Кіріспе Ұзындықты құралдардың көмегімен өлшеуді «жанама өлшеу» - деп айтады. Қазір геодезиялық жұмыстарды орындауға арналған электронды аспаптар мен құралдар шықты. Ұзындықты лазерлік қашықтық өлшеуіштермен өлшейді. Мұндай құралдардың көмегімен геодезиялық жұмыстар өте жылдам, дәл орындалады, жұмыс саласы да өте жоғары. Ұзындықты электронды аспаптардың көмегімен өлшеу физикадан белгілі D = vt / 2 формулаға негізделген: мұндағы:v - электромагнитті толқынның тарау жылдамдығы; t - толқынныңөлшенетін аралыққа барып және қайтқан уақыты; D - өлшенетін аралық. Лазерлік қашықтық өлшеуіш «CONDTROL X1 Plus». Дүние жүзіндегі ең кішкентай қашықтық өлшеуіш. Кішкентайлығына қарамастан атқаратын арифметикалық міндеттері өте көп (Пифагордың міндеттері де бар). Ұзындықты өте дәл және жылдам өлшейді. Ауданды, көлемді есептейді. Нәтижелерді қосады, және алады. Дисплейі бар, түнде жарықтанады. Құрылыс алаңының шаңынан, лайынан, суынан қорықпайды. Атмосфералық кедергілерден қорғануы IP54 классты. Негізгі сипаттамалары:
Лазерлік қашықтықөлшеуіш «Leica Disto DS» мамандарға арналған. Көп міндет атқарады, ұзын қашықтықты өлшейді. Лазерлік сәулені кездеуге арналған цифрлы кездеуіші бар. 4 есе үлкейтетін камерасынан бейне сұйық кристалды 2,4* дисплейге шығады. Атқаратын арифметикалық міндеттері өте көп («Пифагордың», «трапецияның» міндеттері де бар). Ұзындықты өте дәл және жылдам өлшейді. Ауданды, көлемді есептейді. Еңіс бұрышты өлшейді.Нәтижелерді қосады, және алады.Дисплейі бар, түнде жарықтанады. Құрылыс алаңының шаңынан, лайынан, суынан қорықпайды.Атмосфералық кедергілерден қорғануы IP54классты. Негізгі сипаттамалары:
өлшейтін ұзындығы - 5 см - 200 м;
өлшейтін еңіс бұрышы - + 45°
өлшейтін дәлдігі - + 1 мм;
есіне сактайды - 20 өлшеуді;
күш қоры - «ААА» типті екі батарейка
жеке өлшеу уақыты - 5000 өлшеу; размерлері - 143,5×55×30 мм, салмағы 195 г.
Электронды тахеометр Даладағы геодезиялық жұмыстарды электрондық тахеометрлермен, нивелирлермен, GPS өлшеулерге арналған аспаптармен орындайды.ТМД елдерінде (Россия, Белоруссия, Украина) тахеометрдің төрт түрі шығарылады: электронды тахеометр , қос бейнелі тахеометр,номограммды тахеометр және ішкі базалы.
Электрондық тахеометр - жер бетінде горизонталь бұрышты, горизонталь арақашықтықты және биікайырымды өлшеуге арналған топографиялық электрондық-оптикалық аспап.Электронды тахеометр геодезиялық негіз тұрақтарын құру жәнетахеометриялық түсірістер жүргізуге арналған. Бұл электрондытахеометрлердің баска тахеометрлерден айырмашылығы мұнда кодтық теодолитпен жарық жылдамдығын пайдаланып, арақашықтық өлшегішті біріктіру негізіне құрылған.Тахеометрлер бұрышты код арқылы өлшейтін теодолиттен, арақашықтықты жарықтың көмегімен өлшейтін аспаптанжәне ЭВМ-нен жиналған. Кодпен жұмыс істейтін теодолит горизонталь жазықтықтағы, тік жазықтықтағы бұрыштарды өлшейді, арақашықтықты жарықтың көмегімен өлшейтін құрал арақашықтықты өлшейді, ал ЭВМ мәліметтердіесептейді - өңдейді, қателерді түзетеді, есептерді шешеді, аспаптың жұмысын басқарады, мәліметтерді жадында сақтайды. Осындай құралдың қатарына 3TasPM. Leica TS02 plus маркалы электрондық тахеометрлер, GPS 1200 және GPS System 500 және т. с. с. құралдар жатады. Қазіргі таңда электронды тахеометрлердіңқолдану саласына, дәлдігіне және орындалатын функциясына байланысты үш топқа бөлуге болады:
Жай электронды тахеометр - бұл аспап, дәстүрлі геодезиялықөлшеулерді (ара қашықтық, өзара биіктік) орындауға арналған аспаптар. Деректерді ішкі немесе қосымша жадқа жазады. Мұндай аспаптардың бұрыштыққателігі 5"-6", ал арақашықтықтікі 3-5 мм құрайды. Бір призма бойынша ара қашықтықты өлшеу, 1100-1500 м құрайды. Екінші типті электронды тахеометрлерге - орташа класты аспаптар жатады (Leica, Nikon, Trimble). Бұл тахеометрлер жәй тахеометрлерге қарағанда қымбат, бірақ кеңінен тараған. Олар барлық геодезиялық жұмыстарды (геодезиялық тораптарды дамыту, өлшеулер жіне қағаздан жерге түсіру, координаталау тапсырмаларын шешу: тура және кері геодезиялық есептерді ауданды есептеуді, қиылыстыруды шешу) орындауға қатысты есептеу программасымен қамтылған. Бұл аспаптардың бұрыштық қателігі, кластық дәлдікке байланысты 1” -тан 5”- ка дейінгі аралықты құрайды. Тахеометрлердіңүшінші типіне - севрожетекпен (сервопривод) қамтылған роботталған тахеометрлерді жатқызуғa болады. Бұл аспаптар арнайы шағылдырғыштарға өздігімен бағытталып, өлшеулер жүргізе алады. Сонымен қатар, бұл аспап қашықтықтан басқарылатын ( өлшенетін нүктеден тұрып) арнайы жүйемен қамтылған. Яғни, бір адам ғана жұмыс істейді. Мұндай өлшеу жұмыстары жұмыс өнімділігін 80%- ғa дейін арттырады.
Leica TS02 plus электрондық тахеометрдің көмегімен ірі масштабты топографиялық план сызуға, геодезиялық пункттер торабын құруға, орындалған құрылыс жұмыстарының планын сызуға, көмекші программаларды пайдаланып, геодезиялық және инженерлік есептерді далада бірден (автоматты түрде) шешуге болады. Тахеометрмен тік және горизонталь жазықтықтағы бұрыштарды өлшейді. Полярлықкоординаталарды өлшеп ұзындыктың проекциясын, биіктіктің өсімшесін және нүктенің (пункттің) тік бұрышты жазықтықтағыкоординаталарын есептейді.
Өлшеу жұмысының нәтижелері жадына жазылады. Тахеометрмен мынадай жағдайларда жұмыс істеуге болады: 1. Жұмыс аумағындағы ауаның температурасы - 20°С-дан + 50°С-қа дейін. 2. Жұмыс аумағындағы ауаның катынасты ылғалдылығы - ауаның температурасы t=25 °С 95% көп болмау керек. 3. Жұмыс аумағындағы ауаныңқысымы450 ÷ 800 мм сынап бағанасыаралығында. 4. Күш корындағы токтың кернеуі 6,5 ÷ 7,4В аралығында. - көлбеу ұзындықты (5 мм + 3•10^-6. D) мм дәлдікпен өлшейді; - 1 призмамен1000 м - ге дейінгі аралықты өлшей алады; - 6 призмамен 2000 м - ге дейінгі аралықты өлшей алады; Ұзындықты өлшеу үшін 20 шақырым аралық жақсы көрініп тұру, ауаның турбуленттігі шағылдырғышты анық көруге кедергі келтірмеу, күн сәулесі дүрбіде шағылмау керек. Тахеометрмен жұмыс істеу үшін: - дисплейге жарық бергенде 3,5BT; - дисплейте жарық бермегенде 3 Вт жеткілікті. Тахеометр - электрондық теодолиттен, қашықтықты жарықтың көмегімен өлшейтін, есептеуші және мәліметтерді есепке алатын құралдардан жиналған. Leica TS02 plus электрондық тахеометрг FlexField plus программасы орнатылған. Осы программаның көмегімен көптеген инженерлік сұрақтарды шешуге болады. Тахеометрдегі мәліметтерді қарап шығу,ауыстыру, есептеп - өңдеу және басқару үшін, тахеометрді FlexOffice программаға қосуға болады. Тахеометрдің құрылысы.
а) Оптикалық көздеуіш Тұтқа, алвнып - салынады
Объектив. Қашықтықөлшеуішпен бірге (EDM) Лазерлік сәуле шығады.
Тік жазықтықтағы лимбаны бағыттайтын бұранда
е) Тахеометрді өшіретін/қосатын кнопка f) Триггер g) Горизонталь жазықтықтағы лимбаныбағыттайтын кнопка h) Дисплей i) Екінші клавиатура, біріншіге уксайды • TS02 plus үшін опциялы
j) Объективтегі нысанды анықтайтын бұранда k) Дүбі торын анықтайтын бұранда l) Аккумулятор тұратын орын қақпағы m) R$232 порты n) Тахеометрді горизонталь жағдайға келтіретінбұранда о) Дисплей р) Клавиатура