Білім – адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы.
Білім – адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы.
Білік — адамның белгілі бір құбылыс не күрделі мәселе жөнінде ой жүгіртіп, өзінше пайымдай білу қасиеті.
Дағды - автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет, ол көп ретті қайталау жолымен қалыптасады. Оқыту процесінде әсіресе жалпы оқу дағдыларын, пәнаралық мәндегі жазу дағдыларын қалыптастыру қажет.
Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеру бойынша шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдылықты, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылар-дың/студенттердің белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі.
Білім сапасы - қоғамдағы білім беру процесінің жай-күйін және нәтижелілігін анықтайтын әлеуметтік категория, оның тұлғаның азаматтық, тұрмыстық және кәсіби құзыреттілік дамуындағы қоғамның қажеттілігіне және күтілетін нәтижелеріне (әр қилы әлеуметтік топтар) сәйкестігі