Әр түрлі он станцияда (i=1,2,…,10) төрт түрлі жанармай сатылады (j=1,2,3,4).
І станциясындағы j түрлі жанармай көлемі – dij келесі теңдеумен анықталады: dij= 1+cos(i+j), мұндағы i=1,2,…,10, j=1,2,3,4. Қай станцияда және қандай жанармай түрі көп сатылғанын анықтау қажет.
2
Екі өлшемді массив берілген. Ең кіші элементтің орнын және массивтің теріс элементтерінің көбейтіндісін анықтау керек.
3
К(3,4) матрицасындағы жұп номерлі (баған не жолы жұп) элементтерді 1-мен алмастыру. Бастапқы және соңғы матрицаны шығару.
4
В(5,5) массиві берілген. Берілген массивтің жол бойынша оң элементтерінің қосындысын есептеп жауабын А(5) массивіне меншіктейтін бағдарлама құру. Массив элементтері нақты сандар.
5
С(3,4) екі өлшемді массив элементтерінің жұп сандарының ең кішісін анықтайтын бағдарлама құру. Массив элементтері бүтін сандар.
6
А(3,3) екі өлшемді массивінің негізгі диагональ астындағы элементтерінің (диагональмен қоса) қосындысын табу және массивті баған түрінде шығару.