Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары №3 (36)• 2016



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата21.10.2023
өлшемі465,36 Kb.
#120405
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары № 3 (36)• 2016
 
Проблемы инженерной графики и Рroblems of engineering graphic and
профессионального образования № 3 (36) 2016
37
professional education № 3 (36) ·2016
рухани ғана сұраныс болудан қалып, ол әрі тауар ретінде көпшілік пен жеке адамдардың 
материалдық құндылығына да айналған кезде, олардың мәдени деңгейін көтеру, талғамына 
әсер ету, сезімін тәрбиелеу бүгінгі күн талабы.
Осы міндеттерді шешу барысында еуропалық классикалық бейнелеу өнері мен дәстүрлі 
шығармашылыққа байланысты бейненің тұрақты нақыштық белгілерінің «модельдік 
теориясын» жасап, оның қазақ өнеріне жасаған сапалық өзгеріс белгілерін мойындай отырып, 
дәстүрлі өнер мен жаңа мәдениет арасындағы байқалған өзара ішкі қақтығыстарына, орын 
алған қайшылықтарына, оның кеңістік бойлығындағы тарихи эволюциялық дамуына 
объективті түрде баға беру, осы арқылы дәстүрлі өнердің табиғи сипатын сақтап қалу және 
Қазақстан бейнелеу өнері үшін «оптимальды» позицияны анықтау қазіргі таңдағы көкейкесті 
мәселе болып отыр.
Қазақстандық суретшілердің, шеберлердің, сәулетшілердің көркемдік проблемаларды 
шешу өндістерінен, образдық белгі ретінде ұсынылған идеяларынан, нақыштарынан, 
пластикалық түзілім шешімдерінен, бояу түсіне жасалған акценттерінен, баяндау тілі мен 
образдың жалпы сомдалу сипатынан және оның оқылу ерекшелігінен көрінетіндігі сөзсіз. 
Осылардың философиялық тұрғыдан теориялық және әдіснамалық негіздемелерін жасау қазіргі 
таңдағы актуальді мәселе болып табылады. 
Бүгінгі күннің бейнелеу және мүсін өнері контекстік жағынан аса толықтырылған күрделі 
болып келеді, ол өз кезегінде қарапайым көрерменнің түсінбеуін тудырады. Бүгінгі күні 
суретшілер мектебінің қалыптасу сатысының алдыңғы кезеңіндегі тәжірибелерін толық түсіну 
болашақтың ісі. Түрлі түстер, композициялар, фактура немесе пластика көмегімен шығу 
көздері, жылдар бойы шыңдалған, әдеттегі құндылықтар мен түсінушіліктермен тығыз 
байланысқан, дүниенің құрылуы туралы ұлттық түсініктерді өнерде қалыптастыра, бейнелік 
шығармалар мен мүсіндік композицияларды қалпына келтіре отырып, суретшілер небір 
жиынтыққа, біртұтас жүйеге, шашырап қалған элементтер мен фрагменттерді жинайды деуге 
болады.
Осы процесс барысында шығармалардың нысандарымен атқарылатын жұмыстар да жедел 
қойылғанын атап өтуіміз керек. Әр алуан түрлі стильдер, тәсілдер, қолтаңбалар бойынша 
қызмет атқаратын, сол бағыттарда тамаша туындыларды дүниеге әкелетін бейнелеушілер мен 
мүсіншілердің шығармаларында нысан рөлін әсемдік ерекшелік факторының күшеюі немесе 
күнделікті эстетикалық өлшемдерді жоққа шығару арқылы қарқындандыру жүзеге асырылуда. 
Осы үрдіс ұлттық менталитетке қатысты жаңа суретшілер тілін қалыптастырумен тығыз 
байланысты болып отыр. Ол өзінің сыртқы стильдік көріністерінде айтарлықтай шартты, 
орташалау, рәміздік, метафоралық немесе тіпті ашықтан – ашық метафизикалық сипатқа ие 


Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары № 3 (36)• 2016
 
Проблемы инженерной графики и Рroblems of engineering graphic and
профессионального образования № 3 (36) 2016
38
professional education № 3 (36) ·2016
болды. Әрине біздің назарымыздағы басты мақсат бейнелеу өнерінің қазіргі кездегі көрінісі, 
оның өткені мен болашақтағы келбетіне болжам боларлықтай даму өзегін айқындау.
Осыған байланысты Қазақстан мәдениетінің алдында екі іргелі міндет тұр: қазақы 
мәдениеттің өзіндік келбетін сақтап қалу және көркемдік кеңістік пен уақыт ырғағында 
қалыптасқан тұрақты нақыштардың негізінде оның даму сапасына игі әсер ету. 
Сондықтан біз уақытқа байланысты, оның өзгеріс сапасын дамытқанда Тас дәуіріндегі 
суреттік белгілерге көңіл бөлеміз. Ұлттық нақыштың тұрақтанып үлгіленуі осы кезден 
басталады. Одан кейін қазақ өнері үшін дәстүрлі мәдениет ретінде жалғасқан халықтық 
шығармашылық үлгілерінің ұлттық белгілері ғасырлар бойы жетіліп, ХХ ғасырдың басына 
дейін шыңдалып келді.
Қазіргі кездегі Қазақстан бейнелеу өнерінің сипаттық ерекшелігіне өзгеріс енгізіп, кәсіби 
өнердің жаңа сапалық белгілерін қалыптастырған өнер шындық бейне яғни реализмнің 
әдістемелік негіздері болды. Осының өзі айналып өтуге мүмкін болмайтын тарихымыз. Ол 
дәстүрлі халықтық сана сезімге сапалы өзгерістер жасап, нақыш пен сурет қатынасындағы 
жаңа қасиеттерді анықтады. Бұл бір ғана кеңістік ауқымында байқалған уақыт ырғағындағы 
өзгерістер еді. Дегенмен халық өнерін хронологиялық тәртіпке бағындыруға келе бермейтінін 
айтуымыз керек. Оның көркемдік тұрақты нақыштары қадым заманда қалыптасып, белгілі-бір 
әлеуметтік-саяси және мәдени жағдайлардағы өзгерістерге байланысты ол өнерде жаңа сапалы 
реңдер пайда болып, кейін соны қырынан көрінуі мүмкін. Соған қарамастан бұтақтарын 
айналасына кең жайып, уақыт өткен сайын толыға түскен діңгек секілді ол бір тамырдан 
қоректенетіндігі даусыз. 
Қазақтардың өткен кезеңдердегі рухани дүниесі ислам дінімен үйлесімін тауып, көркем 
кеңістіктік-уақыттық ырғақта болмысы түгел дерлік сақталып, семантикалық сипаты ғана 
ішінара өзгеріске ұшыраса, мұсылмандық мәдениет те тұтасымен алғанда халқымыздың 
санасына сапалы өзгерістер енгізіп, кейін жаңа тарихи жәдігерлердің қалыптасуына жағдай 
жасады. Бейненің тұрақты нақыш үлгілеріне өзіміздің тұрақты қатынасымыз жөнінде айтқанда, 
әрине, біз әр уақыт аралығындағы өнердің қайталанбас өз спецификасы болатынын ескереміз. 
Әлеуметтік, қоғамдық, ғылыми-техникалық жетістіктердің және басқа бөтен мәдениеттердің 
ықпалдарына байланысты бұрынғы дүниетанымдық көзқарастың өзгеріп, жаңа сананың 
қалыптасуы заңды процесс. 
Қазіргі кезеңде әлеуметтік жағдайлар өзгеріске ұшырап, мәдени ақпараттық алмасулар мен 
өзара әсер қатынастарының күшейіп, өнер тек қана рухани сұраныс болудан қалып, ол тауар 
ретінде де жұмыс істей бастаған кезде және оған деген сұраныс критериінің көпшілікке, жеке 
адамдарға, базар талғамына, көрмелер мен мұражайларға арналған түрлі талап-тілектерін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет