Инженерия” факультеті “Компьютерлік инженерия” кафедрасы БӨж тақырыбы: “Мәдени мұра” бағдарламасы және оның маңызы. Орындаған



бет4/4
Дата30.11.2022
өлшемі77,58 Kb.
#53851
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
Курбанжан Динасыл мадениеттану бөж

Қорытынды.
Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып-бағамдауға болады. Демек, Қазақстанның мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатына екі түрлі міндет жүктеледі: бірі – өзіндік этникалық мәдениетті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін нығайту, екінші жағы – төл мәдениетті оңтайлы өрістете отырып, жалпы адамзат мәдениетіне ену үшін тиімді жағдай жасау.

Кеңестің отаршылдық бұғауынан кейін қолға алынған осынау маңызды жоба Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы ықпалдастық байланыстарды дамытуға және елдің ішкі-сыртқы саяси міндеттері мен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұра конвенциясын іске асыруға бағытталған.


Біздің елімізде «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру әлемде жаһандану мен Батысқа еліктеу процестерінің қарқын алған кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл кез – қиын да, шытырман уақыт. Себебі, өткен ғасырда жаһандану процесінде мәдениеттер біржақты қалыпқа түсіп, батыс үлгісі жалпыға ортақ болады деген түсінік сіңірілген болатын. Алайда, бүгінгі күні Батыс мәдениетін игерудің қарама-қайшы жақтары жер-жерде ұрпақ тәрбиесі мен ұлт мәдениетінің дамуына теріс әсер ете бастады. Сондықтан, шығыс жұрты, түркі жұрты, Азия елінің мәдениеттанушылары және кейбір тұлғалары батыс өркениетінің теріс нышандарына барынша қарсы. Осы орайда әсіреоңшылдардың да зияны аз емес. Дүние жүзіндегі қазіргі қарбалас кезеңінде қандай да бір ұлт «өз қазанында өзі п.ісіп», өз мәдениетімен ғана шектелуі жаһандану иірімінің басқа бір ұйығына тартылып кетуіне, демек, өзгелерден оқшаулануы оның әлемдік құбылыстан сырт қалуына соқтырады.


Бүгінгі таңда Қазақстанда тарих, археология, сәулет және монумент өнерінің 25 мыңнан астам ескерткіштері, 11 мың кітапхана, 147 мұражай, 7 тарихи-мәдени мұражай-қорық, 215 мемлекеттік мұрағатының бар екендігі белгілі болды. Қазақ халқының ғасырдан ғасыр асырған құнды ескерткіштері мен тарихи мұрағаттары тек қазақ ұлтының ғана емес, әлем мәдениетіне үлес қосушы жәдігерліктер деп тануы керек. Соның дәлеліндей, қазақ халқының іргелі тарихи ескерткіштері халықаралық деңгейде танылып келеді. Отырар, Арыстанбаб, тағы басқа кешендер ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік Мәдениет тізіміне енгізілген. Бұл олардың Қазақстан мен Орталық Азия аймағы үшін ғана емес, бүкіл әлем қауымдастығы үшін маңызы зор мәдени-тарихи нысан екендігінің бірден-бір айғағы. ҚР Ұлттық кітапхана тарапынан «Әлем жады» атты халықаралық тізбесінде Қожа Ахмет Ясауи мен оның шәкірті Сүлеймен Бақырғанидың бес бірегей қолжазбасы ұсынылды. Оған қоса, ЮНЕСКО арқылы қазақтың «Қыз Жібек» эпосының адамзаттың құнды мәдени мұраларының Үшінші Прокламациясына енгізу туралы досье-номинация дайындалып жіберілді.«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы инновациялық технологияларды қолдануды зерделеу қажеттігі туындады. Себебі мәдени мұраны келешекте жеткізіп, сақтауда тек қана гуманитар ғалымдардың еңбегі жеткіліксіз. Ақиқатында, нақты және жаратылыстану ғылымы әлеміндегі соны жаңалықтарды гуманитарлық салада қолданып, тиісінше тұтынбаса, оның өміршеңдігі мен қоғамға пайдасы аз болар еді. Мәдени мұраға кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізетін Батыс университеттері мен мемлекеттік емес компанияларда компьютермен жарақтандырылған арнайы орталықтар жұмыс істейді. Олар мұрағаттар мен жәдігерліктерді, көне жазбалар мен ескерткіштерді дәлме-дәл, әрі терең зерттеуде аса зор қызмет етеді. Ендеше, бұл тәсіл «Мәдени мұра» бағдарламасын сәтті, әрі кешенді және өркениетті негізде жүргізу үшін бізге ауадай қажет. Отандық ғылымға жаңадан ғана еніп жатқан элекронды тахеометрлер (лазерлік теодолиттер) құрылғысынсыз Батыста сапалы құжатнаманы жинақтау процесін түсіну мүмкін емес. Демек, мемлекеттік бұл іске ғарыштық байланыс пен әртүрлі үлгідегі және модификациялы электронды тахеометр, сандық бейнекамера, сондай-ақ дүние жүзінде кеңінен қолданылып отырған жаһандық позицияландыру жүйесінің (GPS) қабылдағыштары сияқты арнайы құрал-жабдықтар аса қажет.Демек, «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыруда тарихи-мұрагерлік, яғни Қазақстанның мәдени байлығын мұраға қалдыру сияқты маңызды ғылыми мәселенің іргелі теориялық және әдіснамалық ізденісі жетіспей жатыр. Түркі халықтарының тарихын жазу назардан тыс қалып барады. Терминологиялық тоқтам туралы мәселе де көкейде, назарда тұр.


Сондай-ақ биыл 170 жылдық мерейтойы атап өтілетін Шоқан Уәлихановтың 5 томдық басылымы, Тұрар Рысқұловтың 3 томдығы, Ораз Жандосовтың 2 томдығы мен Мұхамеджан Тынышбаевтың еңбектері және басқа да бірқатар құнды мұралардың жарық көрмей қалған. Дегенмен, «Мәдени мұра» бағдарламасының алдағы үшжылдық кезеңі аралығында орнына келетіндігіне сеніміміз зор.



Қолданылған әдебиеттер:
1. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – Астана 2006-2011 жылдар
2. Н.А. Назарбаев Президенттің Қазақстан халқына жылсайынғы жолдауы – Астана, 2003-2011 жылдар. 
3.Алматы 2021 ж
4. “Мәдени мұра” бағдарламасы - Алматы 2022

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет