Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары №3 (36)• 2016



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата21.10.2023
өлшемі465,36 Kb.
#120405
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары № 3 (36)• 2016
 
Проблемы инженерной графики и Рroblems of engineering graphic and
профессионального образования № 3 (36) 2016
39
professional education № 3 (36) ·2016
қанағаттандырып отырған шақта біздің бағалау критерилеріміз бейнелеу өнеріне ғана емес, 
дәстүрлі халықтық шығармашылыққа қалыптасқан көзқарасымыз өзгерді.
Дәстүрлі өнерге деген көзқарасты бағытталған позициялық қатынас анықтайтындай 
өзгерістер байқалды. Әлемнің өркениетті елдері біздің ғасырлар бойы шыңдалып, сұрыпталып, 
өзіндік келбеті қалыптасқан дәсдүрлі шығармашылығымыздың көркемдік жүйесіне 
қызығушылық танытып, оны меңгеруге ұмтылған кезде, кеңес үкіметі тұсында халықтық өнер 
ескі мектептің қалдығы ретінде бағаланып, біз оған менсінбей қарағанның өзінде, қазақ
өнеріне қатысты айтқанда, бейнелеу өнері мен халықтық өнер бір-бірінің қақтығысы мен өзара 
әсерінің негізінде дамыды деп тұжырымдауымызға болады. Қазақ өнерінің қазіргі жағдайын 
толығырақ түсініп, оның болашағына көз жүгірту үшін біз халықтық дәстүрлі өнер тудырған 
табиғи көркем заңдылықтарды да, әлемдік мұраны да, қазіргі таңда күнделікті өмір қойып 
отырған жаңа міндеттерді де назардан тыс қалдыра алмаймыз. Қазақ бейнелеу өнерінің 
құрылуы мен даму барысы белгілі қыл қалам шебері Әбілхан Қастеевтің (1904- 1973 жж.) 
есімімен тығыз байланысты. Оның еңбек жолы жиырмасыншы жылдардың соңынан басталады. 
Ә. Қастеевтің қолынан шыққан көптеген сулы бояулы және суреттер «Көне және жаңа тұрмыс» 
топтамасына біріктірілді. Әбілхан Қастеевтің майлы бояумен әр жылда жазылған бірнеше 
жұмыстары мысалға келтірілді (1, 2 суреттер). 
 
Сурет 1: «Амангелді сарбаздары». 1970 ж. 
Соғыс алдындағы жылдары Қазақстанда А. Ысмаилов, ағайынды Қожықовтар, Б. 
Сәрсенбаев, Ұ. Таңсықбаев және т. б. қыл қалам шеберлері болды. Ұлы Отан соғысы жылдары 
Қазақстанда Украинаның, Белоруссияның, Мәскеу мен Ленинградтың суретшілері жұмыс 
істеп, Қазақстандағы бейнелеу өнерінің құлаш жазуына өзіндік үлестерін қосты.
 


Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары № 3 (36)• 2016
 
Проблемы инженерной графики и Рroblems of engineering graphic and
профессионального образования № 3 (36) 2016
40
professional education № 3 (36) ·2016
 
Сурет 2: «Түрксіб». 1969 ж.
Орыс суретшілері қазақ халқының тұрмысы мен тыныс тіршілін бейнелеуге өзгеше бағыт 
беріп, үлкен әсерін тигізді. Қазақстанда түрлі экспедициялар құрамында болған Б. Смирнов, О. 
Федченко, П. Кошаровтар өз туындыларында халық өмірін суреттеуге тырысты. Әсіресе орыс 
суретшісі В. Верещагинді Орта мен Қазақстан тақырыбы өте қызықтырды.
Өзінің «Лепсі өлкесін қоршаған таулар» атты еңбегінде қазақ даласы керемет шеберлікпен 
суреттелген. Белгілі қыл қалам шебері Н. Хлудовта өзінің барлық туындыларын Қазақстан 
тақырыбына арнаған. Оның «Мал айдау», «Отынға барғанда» қазақ өлкесінің әсемдігін 
бейнелеген туындыларында үлкен сүйіспеншілік жатыр.
Қазіргі уақытта бұл өнерді бағалаушылар қазақстандық шеберлер А. Бренердің, Б. 
Шульцтың, А. Жұмаеваның, К. Ибрагимовтың. Ш. Ноғайбаевтың, Е. Нүсіповтың еңбектерін 
ерекше атап жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет