Информатика


Қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш



Pdf көрінісі
бет28/137
Дата26.10.2022
өлшемі4,51 Mb.
#45497
түріУчебники
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   137
Байланысты:
9 сынып

Қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш (ағылшынша hard 
(magnetic) disk drive, HDD, HMDD) қатқыл диск, компьютер лік 
сленг те «вин чес тер» – маг нит ті жаз ба принципіне не гіз дел ген 
есте сақтау құрылғысы. Қат қыл диск – бірнеше өзара байла-
нысты дискілерден тұратын аккумулятор. Дискілердің шеткі 
жақтары концентрациялық жол дар ға, ал жолдар секторларға 
бөлінеді.
Бей некар та (гра фи ка лық кар та, бей неадап тер) графикалық 
ақпаратты мониторға шығарады және өңдейді. Қазіргі ойын-
дарда ақпаратты өңдеудің жылдамдығы мен сапасы өте ма-
ңызды.
Кейбір маңызды жұмыс үшін, сондай-ақ ойындар үшін жеке 
жады мен бейнепроцессоры бар қосымша бейнекарта қажет. 
Оны қолдану сурет сапасын айтарлықтай арттырады және 
жүйенің жалпы өнімділігін жақсартады.
Қуат көзі. Көптеген конфигурациялар үшін 450 Ватт қуат-
тылығы жет кі лікті. Бірақ сенің компьютеріңде жақ сартылған 
бейне жүйесі бар ойын құрылғысы болса, онда жоғары қуат көзі 
талап етілуі мүмкін.
АРМАН
-ПВ
 баспасы
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


34
Ды быс кар та сы – дыбысты өңдеуге мүмкіндік бере тін 
құ рыл ғы (акус тикалық жүйелерге шығару немесе дыбыс жазу).
Акустикалық жүйе және микрофон  музыканы, фильмдерді, 
сөйлесуді және үндеткіштер, құлаққаптар т.б. ойнату кезінде 
компьютерден дыбысты шығару үшін қолданылады.
Дербес компьютердің конфигурациясы негізгі функ-
ционалдық мақсатқа байланысты жасалады. Олар кеңсе, үй, 
дизайнерлік, ойын компьютерлері болып жіктеледі. Бұдан 
басқа, осы топтағы компьютерлер бастапқы, орта, жоғары 
деңгейді көр сете отырып, өнімділік деңгейі бо йынша да 
қосымша жіктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет