Практикалық жұмыс №3.
Тақырыбы: Тармақталушы бағдарламалар. Шартты оператор if.
Жұмыстың мақсаты: Тармақталған алгоритмдерді С#-та if операторын пайдаланып бағдарлама құруды үйрену.
Теориялық бөлім:
Сызықтық бағдарламада барлық операторлар бірінен кейін бірі тізбектеліп орындалады. Бастапқы мәліметтерге байланысты әртүрлі тізбекті операторлардың орындалуын қамтамасыз ету үшін if шартты операторы қолданылады. Оның екі түрі болады: толық және қысқартылған.
Қысқартылған if шартты операторының түрі:
if (B) S;
мұндағы В – ақиқаттығы тексерілетін, логикалық немесе арифметикалық өрнек; S – қарапайым немесе құрама оператор.
Толық if шартты операторының түрі:
if (B) S1; else S2;
мұндағы В – ақиқаттығы тексерілетін, логикалық немесе арифметикалық өрнек; S1, S2 – қарапайым немесе құрама операторлар.
Салыстыру операторлары
-
Оператор
|
Мәні
|
==
|
Тең
|
!=
|
Тең емес
|
>
|
Үлкен
|
<
|
Кіші
|
>=
|
Үлкен немесе тең
|
<=
|
Кіші немесе тең
|
Логикалық операторлар:
Оператор
|
Мәні
|
&
|
AND (ЖӘНЕ)
|
|
|
OR (НЕМЕСЕ)
|
^
|
XOR (өзгеше НЕМЕСЕ)
|
&&
|
Short-circuit AND (ЖӘНЕ жылдам операторы)
|
||
|
Short-circuit OR (НЕМЕСЕ жылдам операторы)
|
!
|
NOT (ЕМЕС)
|
If операторын қолданып бағдарлама құруды қарастырайық.
Мысал 1. Нысана берілген. Берілген нысана бойынша атулардан кейін ұпай санын есептеу.
static void Main()
{
int Ball=0;
Console.Write("x= ");
float x = float.Parse(Console.ReadLine());
Console.Write("y= ");
float y = float.Parse(Console.ReadLine());
if (x * x + y * y <=1) Ball = 10;
else if (x * x + y * y <= 4) Ball = 5;
Console.WriteLine("Ball= "+ Ball);
}
Достарыңызбен бөлісу: |