Инженерия факультеті компьютерлік инженерия кафедрасы н. М. Жунисов Visual Studio. Net



бет2/19
Дата06.01.2022
өлшемі0,98 Mb.
#15027
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Инженерия факультеті компьютерлік инженерия кафедрасы н. М. Жуни

Практикалық жұмыс №2.
Тақырыбы: «Math класы және оның функциялары. Сызықтық бағдарламалар»

Жұмыстың мақсаты: Математикалық функцияларды есептейтін бағдарлама құру.

Теориялық бөлім:

Math класы көптеген өрнектерді құруда қажетті стандартты математикалық функциялардан тұрады. Бұл класс екі статистикалық өрістен тұрады, біріншісі E (е саны) мен PI (π саны) тұрақтылары және екіншісі 23 статистикалық әдіс (метод). Әдістер:

• тригонометриялық функциялар – Sin, Cos, Tan;

• кері тригонометриялық функциялар – ASin, ACos, ATan, ATan2(sinx, cosx);

• гиперболалық функциялар – Tanh, Sinh, Cosh;

• экспонента және логарифмдік функциялар – Exp, Log, Log10;

• модуль, түбір, белгі – Abs, Sqrt, Sign;

• дөңгелектеу функциясы – Ceiling, Floor, Round;

• минимум, максимум, дәреже, қалдық – Min, Max, Pow, IEEEReminder.
Егер екі санның ең үлкенін анықтау қажет болса, оны төмендегідей жазамыз:

int biggestNumber = Math.Max(num1, num2);

Берілген санды дөңгелектеу:

double num3 = 94.537;

double twoDecimalPlaces = Math.Round(num3, 2));

Практикалық бөлім:

Егер бағдарламада барлық операторлар бірінен кейін бірі тізбектеліп оындалатын болса, онда ондай бағарламаны сызықтық бағдарлама деп атаймыз. Сызықтық бағдарламаға мысал ретінде нәтижісі берілген формула бойынша есептелетін мысалды қарастырайық.



Мысал 1. формуласы бойынша Фаренгейт градусындағы температураны Цельси градусындағы температураға айналдыратын бағдарлама құру. Бұл формуладағы С – Цельси бойынша температура, ал F – Фаренгейт бойынша температура.
using System;
class Program

{

static void Main()



{

double f;

double c;
f=451.0;
c = 5.0 / 9.0 * (f - 32.0);
Console.WriteLine(f + " градус по шкале Фаренгейта равны ");

Console.WriteLine(c + " градусам по шкале Цельсия");


}

}



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет