® Компьютерде жұмыс iстеу үйiрмелерiн мектептегi сабақтар бiткен соң,1 сағат өткiзiп,тамақ iшiп,дем алып алғаннан кейiн ұйымдастыру қажет. ® Бастауыш мектеп оқушыларына арналған компьютерлiк техниканы қолдану үйiрмелерi аптасына 2 реттен жиi болмайды.Бiр үйiрме сабағының ұзақтығы 60 минуттан аспайды.10-15 минут компьютерде отырғаннан кейiн дене,көз гимнастикаларын жасауға арналған үзiлiс болады. ® Балалардың шаршауы компьютердегi өтетiн сабақтың сипатына байланысты болады.Ең тез шаршататын жылдамдыққа құрылған ойындар болып саналады.Сондықтан балаларды көп ойнатпауға тырысу керек.Компьютер алдында ұзақ отыру балалардың нерв жүйесiнiң жұқаруына,ұйқыларының бұзылуына,көздерiнiң шаршауына әкелiп соқтырады.Сол себептi компьютерлiк ойындарды сабақтың соңында 10 минут көлемiнде ғана өткiзсе болады.
Ақпарат жӘне информатика
1.1 Ақпараттар мен мәліметтер
«Ақпарат» термині латынның түсіндіру баяндау білу деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан.
Ақпарат алу дегеніміз – бізді қоршаған дүниенің құбылыстары мен объектілерінің қасиеттері, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мәліметтер мен деректер алу.
Ақпарат – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобы.
Ақпарат материя және энергиялармен қатар бізді қоршаған ортаның фундаментальды негізі болыт табылады.
Адам ақпаратпен не атқарады?:
Адам ақпараттарды сақтай алады;
Адам ақпарттарды шығарап бере алады; Ақпараттық процестер
Адам ақпараттарды өңдей алады.
Ақпараттың қасиеттері
Дәлдігі мен толықтылығы, бағалылығы мен қажеттілігі, анықтылығы мен түсініктілігі.
Ақпарат істің ақиқаттық жағдайын ашатын болса, оның дәл болғаны. Егер ақпарат оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Ақпараттың бағалылығы, оны пайдалана отырып, қандай мәселер шеше алатынымызға байланысты болады. Егер ақпараты оны пайдаланатын жандар тілінде жазса, ол түсінікті болады.
Ақпарат түрлері: текст, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары және т.б.
Қоғамның даму кезеңдерінде адамдар көптеген тілдерді пайдаланды, олар: қимылдар және мимика тілі, сызу-сурет тілдері, музыка мен сөйлесу тілдері т.б. Көптеген тілдер негізі болып алфавит саналады. Алфавит – белгілі бір тілдің кез-келген сөздерін құрай алатын оның символдарының жиыны.
Табиғи сандар алфавиті: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.
Екілік сандар алфавиті: 0, 1.
Информатика пәні және міндеттері
Информатика – ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін ғылым.
Достарыңызбен бөлісу: |