§2. Windows операциялық жүйесі
Жоспар
2.1. Windows ОЖ негізгі технологиялық принциптері.
2.2. Windows ОЖ-ң таралған нұсқаларының сипаттамасы
2.3. Windows жүйесінің негізгі объектілері.
2.4. Жұмыс столында жасалатын әрекеттер.
2.5. Сілтеуші. Файлдармен, қапшықтармен, дискілермен жұмыс.
2.6. Қосымшалар арасында ақпарат алмасу. Алмасу буфері.
2.7. Windows ОЖ-де тіркес пернелерді қолдану.
2.8. Файлдардың кеңейтімі.
2.1. Windows ОЖ негізгі технологиялық принциптері
Графикалық интерфейсті көп есептілі Windows операциялық
жүйесі MS-DOS-ты ауыстырды. Бұл жүйенің маңызды қасиеттері мен
технологиялық прициптерін нұсқайық:
-
Select (таңдап алу, белгілеу) принципі – бұл керек объектіні
белгілеу, яғни тінтуірдің сол батырмасымен нұсқап тұрып шерту.
-
Drag-and-Drop (сүйрет және таста)– технологиясын қолдану
арқылы графикалық интерфейс іске асырылған. Бұл шын мәнінде
тінтуірдің көмегімен кез келген амалдарды орындауға мүмкіндік
береді.
-
Plug and Play (қос және жұмыс жаса) принципі–
компъютерге қосылған құрылғыны автоматты түрде айырып тану
технологиясы. Windows өзі қажет драйверді қояды және ресурсты
бөледі, бұл пайдаланушыға жаңа құрылғыны қосып жұмысын
жалғастыруға мүмкіндік береді.
-
OLE (Object Linking and Embedding) – объектілерді
байланыстыру және кірістіру технологиялық принципі – бұл
программалар
арасындағы
технологиялық
бірігудің
(интеграциялануда) ең басты құралы болып табылады. Ол бір
программада өңделген объектіні басқа программалардың құжаттарына
кірістіру мүмкіндігін береді. OLE технологиясын Microsoft Office
қолданбалы программалар дестесі, сонымен қатар Windows жүйесі
үшін жасалған барлық қолданбалы программалар қолдайды.
-
көп есепті (multitasking) — бірнеше үрдісті қатар өңдеуді
қамтамасыз ету операциялық жүйенің немесе программалау ортаның
қасиеті.
-
көп есепті ығыстырушы (вытесняющая многозадачность)
— бұл көп есептіліктің түрі, яғни операциялық жүйе, ағымды үрдісті
оның көмегінсіз уақытша үзіп тастай алады. Соның арқасында
қосымша программалар «ілініп» (зависает) қалса да, әдетте
операциялық жүйе «ілінбейді».
206
Қазіргі кезде дүние жүзінде көптеген компьютерлер Microsoft
фирмасының нұсқасы әртүрлі Windows операциялық ортаның
басқаруымен жұмыс жасайды. Көбінесе кең тараған нұсқаларды
сипаттайық.
2.2 Windows ОЖ-ң таралған нұсқаларының сипаттамасы
2.2.1 9x тектес Windows
Оған Windows 95, Windows 98 және Windows Me ОЖ жүйелері
кіреді.
Windows 95 операциялық жүйесі 1995 жылы шығарылды. Оның
ерекше өзгешеліктері: жаңа пайданушылық интерфейсі, файлдардың
ұзын атауларын қолдауы, сыртқы құрылғыларды Plug and Play
конфигурациялауы (пішін үйлестіруі) және автоматты түрде айырып
тануы және 32-биттік қосымшаларды орындау қаблеттілігі болды.
Windows 95 көп есепті ығыстырушылықты қолданады және
өзінің адрестік аймағында әр 32-биттік қосымшаны орындайды.
Windows 95 құрамында MS-DOS 7.0 болды, бірақ оның жұмысы
жүктеу үрдісін және 16-биттік DOS қосымшаларын орындауды
қамтамасыз етумен шектелді.
Windows 98 – Майкрософт корпорациясың 1998 жылы 25
маусымда шығарған графикалық операциялық жүйесі.
Windows 98 – бұл MS-DOS-қа негізделген, бұрынғыдай
гибридтік 16/32-разрядтты, Windows 95-ң жаңартылған нұсқасы
болды.
Бұл операциялық жүйеде, AGP (Accelerated Graphics Port,
жылдамдатылған графикалық порты) жақсартылды, USB драйверлері
қосымша істеліп пысықталды, бірнеше мониторлармен және WebTV-
мен жұмыс жасауды қолдайтын мүмкіндігі пайда болды.
Windows 95, 98 жүйелерінің интерфейстеріне Internet Explorer 4
(Active Desktop функциясы) біріктірілген (интеграцияланған).
2.2.2 NT тектес Windows
Қазіргі кезде бұл тектес операциялық жүйелері архитектурасы
x86, x64 және Itanium процессорларымен жұмыс жасайды.
Бұл тектес операциялық жүйелерің барлығы толығымен 32-
биттік операциялық жүйелер болып табылады және де, тіпті жүктеу
үшін де, MS-DOS-ты қажет етпейді.
Серверлер үшін тек қана осы тектесті жүйелердің ішінен,
операциялық жүйелер ұсынылды.
Бұл тектес ОЖ Windows 2000 нұсқасына дейін, жұмыс
стансаларының нұсқасына ұқсас атауларымен шығарылды, бірақ
жұрнақ қосылып жүрді, мысалы «Windows NT 4.0 Server» және
«Windows 2000 Datacenter Server».
207
Windows Server 2003-тен бастап, серверлік операциялық
жүйелер басқаша аталды.
1.
Windows NT 3.1 (1993)
2.
Windows NT 3.5 (1994)
3.
Windows NT 3.51 (1995)
4.
Windows NT 4.0 (1996)
5.
Windows 2000 (2000) — Windows NT 5.0
6.
Windows XP (2001) — Windows NT 5.1
7.
Windows XP 64-bit Edition (2006) — Windows NT 5.2
8.
Windows Server 2003 (2003) — Windows NT 5.2
9.
Windows Vista (2006) — Windows NT 6.0
10.
Windows Home Server (2007) — Windows NT 5.2
11.
Windows Server 2008 (2008) — Windows NT 6.0
12.
Windows Small Business Server (2008) — Windows NT 6.0
13.
Windows 7 — Windows NT 6.1 (2009)
14.
Windows Server 2008 R2 — Windows NT 6.1 (2009)
Windows NT (NT — New Technology) тектес операциялық
жүйелер, үрдістер арасын адрестік кеңістікпен бөлу негізіне
жасалған. Әр үрдістің, оған бөлінген жадымен жұмыс жасау
мүмкіндігі бар. Алайда, ол жадыға басқа үрдістерді, драйверлерді
және жүйелік кодын жазуға құқығы жоқ.
NT тектес Windows – көп есепті ығыстырушы және көп
пайдаланушылық құралдары дамыған, торапты қолдауы кірістірілген
32-разрядты ОЖ.
Бұл операциялық жүйе жергілікті торап аймағында жұмыс
жасайтын пайдаланушылар үшін, деректермен алмасып, үлкен
жобалармен жұмыс жасайтын ұжымдық пайдаланушылар үшін өте
ыңғайлы.
2.2.3 XP тектес Windows
Windows XP — Microsoft корпорациясының NT тектес Windows
операциялық жүйесі. Ол Windows 2000 Professional-ң дамытылған
нұсқасы ретінде, 2001 жылы 25 казанда қолданысқа шықты.
XP атауы ағылшынша experience (тәжрибе) деген сөзінен
шығады. Бұл атау тәжрибелік қолдану аясына кәсіби нұсқа ретінде
енді.
Алдыңғы Windows 2000 жүйесінің серверлік және клиенттік
нұсқалары бар, ал Windows XP тек қана клиенттік жүйе. Оның
серверлік нұсқасы кейінірек шыққан Windows Server 2003 жүйесі
болды.
208
Windows XP және Windows Server 2003 операциялық жүйелері
бір ядролық негізінде құрылған, нәтижесінде олардың дамуы және
жаңартылуы азды-көпті қатарлас жүруде.
Windows
XP
Professional
Edition
кәсіпорындар және
кәсіпкерлер үшін жасалды. Ол мына функциялардан тұрады:
компьютердің жұмыс столына алыстан кіру, файлдарды шифрлеу
(Encrypting File System көмегімен), кіру құқығын орталықтан басқару
және көп процессорлық жүйені қолдау.
Windows XP Home Edition — үйде қолдануға арналған жүйе.
Арзан, Professional Edition-ң «қысқартылған» нұсқасы түрінде
шығарылады, бірақ сол ядроға негізделген және кейбір әдістердің
көмегімен Professional Edition-ң толық нұсқасына дейін дерлік
жаңартуға болады.
Windows XP Media Center Edition Professional Edition-ге
негізделген және арнайы мультимедиалық қосымшалардан тұрады.
Әдетте, компьютер теледидар картасымен (ТВ-карта) және
қашықтықтан басқару пультімен (ПДУ–пульт дистанционного
управления) жабдықталады. Бұл жүйенің маңызды қасиеті, Windows-ң
оңайлатылған басқару жүйесіне байланысты, телевизорға қосылу
мүмкіндігі және пульт арқылы компьютердің басқарылуы болып
табылады. Сонымен қатар, жүйенің ультра-қысқа толқынды радионы
(УКВ-радио) қабылдайтын қызметі де бар.
Пайдаланушының графикалық интерфейсі
Windows Explorer-ң ерекшеленуі мөлдір тік төртбұрышты
болып іске асырылады.
Жұмыс столында жарлықтардан көлеңке түседі.
Сілтеуші терезесінде бүйірде есептерді (қосымшаларды)
орындауға бағытталған қосымша тақта («common tasks»).
Жіберілген қосымшалардың белгілі бір санында, есептер
тақтасына қосымшаның кнопколарының бір кнопкаға топталуы, ол
көбінесе оны «айналдыру» қажеттілігін азайтады.
Кездейсоқта өзгеріп кетпес үшін, есептер тақтасын және
көмекші тақтадарді оқшауландыру (заблокировать) мүмкіндігі пайда
болды.
«Пуск» мәзірінде жаңадан қосылған программаларға
жататын элементтер түсі өзгеріп ерекшеленеді.
Мәзірде көлеңке түседі (Windows 2000 тек тінтуірдің
сілемесінен көлеңке түсетін).
Біріктірілген программалық өнімдер
Microsoft Windows дестесіне мына стандартты қосымшалар:
браузер (Internet Explorer), пошталық клиент (Outlook Express немесе
209
Windows Mail), музыкалық және бейне ойнататқышы (Windows Media
Player) кіреді.
COM
1
және OLE технологияларының көмегімен шеттегі
өндірушілердің қосымшаларында қолданылуы мүмкін. Бұл өнімдер
тегін және Microsoft-ң ресми сайтынан еркін алуға болады, бірақ
оларды қою үшін, Microsoft Windows-ң лицензиялық нұсқасы болуы
қажет.
2.3 Windows жүйесінің негізгі объектілері
Жұмыс столы (Desktop) – Windows жүйесіне кіргенде экранда
шығатын суреттік фоны бар, экранмен бірдей жұмыс аймағы. Оның
үстінде жүйелік, т.б. қапшықтарының және программалардың
пиктограммалары, жарлықтар (ярлык) тұрады.
Әдетте Жұмыс столының бетінде қапшықтар: Мой компъютер,
Корзина, Сетевое окружение, Мои документы және Есептер
панелінде ПУСК батырмасы арқылы кіретін Бас мәзір тұрады.
Қапшықтарды, жарлық-белгілерді қосуға және алып тастауға,
түрлерін өзгертуге, өз жұмыс столының фонын таңдауға, компьютерді
демалдыруға (Заставка → Хранитель экрана) және т.б.
Пиктограмма (шартбелгі) – Windows жүйесінің әртүрлі
қосымшаларын, құрылғылары, қапшықтарды, құжаттарды т.б.
элементтерін бейнелеуге арналған кішкентай графикалық сурет.
Бас мәзір – ПУСК батырмасы немесе Windows логотипі
салынған пернемен ашылады. Бас мәзір Windows жүйесінде қойылған
қосымшаларға және утилиттерге тез кіруді қамтамасыз етеді.
Windows XP-ң Пуск мәзірі
пайдаланушының аты және авторы;
браузерге және клиенттің E-mail-не кіру;
жиі қолданылатын программаларға кіру;
арнайы қапшықтарды ашу;
компьютерді өшіру.
Қапшық (папка
2
) — файлдардың және басқа қапшықтардың
қоймасы. Қапшықтардың ішінде тағы қапшық болуы мүмкін.
Қапшықтардың екі түрі болады: жүйелік және жеке пайдаланушының
қапшықтары.
Жеке қапшықта пайдаланушының бір тақырыптық бағытта
сақталған программалары құжаттары болуы мүмкін.
Жүйелік қапшықтарға Мой компъютер, Корзина, Мои
1
COM (ағылш. Component Object Model — компоненттердің объектілік моделі, Microsoft компаниясы
жасаған компьютерлік технолгиясы.
2
Папка термині (ағылш. - folder) офистік қапшықка ұқсас пайдаланушылық графикалық интерфейсте
файлдық жүйенің объектілерін ұсыну үшін енгізілген.
210
документы, Сетевое окружение, Панель управления, т.б. жатады. Бұл
қапшықтар Windows жүйесі орнатылғанда бірге қойылады.
Жарлық (shortcut)— программалық элементтің аты және
белгісі, оны екі рет шерту арқылы сәйкес программаны орындаймыз.
Көбінесе «ыңғайсыз» жерде орналасқан программаларды тез
жіберу үшін жарлықты жұмыс столына шығарып қояды. Жұмыс
столындағы жарлықтың сол жақ төменгі бұрышында түрінде белгі
болады.
Терезе – Windows
1
жүйесінің графикалық интерфейсінің негізгі
объектісі, экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы. Онда әртүрлі
программалардың, файлдардың белгілері орналаласады.
Терезелердің түрлері. Windows қосымшаларының терезелері;
утилиттік программалардың терезесі; диалогты терезелер , т.б.
Терезелердің бірыңғайланған компоненттері:
1)
тақырып жолы – сол жағында программаның жүйелік
батырмасы, ал оң жағында стандартты үш: «Свернуть», «Развернуть/
Свернуть в окно», «Закрыть» батырмалары орналасқан;
2)
мәзір жолы – негізгі командалар: Файл, Правка, Вид, Сервис,
Справка терезелердің барлық түрлерінде болады;
3)
саймандар жолы – құрамындағы батырмалардың түрлері
ашылған программаға (жүйелік, қолданбалы, утилиттік, т.б.)
байланысты болады;
4)
адрестік жол – жүйелік, утилиттік қапшықтардың
терезесінде болады;
5)
жұмыс аймағы – ашылған қапшықтың объектілерімен
жұмыс орындалады.
Есептер тақтасы – экранның төменгі жағындағы тақта Пуск
батырмасымен бірге орналасқан. Әдетте ашылған қолданбалы
программаларға сәйкес батырмалар пайда болады. Сәйкес батырманы
басу арқылы немесе ALT+TAB пернелерімен программадан
программаға ауысуға болады.
Мой
компьютер
–
қапшығы
(терезесі)
ашылғанда,
компьютерде қойылған құрылғылардың, жүйелік программалардың
қапшықтары, т. б. белгілер тұрады. Құрылғылардың белгілері арқылы
сәйкес
программалық
утилиттердің
қапшықтарына
кіруге,
компьютерде қойылған құрылғылар туралы мәліметтерді көруге
болады.
Корзина (Қоржын) – қапшығы (терезесі) қатты дискіден
жойылатын файлдар, қапшықтар, құжаттар үшін, Жұмыс столында
арнайы ұйымдастырылған буфер болып табылады. Сондықтан, қажет
1
Windows сөзінің нақты аудармасы «терезе» екені белгілі.
211
болып қалған жағдайда, Қоржынға түскен объектілерді қайта
шығарып қалпына келтіруге болады.
Тінтуірменен жұмыс
«Тінтуір» манипуляторы – компьютермен пайдаланушының
интерфейсін қамтамасыз ететін сілтеме енгізу құрылғыларының бірі.
Тінтуір – пайдаланушының экрандағы "саусағы". Оның әдетте
екі батырмасы және құжатты тез айналдыру үшін дөңгелекшесі
болады.
Шырт еткізу (Click) – қажетті элементтің шартбелгісіне апарып
тінтуірдің сол (оң) жақ батырмасын бір рет тез басып қоя беру.
Тінтуірдің оң жақ батырмасын шырт еткізкенде экранға
жанама-бағынышты (қосымша) мәзір шақырылады. Көбіне
мынадай ереже қолданылады: «не істеуді білмесең — оң
батырманы бас». Сол туралы ұмытпаған жөн.
Екі рет шырт еткізу (Double click) – тінтуірдің сол жақ
батырмасын екі рет қатарынан тез басу – «қағу». Екі рет шырт еткізу
программаларды орындау үшін, терезеге (қапшыққа) кіру үшін
қолданылады.
Екі рет шырт еткізудің жылдамдығын баптауға болады:
ПУСК
Панель управления
Мышь
...
«Сүйрет және таста» (Drag-and-Drop) – сілтемені орны
ауыстырылатын элементке апарып, тінтуірдің сол батырмасын басып,
оны сол басулы күйінде сілтемені (элементпен қоса) қалаған орынға
жеткізгеннен кейін қоя береміз.
Тінтуір CTRL, Shift ALT пернелерімен бірлесе жиі
қолданылады. Бұл ретте, сол қолмен қажет пернені басыңыз, ал
тінтуірмен жұмысты оң қолмен жасаңыз.
Кейбір жиі қолданылатын батырмалар және белгілер:
— есепші жоғарғы үшбұрыш санның мәнін бірге өсіреді –
төменгісі азайтады;
↔↕ — терезелердің көлденең және тік өлшемдерін өзгерту;
немесе – режім қосылды; керісінше □ немесе ○ – режім
үзіледі;
– құм сағаты – күту керек, жүйе бос емес;
– амал мүмкін емес;
– бағыт-үшбұрыш –атаудың оң жағында тұрса «таңдау бар»
дегенді білдіреді, оны шырт еткізгіп ашылған тізімнен қажет әрекет
таңдалады.
2.4 Жұмыс столында жасалатын әрекеттер
Бас мәзірге кіру – Windows қосымшалары және рұқсат
программалардың тізімі шығады. ПУСК батырмасын басып шыққан
212
тізімнің бойымен тінтуірды жоғары-төмен қозғасаңыз, Windows-тан
кіруге болатын көптеген қызықты программаларды және құжаттарды
көруге болады.
Пункт атауының оң жағындағы белгі, оның мазмұны қалқыма
мәзірдің тізімінен көрінеді.
Терезені жабу (тапсырманы аяқтау) – терезенің оң жақ жоғарғы
бұрышындағы жабу батырмасын шырт еткізу. Немесе Файл
Закрыть. Немесе Alt + F4.
Толық экранды терезе – жаю (развернуть) батырмасын
шырт еткізу. Терезе толығымен ашылған кезде жаю батырмасы
түріне ауысады.
Терезені бұрынғы қалпына келтіру – (восстановить окно)
батырмасын шырт еткізу.
Терезені жинау (Жұмыс столынан уақытша алып тастау) –
терезенің оң жақ жоғарғы бұрышындағы (свернуть) батырмасын
шырт еткізу. Жиналған терезенің белгісі және атауы Есептер
тақтасына ауысады.
Бұл айтылмыш терезені экраннан алып тастау үшін керек,
бірақта Windows көп есепті жүйе болғандықтан, онда жіберілген есеп
жұмысын үзбейді. Жиналған есепті қайтару үшін Есептер
тақтасындағы атауын шырт еткізсе болғаны.
Жіберілген есептердің бәрін экранда орналастыру – Есептер
тақтасының бос жерінде тінтуірдің оң батырмасын шырт еткізу
қалқымалы мәзірден таңдау
Окна каскадом/Окна сверху вниз/Окна
слева направо.
2.4.1 Қапшықтармен жұмыс
Жұмыс столында қапшық құру – Жұмыс столының бос
жерінде тінтуірдің оң батырмасын шырт еткізу
Создатъ
Папка
қапшықтың атауын теру
Enter.
Жұмыс столынан қапшықты жою – жойылатын қапшықты оң
батырымамен шырт еткізу
Удалить. Немесе қапшықтың белгісін
шырт еткізіп
Del пернесін басу. Немесе қапшықтың белгісін «іліп»
алып Қоржынға сүйреу және тастау
Да.
Бар қапшықтың ішінен жаңа қапшық құру – ПУСК-ті оң
батырмамен шырт еткізу
Проводник, жаңа қапшық құрылатын
логикалық дискіге шығу (әдетте ол D:), қажет директорияға кіру
(оның белгісін екі рет шырт еткізу),
Файл
Создать
Папка,
қапшықтың атауын теру
Enter.
213
Қапшықтың атауын өзгерту – оны тінтуірдің оң
батырмасымен шырт еткізу
Переименовать, жаңа атауын теру
Enter
Қажет қапшықты іздеу – оң батырманы шырт еткізу ПУСК
Найти. Немесе ПУСК
Поиск
Файл (Папка). Қапшық немесе
файл атауын теріп
Найти.
2.4.2 Жарлықтар – программаларға, файлдарға кіру жолы
Жарлықты жасау тәртібі – тінтуірдің оң батырмасын шерту
Создать
Ярлык
Обзор
керек программа тұрған қапшыққа
кіру, керек программаның атын шерту
Открыть
Далее,
жарлықтың атын теру, белгісін таңдау
Enter.
Немесе – Мой компьютер (немесе ПУСК
Программы
Проводник), орындалатын файлды (программаны) тауып, Жұмыс
столына сүйретіп қою. Файлды (программаны) шақыратын жарлық
пайда болады.
Жарлық жойылса да программаның өзі жойылмайды, себебі ол
прогамманың өзі емес, тек оған апаратын жол екенін ұмытпайық.
Жұмыс столындағы жарлықты жою – оны оң батырманы
шырт еткізу
Удалитъ
Да. Немесе оның жарлығын сырт еткізіп
DEL батырмасын басу
Да.
Жарлықтың атауын өзгерту – жарлықты оң батырмамен шырт
еткізу
Переименовать, жаңа атауды теріп, Enter батырмасын басу
немесе бос жерде сырт еткізу.
Жарлықтың белгісін ауыстыру – сол жарлықты оң
батырмамен шырт еткізу
Свойства
Программа
Сменить
значок, жаңа белгіні таңдап алу (оны сырт еткізу)
ОК
ОК.
Windows ортасына бейімделген Word, Excel және т.б. «туыс»
программалары үшін белгілерді өзгертуге болмайды.
Тікелей Бас мәзірге жарлықты кірістіру – Жұмыс столынан
немесе қапшықтан керек жарлықты тінтуірмен іліп алып, ПУСК
батырмасына сүйреп апарып, соның үстіне түсіру керек. ПУСК-ті
басқанда, жарлық мәзірдің жоғарғы жағында орналасқанын көреміз.
Бас ПУСК мәзірінің қандай болмасын бөліміне жарлықты
қосу. Жұмыс столында немесе қайсыбір қапшықта тұрған керек
жарлықты, жәй іліп алып, ПУСК батырмасына жылжытып апарып,
мәзірдің керек бөліміне, (мысалы Автозагрузка) түсіру керек. Жарлық
таңдалған бөлімде көрсетіледі.
Немесе:
ПУСК
Настройка
Панель задач
Настройка
меню
Добавитъ,
Обзор және керек программаны табу,
Далее,
жарлықты қоятын мәзір бөлімін таңдау (мысалы Стандартные
214
мәзіріне), шақырылатын программаның атауын теру, Далее,
жарлықтың белгісін таңдап және оны сырт еткізу,
Готово
Далее
Готово
ОК.
Шақырылатын программаның жарлығы (белгісі және атауы) сол
таңдалған бөлімде пайда болады.
Бас ПУСК мәзірінен немесе оның бөлімінен жарлықты жою.
Пуск мәзірін немесе оның бөлімін ашып, керек емес жарлықты
тінтуірдің оң батырмасымен сырт еткізу
Удалить.
Немесе ПУСК
Настройка
Панель задач
Настройка
меню
Удалитъ, мәзірдегі керек бөлімді табу (мысалы
Стандартные), жойылатын жарлықтың атауын сырт еткізіп
Удалить
Да. Осылай дәйекті түрде бірнеше жарлықтарды
(қапшықтарды) жоюға болады. Одан соң Закрыть
ОК немесе
батырмасымен жабу.
Кез келген қапшықта жарлықтармен жұмыс дәл осы Жұмыс
столындағыдай жүреді.
Жұмыс столына А:, С:, D: дискілерінің жарлықтарын қосу –
Мой компъютер жүйелік қапшығын ашу, керек дискінің белгісін іліп
алып, Жұмыс столына жылжытып апару
Да. Бұл, тікелей Жұмыс
столынан керек дискіге тез кіруді қамтамасыз етеді.
2.4.3 Қоржын. Файлдарды және қапшықтарды жою
Қоржын (Корзина) – жұмыс үрдісінде, жойылған барлық
файлдардың (қапшықтардың) уақытша сақталатын орыны. Бірақ,
барлық жойылған файлдар дискіден алынып тасталмайды және өзіңіз
оны тазартқанға дейін Қоржында қалады (дискілік кеңістікті алып
тұрады). Қоржынның қасиеті ол, әлдеқалай лақтырылған, бірақ онан
соң керек болып қалған файлдарды, қапшықтарды қайтадан қалпына
келтіруге болады.
Файлды (файлдар тобын, қапшықты) Қоржынға салу (удалить)
– оларды белгілеу,
Файл
Удалитъ. Немесе DEL пернесін басу.
Немесе файлды (файлдар тобын, қапшықты) оң батырмамен сырт
еткізу және Удалить командасын таңдау.
Қоржынға алыстатылған файл Сіз үшін жоғала қоймауы
мүмкін. Оны басқа біреу, не өзіңіз Қоржынды тазартпай түрғанда,
алуға болады.
Егер файл жойылған кезде Қоржынға түспесе – оң
батырмамен Қоржынды сырт еткізу
Свойства мәзірдегі
Уничтожать файлы сразу после удаления пунктіндегі қанатшаны
алып тастау керек.
Қоржынға түсірмей файлды біржола жою – файлды сырт
еткізіп, Shift + DEL батырмаларын басу.
215
Қоржыннан әлдеқалай түскен файлды орнына келтіру –
Қоржын қапшығына кіріп, файлды оң батырмаман сырт еткізу
Восстановить. Немесе
Файл
Восстановитъ. Файл өзінің тұрған
орнына оралады. Бірнеше файлдарды қатарынан орнына келтіру үшін,
оларды алдымен белгілеп және Файл
Восстановитъ.
Қоржынды тазалау (жұмыс барысында салынған барлық
нысандарды біржола жою және дискілік кеңістікті босату) –
Қоржынды оң батырмамен сырт еткізу және
Очиститъ Корзину.
Немесе Корзина белгісін екі рет сырт еткізу
Файл
Очиститъ
Koрзину
ОК.
Дискетадан алыстатылған файл Қоржынға түспейді (сыртағы
«қоқым» компьютерге керек емес).
Қоржынның көлемін білу және өзгерту үшін, оны оң
батырмамен сырт еткізіп Свойства пунктін басу керек, әдетте – ол
винчестердің 10% құрайды. Қоржынның көлемін, жүгіртпені
(бегунок) қозғау арқылы өзгертуге болады.
2.5 Сілтеуші. Файлдармен, қапшықтармен, дискілермен
жұмыс
Файлдар және қапшықтармен жұмыс жасауға арналған
қызметші программа.
Сілтеушіге кіру – ПУСК батырмасын тінтуірдің оң
батырмасымен сырт еткізу
Проводник.
Шығу – Сілтеушінің батырмасын шерту. Немесе ALT + F4.
Сілтеуші программасының терезесі екі тақтадан тұрады. Сол
жақтағы тақтада иерархиалық түрде орналасқан қапшықтар тұрады.
Оң жақтағы тақтада, таңдалған қапшықтың ішінде тұрған объектілер
(қапшықтар, файлдар) көрінеді.
Сілтеуші
программасы
арқылы
қапшықтарды
құруға,
көшірмесін жасауға, жоюға, атауын өзгертуге және программаларды
орындалуға жіберуге болады.
Басқа дискіге (қапшықка) ауысу – жоғарғы деңгейге шығу
батырмасын
шертіп, керек қапшықтың немесе дискінің белгісін
шерту.
Қапшықтың мазмұнын көру – сол жақтағы тақтада керек
қапшықтың белгісін шертсе, оң жақтағы тақтада таңдалған
қапшықтың ішінде тұрған объектілер (қапшықтар, файлдар) көрінеді.
Қапшықтардың қасында тұрған «
» белгісі, оның ішінде тағы
қапшықтар бар екенін көрсетеді. Осы «
» белгісін шерткенде, ол «
»
белгісіне айналып, қапшықтың төменгі жағында оның ішіндегі
қапшықтар шығады. Қайтадан қапшықтың касындағы сол «
» белгіні
216
шертсек, ішкі қапшықтар жасырылады.
Файлдың (қапшықтың) көшірмесін жасау – CTRL пернесін
басып тұрып, көшірмесін алатын файлдың немесе қапшықтың белгісін
тінтуірдің сол жақ батырмасымен «іліп» алып көшірмені
орналастыратын қапшыққа апару қажет. Көшірмені қабылдайтын
қапшық ашық болып белгіленеді. Тінтуірдің батырмасын
жібергеннен кейін барып CTRL пернесі босатылады.
Бұл әрекет кезінде көшіріліп жатқан файлдың (қапшықтың)
белгісінің қасында «+» белгісі пайда болуын қадағалау қажет.
Бірақ үйреншікті сенімді әдіспен орындау тәртібі:
1. файлды тінтуірдің оң батырмасымен шертіп
Копироватъ,
немесе файлды шертіп →Копироватъ батырмасын басу;
2. көшірме орналасатын қапшықты тінтуірдің оң батырмасымен
шертіп→Вставитъ,
немесе
қапшықты
ашып
→Вставитъ
батырмасын басу.
Бірнеше файлдардың көшірмесін алу – алдымен CTRL
пернесін басып тұрып, керек файлдардың атауларын шертіп белгілеу.
CTRL пернесін басып тұрып, белгіленген файлдардың кез келген
біреуін «іліп» алып, файлдар тобын көшірмені орналастыратын
қапшықка жылжытып апару қажет.
Осы әрекет кезінде «+» белгісі (ауыстыру емес, көшірме жасалу
белгісі) пайда болуын қадағалау керек.
Файлдың орнын ауыстыру – «іліп» алып керек қапшықка
жылжытып апару керек.
Файлдар тобының орнын ауыстыру – CTRL пернесінің
көмегімен файлдарды белгілеп, кез келген біреуін «іліп» алып,
файлдар тобын керек қапшықка жылжытып апару қажет, мысалы
Қоржынға.
Егер Сіз түпнұсқаны немесе көшірмені керек қапшықка дейін
«жеткізе» алмасаңыз, онда Сілтеушінің саймандар тақтасындағы
Отменитъ батырмасын шертіп әрекетті кері қайтаруға болады.
2.6 Алмасу буфері. Қосымшалар арасында ақпарат алмасуы
Алмасу буфері – ақпаратты уақытша сақтауға арналған
жадының
аралық
аймағы.
Қапшықтардың,
файлдардың,
құжаттардың, т.б. көшірмесін жасағанда және қолданбалы
программалардың арасында ақпарат алмасуына қажет. Буферде тұрған
ақпаратты шексіз ала беруге болады.
Буферге ақпаратты жазу – Правка
Копировать (Вырезать)
командалары (немесе тақтадағы сәйкес батырмалар) немесе CTRL +
С пернелерін қатар басу арқылы орындалады.
Буферден ақпаратты оқу – Правка → Вставить командасы
217
(немесе тақтадағы сәйкес батырмалар) немесе SHIFT+ INSERT
пернелерімен орындалады.
3.3-сурет. Буфер арқылы ақпарат алмасу схемасы
Буфердің мазмұнын көру – Пуск → Программы →
Стандартные → Служебные → Буфер обмена. Экранға буфердің
мазмұны шығарылады.
Барлық программалар (Pbrush, PowerPoint, Word, Excel және
т.б.) өзара байланысқан. Шынында кейбір нәрселерді Excel-де
(мысалы әдемі өңделген есептелетін кестелерді, диаграммаларды және
т.б.), Pbrush-та тездетіп суреттерді салуға, анимацияны – Power Point-
та, Corel Draw графикалық редакторында фирманың логотипін,
кітаптың әдемі мұқабасын, т.с.с. жасаған ыңғайлы. Және де
осылардың бәрін бір құжатта байланыстыруға болады. Алмасу буфері
осы программалардың арасындағы дәнекері болып табылады. Тек
қана, бір қосымшадағы (мысалы Excel-де) қажет объектіні белгілеп,
Алмасу буферіне көшірмесін жіберіп, басқа қосымшаға (мысалы
Word-қа)
ауысып, Алмасу буферінен сол ақпарат кіріктіру
командасымен қойса болғаны.
Яғни, Excel-де санаймыз, Word-та мәтінін тереміз, Corel Draw-та
әшекейлейміз, бәрін PowerPoint-қа қойып «тірілтеміз», баспаға
шығарамыз немесе электронды поштамен жібереміз.
2.7 Windows жүйесінде пернелер тіркесін қолдану
Пернелер тіркесі (синонимдері: ыстық перне, тез кіру пернесі,
тез шақыру пернесі) – компьютермен әрекеттестік интерфейсінің бір
түрі, пернетақтада командалар (амалдар) тағайындалған, пернелерін
(немесе олардың тіркесін) басу.
Бірнеше пернелердің басылуы қатар орындалуы керек.
Пернелер тіркесін қолдану, бір пернеге бірден артық әрекеттерді
тағайындауға мүмкіндік береді.
Модификатор (түрлендіргіш) пернелері
Пернетақтада осындай пернелердің ұқсасы (аналогы) Ctrl, Alt,
Shift және Windows пернелері болады, оларды көбінесе модификатор
пернелелі деп атайды.
Алмасу
буфері
Word
Excel
Access
…
Power
point
Paint
218
Яғни, бір пернеге сегізге дейін әртүрлі командаларды «іліп»
қоюға болады:
1)
Delete-нің модификаторларынсыз белгілі пернені басу;
2)
Ctrl + перне — Ctrl + Delete;
3)
Alt + перне — Alt + Delete;
4)
Shift + перне — Shift + Delete;
5)
Ctrl + Shift + перне — Ctrl + Shift + Delete;
6)
Ctrl + Alt + перне — Ctrl + Alt + Delete;
7)
Alt + Shift + перне — Alt + Shift + Delete;
8)
Ctrl + Alt + Shift + перне — Ctrl + Alt + Shift + Delete.
3.4-сурет IBM/Windows-ң компьютерлік пернетақтасы
Мысал ретінде Ctrl + Alt + Delete пернелер тіркесін
қарастырайық.
Пернелерді бәрін бірден қатар, яғни аккорд түрінде баспау,
керек. Алдымен Ctrl және Alt пернелерін басып тұрып және оларды
жібермей Delete пернесі басылады.
Delete пернесін басу сәтінде, басулы тұрған Ctrl және Alt
пернелері, Delete пернесінің әрекетін модификациялайды. Яғни,
Delete пернесі басылған кезде, оның негізгі әрекеті емес (сол
жақтағы символды немесе белгіленген объектіні жою), одан басқа
«түрленгеннің» біреуі, Windows XP-ң қосымшасы Есептер диспетчері
(taskmgr.exe.) шақырылады.
Перне тіркестерің бөлінуі:
Жеке тіркестер – егер программаның терезесі белсенді болса
ғана сол тіркестерге тағайындалған команданы программа ұстай
алады;
Программа үшін ауқымды тіркестер – белгілі программа кез
келген терезеден ұстай алады;
Операциялық жүйе үшін ауқымды тіркестер – операциялық
жүйе кез келген терезеден ұстай алады.
219
Windows үшін Ctrl + Alt + Delete пернелерінің тіркесі ауқымды
болады, себебі ол кез келген терезеден орындалады және операциялық
жүйе оны ұстай алады.
Әртүрлі программаларда пернелер тіркестерінің әртүрлі
жиындары болады. Нақты қандай тіркестерді және қай командаларға
пернелер тіркесін тағайындауды программаны жобалаушы өзі
шешеді.
Windows XP-де пернелердің ауқымды тікестірері
Пернелер тіркесі
Орындалатын команда
Alt + Shift + Tab немесе
Alt + Tab
Терезелер арасында ауысу
Alt + F4
Белсенді терезені жабу
Alt + Space (бос орын)
Жүйелік терезенің мәзірін ашу. Тінтуірдің
көмегінсіз терезені жабуға, жинауға, қалпына
келтіруге және аумағын өзгертуге болады.
F1
Анықтамалық жүйені шақырады
Ctrl + Shift немесе
Alt + Shift
«Орысш
Ағылш
Қаз» пернелерін ауыстырады
Ctrl + Alt + Delete
«Есептер диспетчері» терезесін ашу немесе
«Windows қауіпсіздігі»
Shift + F10
Динамикалық мәзірді шақыру
Win
«Пуск» мәзірін ашу/жабу
Ctrl + Esc
«Пуск» мәзірін ашу/жабу
Win + D
Диалогты
мен
қоса
барлық
терезелерді
жинау/қалпына келтіру
Win + E
«Сілтеуші» программасын ашу
Win + R
«Запуск программы» терезесін ашу
(«Пуск»
«Выполнить…»)
Win + F
Іздеу үшін терезені ашу
Win + L
Компьютерді оқшаулау (заблокировать)
Win + M
Диалогты терезесінен басқа барлық терезелерді
жинау
Win + Pause/Break
«Система» терезесін ашу
Ctrl + Shift + Esc
«Есептер
диспетчері»
терезесін
ашу
(нұсқалардың бәрінде емес)
Print Screen
Экранның бүкіл суретін алмасу буферіне
орналастыру. MS-DOS-та экранда тұрғанды
принтерге шығаруға қолданылған.
Alt + Print Screen
Белсенді терезенің суретін алмасу буферіне
орналастыру.
Ctrl + C или Ctrl + Insert
Алмасу буферіне көшірме жасау
Ctrl + V или Shift + Insert
Алмасу буферінен қыстыру (вставить)
Ctrl + X или Shift + Delete
Белгіленген объектілерді алмасу буферіне қию
(апару)
Ctrl + Z
Соңғы амалды шегеру (кері)
220
Ctrl + Y
Шегеру (алға (Ctrl + Z шегереді))
Ctrl + A
Қапшықтың ішіндегінің бәрін белгілеу
Ctrl + S
Сақтау
Ctrl + W
Терезені жабу
Ctrl + R
Жаңарту
Ctrl +
(Backspace)
Сөзді жою (солға қарай жояды)
Ctrl + Delete
Сөзді жою (оңға қарай жояды)
Ctrl +
/
Меңзерді бір сөзден екінші сөзге алға/артқа
ауыстыру
Shift + Ctrl +
/
Солға/оңға сөзді белгілеу
Ctrl + Home (End)
Меңзерді мәтіннің басына (аяғына) ауыстыру
Shift + Ctrl + Home (End)
Мәтінді басына (аяғына) дейін белгілеу
Alt +
/
Артқа/алға
ALT + D
Браузердің адрестік жолында мәтінді белгілеу
ALT + «Двойной щелчок
левой кнопкой мыши»
Объектінің қасиеттерінің терезесін ашады
ALT + Tab
Басқа
орындалып
жатқан
қосымшаны
белсендіреді (тікелей ағымды қосымшаның
алдында белсенді болған). Басқа қосымшаға
ауысу үшін ALT пернесін басып тұрып Tab
пернесін бірнеше рет басыңыз.
Экранның
ортасында
барлық
ашылған
қосымшаларды және оның қайсысы, егер ALT
пернесін қоя бергенде белсенді болатынын
көрсететін тақта пайда болады.
ALT+Tab-ты пайдаланып, Есептер панелінде
жинаулы тұрған қосымшаларға ауысқанда, бұл
қосымша қалпына келеді (жазылады)
ALT+ ESC
Басқа
орындалып
жатқан
қосымшаны
белсендіреді (тікелей ағымды қосымшаның
алдында белсенді болған). Басқа қосымшаға
ауысу үшін ALT пернесін басып тұрып ESC
пернесін бірнеше рет басыңыз.
ALT+Tab
тіркесінен
айырмасы,
экранның
ортасында барлық ашылған қосымшаларды
көрсететін тақта пайда болмайды, бірақ
қосымшалар ашылған ретімен белсендіріледі.
ALT+ ESC-ді падаланып, Есептер панелінде
жинаулы тұрған қосымшаларға ауысқанда, бұл
қосымша қалпына келмейді (жазылмайды)
Жиналған белсенді терезені Enter пернесімен
жазуға болады.
2.8 Файлдардың кеңейтімдері
Windows әр файлына өзінің кеңейтімі (тағайындалған типі, түрі)
сәйкес келеді.
221
«Қосымша-типі» сәйкестігін көруге немесе өзгертуге болады, ол
үшін: Мой компьютер
Вид
Свойства папки
Типы файлов
әректтері орындалады.
Файлдардың кейбір типтері төменде берілген:
Файлдардың кеңейтімдері
Түсініктемелер
ANI
Көлемді меңзерлер объемные, олардың
белгілері
AVI, GIF
Анимацияланған суреттер
ARJ, ICE, LHA, ZIP, RAR
Ахивтелген файлдар
BAS
Basic – мәтіндер
BAT
Дестетік (дестелік) командалық файлдар
BAK
Файлдардың ескі нұсқалары
BIN
Екілік файлдар
BMP
Растрлық суреттер (Paint Brush)
BMP, EPS, FLM, FPX, GIF,
ICB, IFF, JPG, JPE, PCT, PIC,
PCX, PXR, PND, PNG, RAW,
SCT, TGA, VDA, VST, TIF,
RLE, WMF
Графикалық
файлдар,
суреттер,
фотосуреттер
CDR, CDT, CSC, CSB, CSI,
CMX
Corel Draw файлдары!
CLP
Алмасу буферінің файлдары
COM
Программаның командалық файлдары
CUR
Меңзерлер, белгілер
DAT
Деректер
DBF
Деректер қоры
DIC
Сөздіктер
DLL
Жүйелік кітапханалар
DOC
Word құжаттары
DOT
Шаблондар
EML
Электрондық пошта
EXE
Программалар, орындаушы файлдар
FLA
Флэш – анимацияланған файлдар
FLT
Corel Draw филтьрлері
FOR
Фортран-мәтіндері
222
FXP, APP, PRG
Файлы FoxPro
HLP
Анықтамалық файлдар
HTM, HTML
Web – беттер
ICO
Иконкалар, кішкентай суреттер және
кнопкалар
INI
Файлдардың конфигурациясы (үйлесімі)
LEX
«Лексикон» құжаттары
LNK
Файлдарды байланыстырушы, жарлықтар
LST
Баспалық файлдары, листингтер
MDB
Access деректер қоры
MDE
Access деректер қорының ықшамды
файлы
MDZ
Access деректер қорының шаблондары
OLD
Ескі файлдар, нұсқалар
PCS
Суреттер кітапханасы
PIF
Программалардың және құжаттардың
жарлықтары
POT
Power Point-ң фондық заставкасы
PPT, PPF, PPS
Тұсаукесерлер (презентация), Power Point
демонстрациялары
PSD, PDF
Photoshop - құжаттары
SYS
Жүйелік файлдар
TMP
Уақытша файлдар
TTF
Шрифттер
TXT
DOS мәтіні
URL
Интернет бетінің жарлығы
WAV, MID, RMI
Дыбыстар
WBK
Word құжаттарының резервтік нұсқалары
WMF
Сурет, графикалық файл
WRI
Write редакторының құжаттары
XLS, XLA, XLB, XLC, XLL,
XLV, XLW
Excel құжаттары
223
Тест сұрақтары
1.
WINDOWS - бұл...:
a
электрондық кесте;
b
қолданбалы программа;
c
мәтіндік редактор;
d
операциялық жүйе;
e
деректер қоры.
2.
Windows XP Пуск мәзірі .... қамтамасыз етпейді:
a
браузерге және клиенттің E-mail-іне кіруді;
b
арнайы қапшықтарды ашуды;
c
жиі қолданылатын программаларға кіруді;
d
компьютерді өшіруді;
e
дұрыс жауап жоқ.
3.
Windows-ты қою үрдісінде жасалған, Жүйелік қапшықтарды
нұсқаңыз:
a
Настройка, Параметрлер
b
Корзина, Мои документы, Удаленный доступ
c
Мой компъютер, Корзина, Мои документы
d
Сервис, Параметрлер
e
Настройка, Принтерлер және факстар, басқару панелі.
4.
Компьютермен пайдаланушыны интерфейсін қамтамасыз ететін,
нұсқаушы енгізу құрылғыларының бірі:
a
«тінтуір» манипуляторы;
b
джойстик;
c
сілтеме;
d
есептер тақтасы;
e
басқару элементі.
5.
Экранның (әдетте) төменгі жағында ПУСК батырмасы бар,
жіберілген есептер көрінетін жол:
a
есептер жолы;
b
басқару панелі;
c
есептер панелі;
d
басқару элементі;
e
дұрыс жауап жоқ.
6.
Жұмыс үрдісінде, барлық жойылған файлдардың (қапшықтардың)
уақытша сақтау орыны:
a
қапшық;
b
жұмыс столы;
c
сервис – қапшықтың қасиеті;
d
қоржын;
e
жойылған файлдар және қапшықтар уақытша сақталмайды.
224
7.
Ақпаратты уақытша сақтау үшін жадының аралық аймағы
(магнитофон):
a
жады буфері;
b
алмасу буфері;
c
жұмыс столыдағы қапшық;
d
қоржын;
e
файлдар және қапшықтар уақытша сақталмайды.
8.
Windows-ң Бас мәзірін ашу үшін қай батырманы басу қажет:
a
Документы-ды басу;
b
Мой компьютер батырмасын;
c
Файл батырмасын;
d
Пуск батырмасын;
e
Power батырмасын.
9.
Операциялық жүйелерге жатады:
a
MS DOS, Unix, Windows XP;
b
MS Access;
c
MS Word, MS Excel;
d
MS Word, Word Pad, PowerPoint;
e
MS Office, Clipper.
10.
Бірнеше үрдістерді қатарлас өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін
программалау ортасының немесе операциялық жүйенің қасиеті:
a
тез жетерлігі;
b
ашықтылығы;
c
жылдамдығы;
d
бір есептілігі;
e
көп есептілігі.
11.
Жарлық – бұл:
a
қандай да бір объектіге кіруді соның көмегімен іске асыруға бо-
латын, командалық файл;
b
жұмыс столын әшекейлеу үшін қолданылатын, кішкентай сурет;
c
файлдарды қарау үшін қолданылатын, программа;
d
компьютер жүктелгенде экранда пайда болатын, бейне;
e
адрестік саймандар панелі.
12.
Белгінің бейнесінде қиғаш көрсеткінің болуы, ол белгі ... екенін
білдіреді:
a
графикалық файл;
b
программалық файл;
c
деректер файлы;
d
құжаттың файлы;
e
файлдың жарлығы.
13.
Қандай перненің немесе пернелер тіркесінің көмегімен жолдың
225
аяғына ауысуға болады?
a
End;
b
Ctrl+
;
c
Ctrl+
;
d
;
e
Home.
14.
Терезе жиналған жағдайында ... тұрады:
a
экранның ортасында;
b
экранның оң жақ жоғарғы бұрышында;
c
экранның сол жақ жоғарғы бұрышында
d
«Есептер тақтасында»;
e
«Жұмыс столында».
15.
Алмасу буфері … үшін қызмет етеді:
a
деректерді тұрақты сақтау;
b
деректерді өзгерту;
c
деректерді уақытша сақтау;
d
деректердің тек қана кесінділерін көшіру;
e
тек қана программалық файлдарды көшіру.
16.
Сілтеуіш терезесін шығару ... командаларымен іске асырылады:
a
Пуск - Программы - Стандартные - Проводник;
b
Пуск - Выполнить - Проводник;
c
Пуск - Справка - Проводник;
d
Пуск - Программы - Проводник;
e
Мои документы қапшығындағы жарлық арқылы.
17.
«Вырезать» командасына тағайындалған пернелер тіркесі:
a
Ctrl+P;
b
Ctrl+X;
c
Ctrl+B;
d
Ctrl+V;
e
Ctrl+C.
18.
WINDOWS. Программаның терезесін пернелер тіркесінің қайсысы
жабады?
a
ALT+F4;
b
ALT+ESC;
c
СTRL+TAB;
d
ESC;
e
ALT+TAB
19.
Пайдаланушының күтуін талап ететін, амал жасалған уақытта,
тінтуірдің сілтемесі қандай түрге айналады?
a
көлденең сызыққа;
b
крестикке;
226
c
тік сызыққа;
d
тілге (стрелкаға);
e
құм сағатына.
20.
Сілтеуіш программаның көмегімен .... болады:
a
арнайы есептерді шығаруға;
b
компьютерге мәтіндік ақпаратты жүктеуге;
c
жүйенің қызметін атқаруға;
d
файлдарды (қапшықтарды) көшіруді, орнын ауыстыруды,
жоюды, программаны жүктеуді және дискіні форматтауды;
e
ақпаратты қорғауды.
21.
Windows-ң Бас мәзірінде болмайтын пункт:
a
Настройка (Баптау);
b
Документы (Құжаттар);
c
Справка (Анықтама);
d
Программалар;
e
Правка (Түзету).
22.
Сілтеуіш терезесінде объектіні жою үшін қолданылатын
командалық мәзір:
a
Правка – Удалить (Түзету–Жою);
b
Формат – Удалить (Пішім–Жою);
c
Файл- Удалить; (Файл–Жою);
d
Вставка – Удалить (Кіріктіру–Жою);
e
Вид – Удалить (Түр–Жою).
23.
Сілтеуіш программасының сол жақ панелінде қапшықтардың
қасында плюс белгісі нені көрсетеді?
a
бұл қапшықта (немесе дискіде) жарлықтар бар;
b
бұл қапшықта (немесе дискіде) саймандар панелі бар;
c
бұл қапшық (немесе диск) қазіргі жүмыс сеансында
қолданылған;
d
бұл қапшықтың (немесе дискінің) ішіне салынған қапшықтар
бар;
e
бұл қапшықта (немесе дискіде) жүйелік ақпарат бар.
24.
Компьютердің пернетақтасы – бұл ... құрылғысы:
a
алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізу;
b
еркін кедергісіз кіру деректерін сақтау;
c
графикалық ақпаратты енгізу;
d
кез келген ақпаратты сақтау;
e
алфавитті-цифрлық және графикалық ақпаратты шығару;
25.
Стандартты түрдегі Жұмыс столында мына қосымшалардың
белгілері орналасады:
a
Microsoft Excel, Сетевое окружение, Выход батырмасы;
227
b
Мой компьютер, Корзина, Панель инструментов;
c
Мой компьютер, Корзина, Панель задач, Сетевое окружение, In-
ternet Explorer, Пуск;
d
Microsoft Word, Microsoft Excel, Сетевое окружение, Выход
батырмасы;
e
Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft Power Paint, Сетевое
окружение.
228
Достарыңызбен бөлісу: |