«информатика» ПӘнінен дәрістер жинағы оқытушы: Тлеумбетова Г. К. №1 бөлім. Ақпарат үрдістері



бет24/34
Дата25.07.2022
өлшемі369,5 Kb.
#37904
түріПрограмма
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34
Байланысты:
информатика д рістер жина ы

Өрістер типтері :
 Мәтіндік (Текстовый) - өлшемі ақырлы кәдімгі мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған мәліметтер типі;
 Сандық (Числовой) – нақты сандарды сақтауға арналған мәліметтер типі;
Мерзімі/Уақыты (Дата/Время) – күнтізбе бойынша күнін, айын және уақытты сақтауға арналған мәліметтер типі
 Ақшалық (Денежный) – қаржылық шаманы сақтауға арналған мәліметтер типі;
 OLE обьектілер өрісі (Поле обьектов OLE ) әртүрлі обьектілерді (картинкалар, клиптер және т.б) сақтауға арналған мәліметтер типі;
 MEMO өрісі (Поле MEMO) – (65535 символға дейінгі) үлкен көлемді мәтінді сақтауға арналған мәліметтер типі;
 Санауыш (Счетчик) – жазбаларды автоматты түрде нөмірлеуге арналған мәліметтер типі;
 Логикалық – логикалық мәліметтерді сақтауға арналған мәліметтер типі.
Жазбалар.
Жазба – белгілі бір обьект туралы толық мәліметтер жиынтығы. Жазба- кестенің жолы. Әрбір жазба бөлек өрістерден тұрады. Бір жазбаны екіншісінен айыру үшін кестеге бірінші кілт өрісін қосамыз.Бірінші кілт - әрбір жазба үшін бірден-бір идентификатор (мысалы, компонент шифры, тауар коды). Бірінші кілт ұқсас деректерді айыру үшін қызмет етеді. Сонымен бірге деректерді біріктіру үшін қызмет етеді. Және оның көмегімен бір кестені екіншісмен байланыстыруға болады.
Деректер базасын жасау.
Деректер базасын РФК301А атпен жасау үшін Access СУБД (Деректер базасын басқару жүйесі) ортасына кіру керек: ПУСК/ПРОГРАММЫ/МSAccess. Деректер базасын жасау сұқбат терезесі ашылады.
 Бұл терезеден Жаңа деректер базасы пунктін таңдап, OK батырмасын басу керек. Тағы бір терезе ашылады.
 Бұл терезеде жаңа базаның атын РФК301А енгізу керек. Деректер базасы терезесі ашылады. Деректер базасы.
Екінші тәсіл: Саймандар панеліндегі Жасау (Создать) батырмасын басыңыз немесе Файл менюіндегі Жасау (Создать) командасын таңдаңыз.
Деректер базасын жасау сұқбат терезесі ашылады.Онда деректер базасының аты енгізіледі және деректер базасын сақтайтын каталог таңдалады. Деректер базасының аты сегіз символға дейін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет