93
§ 18–19. Бе ріл ген сипаттары бар
эле ме нт тер ді із деу
Бірөлшемді массивтермен жұмыс істегенде, белгілі бір шарт-
тармен элементтерді іздеу қажет болады. Бұл элементтердің
жиынтығы арасында ең үлкен немесе ең аз элементті (максимум,
минимум) табу, оң немесе теріс, жұп немесе тақ сандардың
қосындысын есептеу бар.
Бірөлшемдімассивтергемысалдар
Массивтерді қолданудың мысалдарын практикалық түрде
қарастырайық. [1, 100] аралығынан кездейсоқ алынған 20 эле-
мент тен тұратын бірөлшемді массивті көрсетіңдер.
Нәтижесін есептептеңдер және шығарыңдар:
1. Массивтің барлық жұп элементтерінің қосындысы (S1).
2. Массивтің барлық тақ элементтерінің қосындысы (S2).
3. Массивтің ең үлкен элементінің мәні (
max).
4. Массивтің ең кіші элементінің мәні (
min).
5. Массивтің саны 30-дан кем (
Sum) элементтерінің қосындысы.
6. 2-ден 9-ға дейінгі индекстермен берілген массив элемент-
терінің көбейтіндісі (Р).
Берілген есептердің программасын тиянақты түрде қарас-
тырып, талдаңдар. Алдымен массив элементтерімен жасалған
жұмыс нәтижелерін сақтау үшін пайдаланылатын массив пен
айнымалыларды анықтаймыз.
Естеріңетүсіріңдер:
• масси деген не?
• индекс не үшін қолданылады?
Достарыңызбен бөлісу: