Жедел жады: негізігі түсініктер. Rom типті жады. Dram типті жады. Кэш-жады — sram. Орындаған: Анарбек Аяулым



Дата02.03.2023
өлшемі1,51 Mb.
#71299
Байланысты:
Жедел жады

Жедел жады:негізігі түсініктер. ROM типті жады. DRAM типті жады. Кэш-жады — SRAM.

Орындаған: Анарбек Аяулым

Топ : Информатика 102


Қазақ ұлттық Қыздар педагогикалық университеті
Алматы 2022 жыл
Жадтың түрлері
Ішкі жад
Жадтың екі түрі бар
Сыртқы жад
1) Ішкі жад
Жедел есте сақтау құрылғысы (ЖЕСҚ) және Тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕСҚ) компьютердің ішкі жадысын құрайды.
Ішкі жадтың өзі 2-ге бөлінеді: Жедел жад құрылғысы (ЖЖҚ) және Тұрақты жад құрылғысы (ТЖҚ)
Жедел жад құрылғысы (ЖЖҚ)
Компьютердің жедел жадысында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәліметтер мен программалар ғана сақталады. Жедел жадыдағы ақпарат компьютерді өшіргеннен кейін жоғалады. Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Қазіргі кезде көлемі 256 Мб, 512 Мб болатын жедел жады микросхемаларын көп қолданады.
Жедел жад құрылғысы (ЖЖҚ) 2-ге бөлінеді
Физикалық принциптен қарағанда жедел жады динамикалық (DRAM) және статикалық (SRAM) болып бөлінеді. Динамикалық жадының микросхемасын к/ң негізгі жедел жады ретінде қолданады, ал статикалық жадының микросхемасын көмекші жады (кэш жады) ретінде қолданады.
Кэш жады. Кэш жады процессор мен жедел жад арасында дәнекерлік роль атқарады. Процессорге мәліметтер қажет болғанда ол алдымен кэш жадыға сұраныс жібереді. Егер онда керекті мәліметтер болмаса, жедел жадыға сұраныс жібереді. Жедел жадыдан мәліметтерді қабылдағанда процессор оларды кэш жадыға кіргізеді.
Кэш жады
Тұрақты жад құрылғысы (ТЖҚ)
Тұрақты жадыдағы мәліметтер өзгертілмейі, оларды тек оқуға болады. Тұрақты жадқа керекті програмалар оны шығаратын заводта жазылады. ТЕСҚ-да орналасқан програмалр комплекті BIOS (енгізу- шығару базалық жүйе) құрайды. Бұл програмалар пакетінің негізгі қызметі – көлік жүйенің құрамын және жұмысын тексеру және пернетақтамен, монитормен, қатты дискпен және дискқозғағышпен әрекетті қамтамасыз ету
2) Сыртқы жад
Сыртқы жады – магниттік дискідегі жинақтауыштар - үлкен көлемді мәліметтерді ұзақ уақыт сақтау үшін қажет. Оның 2 түрі бар:
Қатты диск
Иілгіш диск
Қатты диск
Қатқыл магнитті дискідегі жинақтауыштар немесе винчестер - бұл дискілер жиыны бар (екі жақ бетіне де ақпарат жазылатын, жылтыратып тегістелген ферромагнитті қабаты бар мүлтіксіз жазық бірнеше пластина), жетекпен бірге жинақталған (сәйкес электронды басқару схемасымен оқу-жазу механизмінің үйлесуі) жадтайтын құрылғы.Қатқыл магнитті дискілерде бір блокқа жиналған магнитті бастиектер тобы жұмыс істейді.
Иілгіш дискілер
Иілгіш диск – төзімділігі жеткілікті және өлшемі тұрақты, арнайы пленкадан жасалған тегіс диск. Оның ферромагнитттік қабаты бар және қорғаушы конвертке салынған.
Құрылымы: Тығыздығы жоғары идентификатор, Жазудан қорғау терезесі (ол маңызды ақпаратты абайсыз жоюдан сақтауға арналған) , Жұмыс алаңының қорғаушы пердесі (қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғау үшін), Дискет таңбашасы (дискет мазмұнын жазып қоюға арналған).
Жадты компьютерде қолданылуы мүмкін

Жад құрылғысы

Компьютерде қолданылуы мүмкін.

Жазу үшін

Оқу үшін

Ақпаратты компьютерден компьютерге тасу үшін

Жедел жад

+

+


Қатқыл диск

+

+


Дискет

+

+

+

ТЖҚ-ның микросхемасы


+


Компакт-диск

+

+


Қорытынды:
Жады – мәліметтерді, программаларды сақтауға арналған құрлғы. Жад 2-ге бөлінеді: ішкі жане сыртқы болып. Олар өз құрылысына қарай қызметер атқарады.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет