компакт диск

  19. Сыйымдылығы 1-64гб тең болатын ақпарат тасымалдаушы құрылғы: Флеш жад

  20. Заманауи технологиялар көлемді ақпаратты қалай тасымалдауға жол ашты: интернет желісі арқылы

  21. Байланыс арналарының ақпарат тасымалдау жылдамдығының өлшем бірлігі: бод

  22. Бір секундта жөнелтілетін сигналдық элементтер мөлшерімен анықталады: бод

  23. Ақпаратты тасымалдау жылдамдығының өлшем бірлігі: бит/с

  24. Компьютерде ақпаратты өңдеу барысында өңделген ақпаратты сақтау құрылғысы: жад

  25. Жад құрылғылары бөлінеді: ішкі жад және сырқты жад

  26. Ішкі жад бөлігіне кіреді: RAM( жедел есте сақтау құрылғысы), ROM (тұрақты есте сақтау құрылғысы), Кэш жад

  27. Программаларды өңдейтін деректерді жазу, оқу мен сақтауға арналған ішкі жад бөлігі: жедел есте сақтау құрылғысы

  28. Жедел жадта деректер мен программалар қалай сақталады: уақытша

  29. Компьютерді сөндіргенде қандай жад бөлігінде деректер сақталмайды: жедел есте сақтау құрылғысы

  30. ЖЕСҚ-ның көлемі кем дегенде: 4гб болуы тиіс

  31. Дисплей, пернетақта, принтер, сыртқы жадты басқару немесе басқада программалар қайда жад бөлігінде жазылады? тұрақты есте сақтау

  32. Тек оқуға арналған жад: ROM (тұрақты есте сақтау құрылғысы)

  33. Тұрақты жадтың маңызды микросхемасы: BIOS модулі

  34. BIOS дегеніміз: Basic Input-Output System

  35. Енгізу-шығарудың базалық жүйесі: BIOS

  36. Компьютер құрылғыларының арасындағы өзара әрекетті ұйымдастырушы енгізу-шығару программаларының жиынтығы: BIOS

  37. Процессор жиі қолданылатын деректерді уақытша сақтау үшін қолданылатын шағын көлемді есте сақтауға арналған жад: кэш

  38. Кэштің басқа жадтардан айырмашылығы: процессор мен одан жылдамдығы төмен жедел жад арасындағы өңдеу жылдамдығының айырмашылығын рет үшін қолданылады.

  39. Кэш жад өлшемі бойынша неше деңгейге бөлінеді:3

  40. Бірінші деңгей 128 кб көлемінде, екінші деңгей 1 мб , және үшінші деңгей 8мб көлемінде болады.

  41. Сыртқы жадқа қандай құрылғылар жатады: қатқыл диск, оптикалық диск түрлері, флеш жад

  42. Компьютердегі дискілерді ненің көмегімен оқиды? Дискжетек (дисковод)

  43. CD мен DVD дискілердің қандай түрлері бар: R және RW

  44. Дискіде ақпаратты бір рет қана жазылады? CD-R және DVD-R

  45. Ақпаратты бірнеше рет жазуға, өшіруге және қайта жазуға мүмкіндік береді? CD-RW және DVD-RW

  46. Жазылған мәліметтерді есте сақтай алатын микросхема түрінде жасалған жад түрі: флеш жад

  47. Компьютердің сыртқы жадында сақталған ақпараттар жиынтығын не деп атайды? файл

  48. Windows ОЖ файлдың атауы неше символдан аспауы қажет: 255

  49. Файлға ат қоюда қандай символдарды қолдануға болмайды? /*?\<>!:

  50. Файлдағы сақтаулы деректердің типін білдіреді? файлдың кеңейтілімі

  51. Мәтіндік ақпараттардан тұратын файлдардың форматтары: .txt, .rtf, .doc, .docx

  52. Графикалық формат: .bmp, .gif, .jpg, .png

  53. Орындаушы программа файлдары: .exe, .com

  54. Дыбыстық немесе музыкалық файлдар: .wav, .mp3, .midi, .kar

  55. Бейне деректерден тұратын файлдар: .avi, .mpeg, .mov

  56. Коммуникациялық құрылғыларды тиімді пайдалану мақсатында бірыңғай деректерді алмасу арнасына біріктіретін топты: компьютерлік желілер

  57. Желілер ерекшеліктеріне орай нешеге бөлінеді? 4

  58. Желілер: аумақтық таралуына, тиістілігіне, деректерді тасымалдау жылдамдығына, деректерді тарату ортасына қарай бөлінеді

  59. Желілер аумақтық таралуына қарай нешеге бөлінеді? 3

  60. Аумақтық таралуына қарай желілер: Жергілікті желі, Корпоративтік немесе аймақтық желі, Дүниежүзілік желі

  61. Өндірістік процестерді автоматтандыру, қажетті құралдарды өңдеу мен ақпарат алмасуды жылдамдату қай желіге жатады? Жергілікті желі

  62. Бір қала немесе аймақ көлемінде компьютерлердің бір жүйеге бірігуінен пайда болатын желі: корпоративтік немесе аймақтық желі

  63. Ірі компаниялар мен банктер сияқты құрылымдардың пайдалануы үшін өте ыңғайлы желі: корпоративтік немесе аймақтық желі

  64. Дүниежүзі бойынша компьютерлердің ортақ бір арнаға біріктіру арқылы байланыс жасау желісі: дүниежүзілік желі

  65. Желілер тиістілігіне қарай 2ге бөлінеді: Ведомстволық және мемлекеттік желі

  66. Деректерді тарату ортасына қарай желілер бөлінеді: кабельді және сымсыз

  67. Желілер топологиясының неше түрі бар: шина, сақина, жұлдыз және иерархиялық

  68. Шина желісін компьютерлерді байланыстыруда қандай кабель пайдалынады: коаксиалды кабель

  69. Сақина тәрізді желі топологиясы қалай жалғанады: бір-біріне тізбектеп жалғанып, бірнеше компьютермен бірігіп жабық шеңбер құрады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет