ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР Деңгейлеп оқыту технологиясы Дамыта оқыту технологиясы Жобалап оқыту технологиясы Компьютерлік оқыту технологиясы Мультимедиялық оқыту технологиясы Сын тұрғысынан оқыту технологиясы Шаталовтың тірек конспектілерін оқыту технологиясы Пікірсайыс, ойын, тренинг технологиясы Модульдік оқыту технологиясы Тұлғалық бағдарланған оқыту технологиясы Проблемалық оқыту технологиясы Тұлғалық бағдарланған оқыту технологиясы Басты мақсаты-оқушы тұлғасының жеке қабілеттері мен қасиеттерін дамыту (И.С.Якиманская).
Білім беру жүйесі басынан-ақ оқушыдан бастап оқыту және тәрбиелеу мақсаттарына, мазмұны мен технологияларына қарай бағыттала құрылуы тиіс.
Оқушы дамуын диагностикалау мен ынталандыруды мұғалім олардың қызметін ұзақ уақыт бойына байқау әдістері негізінде іске асыруы тиіс.
И.С.Якиманскаяның пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда даралау тәсілі барлық білім беру процесінің негізгі қағидасы болып табылады, оның мақсаты-әрбір баланың мүмкіндіктерін танып, дамыту.
"Жеке тұлғалық тәсіл жағдайында балалардың өзіндік жеке ерекшеліктерінің болуы қойылған мақсатқа жетудің-яғни, қайталанбас жеке тұлға ретінде әрбір оқушының дамуын қамтамасыз етудің қажетті шарты”.
Деңгейлеп оқыту технологиясы Технологияны ізденіп, зерттеген ғалымдар:
Н.П.Гузик, Ж.Қараев, Г.Ғ.Еркибаева Міндеттері: 1. Ақпараттық және деңгейлеп оқыту технологиясының тиімді әдістерін пайдалану арқылы білімге деген қызығушылығын арттырып, танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Мақсаты – жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру
2. Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу. 3. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау