Дербес компьютер



Дата11.01.2022
өлшемі326,21 Kb.
#23929
Байланысты:
Дербес компьютер


Компьютердің ішкі құрылысы

Жаңа білім



Дербес компьютер – әмбебап техникалық жүйе. Оның конфигурациясын (негізгі конфигурациясы: жүйелік блок, монитор, пернетақта) қажетінше өзгертуге болады. Жүйелік блок негізгі құрылғы болып есептеледі. Оның ішіндегі құрылғылар ішкі, ал сырттан қосылған құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.

Аналық тақша



   Аналық тақша (Материнская плата; motherboard) – орталық процессор, жедел жад микросхемалары, дыбыстық және бейне-карталары және басқа да компьютердің ішкі құрылғылары орналастырылған негізгі мөрлі тақша. Ол кез келген компьютердің негізгі құрамдас бөлігі. Кейде бас немесе жүйелік тақша деп те аталады 1-сурет. Аналық тақша мыс өткізгіштер – жолдар желісімен қапталған. Олардың бойымен мәліметтер тақшада құрастырылған микросхемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға жеткізіледі. Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосылады. Аналық тақша өлшемі, BIOS, процессор типі, чипсет типі, желілік шина жиілігі, кэш-жады өлшемі, жедел жады типі (слоттар саны мен жедел жадының ең үлкен көлемі), контроллер, қатқыл дискінің типі және т.б. параметрлермен сипатталады.

1-сурет. Аналық тақша

Процессор



   Процессор дегеніміз – көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын жүргізетін электронды микросхема. Жартылай өткізгіш кристалл өте таза кремнийден жасалады. Оны жасауда вакуумдық бүрку, қоспаларды иондық түрде енгізу, фотолитография және т.б. жоғары сапалы технологиялар қолданылады.
​   Бір кристалда жүз мыңнан астам өзара байланысқан электрондық молекулалар орналасып, күрделі ақпаратты түрлендіру жұмыстарын орындайды. Процессор разрядтылығы оның бір тактіде өз регистрлерінде қанша деректер битін қабылдап, өңдейтінін көрсетеді. Процессордың ең қарапайым элементар ішкі операцияларының орындалуы тактілік жиілікпен өлшенеді. Жиіліктің өлшем бірлігі – Гц (Герц).

Қоректендіру блогы



   Қоректендіру блогы – кернеуі, жиілігі, қуаты белгілі электр энергиясымен компьютерді жасақтайтын құрылғы. Әдетте, компьютерлер 5 немесе 12 вольттық төменгі кернеуді пайдаланады. Қоректендіру блогтарының айырмашылықтары олардың қуаттылығында және кернеуді тұрақтандыруында. Түрлі түсті сымдар (өткізгіштер) кернеу мөлшерлерін айқындайды: сарыға + 12 В, қызылға + 5 В, қара түске 0 В кернеу беріледі. Қуаты 150 ваттан 320 ватқа дейін болады. Қоректендіру блогында желдеткіш орналасады. Ол қоректендіру блогын ғана емес, жүйелік блокта орналасқан құрылғыларды да салқындатады. Ал процессорды салқындатып тұратын арнайы желдеткіш (кулер) бар.

Шина


   Шина – компьютер құрылғылары арасындағы электрлік сигналдарды басқаратын және олар арқылы мәліметтер жеткізуді жүзеге асыратын жалғастыру арналарын айтады. Шинаның негізгі үш түрі бар: мәліметтер шинасы, адрестік шина және командалық шина. Мәліметтер шинасы – мәліметтердің екілік разрядтарын компьютер құрылғыларының арасында параллель жеткізуге арналған жалпы шинаның бөлігі. Жад адресін жеткізуге арналған жалпы шинаның бөлігі немесе енгізу-шығару портын адрестік шина деп атайды. Шинаның түрлері: ISA, MCA, EISA, SCSI, VLB, PCI, AGP, USB және т.б.

Чипсет


   Чипсет (ағыл. Chipset – микросхема жинағы) – ұқсас міндет атқаратын микросхемалар жиыны. Орталық процессордың шалғай құрылғылармен мәліметтер алмастыру жұмысын жасақтайтын, аналық тақшада орналасқан микросхемалар жиынтығы чипсет деп аталады.

BIOS

   BIOS – аналық тақшада орналасқан компьютердің негізгі құрылғыларының бірі болып саналады. BIOS микросхемасы жүйе параметрлерін орнатуға арналған.



Қазіргі кезде BIOS-тың көптеген түрлері кездеседі. Бірақ дербес компьютерге арналған және көп таралғандары: AwardBIOS, AMIBIOS, PhoenixBIOS және UEFI.
​   2000 жылға дейін AwardBIOS үлкен қолданыста болды. Ол көп мөлшердегі функционалды қалыпты қамтиды, яғни компьютермен жұмыс істеу кезінде жеңілдіктер беріледі. Қазіргі кезде AwardBIOS тек қана ескі компьютерлерде кездеседі, өйткені оның орнын қазір PhoenixBIOS басты.
​   AMIBIOS – өте кең таралған BIOS. Қолданушыға компьютер құрылғысының жұмысына қажетті өзгерістер енгізу үшін көптеген өңдеулер жүргізіледі.
​   UEFI (Unified Extensible Firmware Interface, кеңейтілген дәнекер интерфейс) – BIOS-тың ең соңғы нұсқасы (2-сурет). Ол компьютердің енгізу және шығару жүйесіндей емес, операциялық жүйеге ұқсатып жасалған. UEFI-мен жұмыс істеу әрі оңай және қарапайым. Негізгі артықшылықтары ретінде қолайлы интерфейсін, тінтуірмен басқаруды, ғаламтор көмегімен жаңалап отыруды, жылдам қосылуын атап өтуге болады.

2-сурет. UEFI BIOS-ы



 Сопроцессор

   Сопроцессор – негізгі процессордың қызметтік мүмкіндігін толықтыратын мамандандырылған арнайы процессор. Сопроцессордың өз программасы болмайды, ол негізгі процессор командалары жүйесі мен регистрлерін кеңейтіп, сонымен бірігіп жұмыс атқарады. Ол жүйені басқармайды, тек орталық процессордан команда күтеді. Арифметикалық операциялардың орындалу уақытын 80% және одан да жоғары қысқартуға мүмкіндік береді, бейнесызбалық кескіндерді өңдеу де жылдамдайды.

Слот

   Слот – компьютердің аналық тақшасындағы кеңейтудің алып-қосу ойығы. Слот графикалық адаптерді, тізбекті және параллель интерфейстерді, дыбыс карталарын және т.б. шинамен байланыстыру үшін қолданылады.



Аналық тақшаға қосымша жалғанатын тақшалар

   Графикалық бейімдеуші (Видеокарта) – кескіндерді сақтау үшін ғана пайдаланылатын меншікті жедел жады бар құрылғы. «Тұрғылықты жері» бойынша бұл жад көбінесе бейнежады (videoRAM немесе VRAM) деп аталады. Бейнежады көлемі неғұрлым үлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылымдықпен және түрлі түстермен бейнелейді.

   Дыбыстық тақша – компьютерге жоғары сапалы дыбыс шығаруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді. Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы программаларда талап етіледі.



   Желілік тақша – компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді. Желілік тақшалардың бірнеше түрі бар: Ethernet, token ring және сымсыз желілерге қатынас құруға арналған тақшалар. Ең танымалдары – Ethernet және сымсыз желілер.

Енгізу-шығару порттары – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әртүрлі құрылғылар қосылады. Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен түрі компьютер порттарының саны мен түріне тәуелді болады.

Дербес компьютердің қосымша құрылғылары

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет