ДК әмбебап техникалық жүйе. Оның конфигурациясын қажетінше өзгертуге болады. Оның негізгі конфигурациясы: жүйелік блок, монитор, клавиатура, маус.
Жүйелік блок негізгі болып есептеледі. Оның ішіндегі құрылғылар ішкі, ал сырттан қосылған құрылғылар сыртқы деп аталады. Сыртқы қосымша құрылғылар перефириялық деп аталады.
Дербес компьютердің негізгі құрылғылары:
Процессор
Процессор – барлық есептеулер жүргізетін компьютердің негізгі микросхемасы. Процессор ұяшықтардан тұрады. Онда мәліметтер сақталады және өңделеді. Процессордың ішкі ұяшықтары регистр деп аталады. Процессор жедел жадымен және басқа құрылғылармен бірнеше проводник арқылы байланысқан. Бұл проводниктер шина деп аталады. Олардың 3 түрі бар:
Мәліметтер шинасы– мәліметтерді жедел жады ұяшығынан процессордың регистрлеріне (және керісінше) көшіруге арналған.
Адрестік шина – мәліметтерді көшіргенде жедел жады ұяшығының адресін анықтайды.
Коммандалар шинасы. Мәліметтерді өңдеу үшін процессорге коммандалар қажет. Коммандалар жедел жадыдан жіберіледі, бірақ олар мәліметтер сақталған жерден келмейді. Олар программаны сақтайтын жерден жіберіледі. Коммандалар мәліметтер секілді байт түрінде берілген.
Процессордің негізгі параметрлері:
Разрядтілігі – 1 такт ішінде өз регистрлерінде қанша байт мәліметтерді өңдей алатынын көрсетеді.
Процессордің такт жиілігі жоғары болса, ол көп коммандаларды орындайды, және өнімділігі сонша жоғары болады.