Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары №3 (36)• 2016



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата21.10.2023
өлшемі465,36 Kb.
#120405
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
fine-arts-of-kazakhstan



Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары № 3 (36)• 2016
 
Проблемы инженерной графики и Рroblems of engineering graphic and
профессионального образования № 3 (36) 2016
35
professional education № 3 (36) ·2016
ӘӨЖ 75.03
Қазақстан бейнелеу өнерінің даму кезеңдері 
Түсіпбекова Шолпан Мұқаметқанқызы 
аға оқытушы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Аңдатпа.
Бұл мақалада қазақстандық бейнелеу өнерi мәселесі қарастырылады, Қазақстан 
бейнелеу өнерi дамуындағы әр түрлi кезеңдер зерттеледi, сонымен бiрге онының өзiне тән 
ерекшелiктерi қарастырылады.
Кілт сөздер: Қазақстан бейнелеу өнерi, бейнелеу өнерінің дамуы.
Аннотация.
В данной статье рассматриваются проблемы казахстанского изобразительного 
искусства, исследуются различные периоды в развитии изобразительного искусства 
Казахстана, а также выделяются его специфические особенности.
Ключевые слова: изобразительное искусство Казахстана, развитие изобразительного 
искусства. 
Abstract.
This article deals with the problems of Kazakh fine arts, explores the various periods in the 
development of fine arts of Kazakhstan, as well as highlighted its specific features.
 
Key Words: fine arts of Kazakhstan, development of fine arts. 
Бүгінгі таңда мемлекет тәуелсіздігін нық ұстау мақсатында жүргізіліп жатқан рухани 
шараларға қатысты ұлттық философия мен мәдениеттің өркендеуіне қолайлы жағдайлар туып, 
кеңінен жол ашылуда. Оған Республика президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның 
болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Тарихи құндылықтарымызды 
барынша зерттеу мен қайта қалпына келтіру, сақтауға, зерттеуге мән беріп, өткен тарихымызды 
ұрпаққа жеткізуіміз керек. Өзінің тарихи, мәдени тамырларына қайта оралу–бұл әрине оң 
процесс. Қазақстанда ұлттық тілді, өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып 
отырғандығын айғақтайды. Қазақ бейнелеу өнері бір адам ғұмырына ғана жетерлік өте аз 
мерзімде өзгеру, өсу кезеңінен халықаралық ілтипатқа бөлену шағына дейін бүкіл даму 
сатыларынан өтті [1]. 
Адамды адам етіп, ұлтты ұлт ететін – рухани байлық. Рухани байлықтың қайнар көзі 
өнерде. Көненің көзін бүгінгі ұрпаққа мұра еткен, сонау ерте кезден ата-бабаларымызбен бірге 
біте қайнасып келе жатқан, қазақ халқымыздың, ұлтымыздың бейнелеу өнері бүгінгі жаһандану 
заманында өскелең ұрпаққа берері мол алтын қазына десек артық айтпаймыз. Бейнелеу 
өнерінің адамзатқа сыйлар рухани байлығы ұлан ғайыр. Бізге дейін келіп жеткен тарих тереңіне 


Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары № 3 (36)• 2016
 
Проблемы инженерной графики и Рroblems of engineering graphic and
профессионального образования № 3 (36) 2016
36
professional education № 3 (36) ·2016
үңіліп, бағзы заман деректеріне көз жүгіртсек, тым арғы замандағы жазудың тегі суреттен 
басталғанын білеміз. Сурет жазуы алғашқы қауымдық дәуірде пайда болып, сол заманның 
бейнелеу өнерімен тамырлас болады. Әр түрлі бейнеленген бұл суреттер көшпелі 
халқымыздың көркемдік талғамын көрсетеді [2]. 
Дүниеге келген әрбір жаңалық сол күйінде қатып қалмайтынын ойға алсақ, ертедегі сурет 
жазуы да сол пайда болған күйінде қалып қойған жоқ, ол өмірге икемделіп өзгеріп, өрістей 
түсті. Біраз кейінірек замандағы өрнекті пішінмен оюланып салынған бейнелі суреттер пайда 
бола бастады. Ұлтымыздың өнердегі озық үлгілері ою-өрнекпен өлшенген. Қарапайым 
халқымыз қоршаған ортасынан нәр алып, көк әлем аспанын, су мен жерін, төрт түлік малын 
ою-өрнекке үлгі ете білген. Кең байтақ даламыздың өзі өнерге тұнып тұр емес пе, қазақтың 
әрбір тасында сурет, тауында құдірет барын қазақтың тума талант суретшісі Ә. Қастеев өнерді 
«Таудың бұлағынан, қойдың құлағынан, апамның киізінен, ешкінің мүйізінен үйрендім», - деп, 
әзілдеген сөзінен-ақ байқауға болады. 
Табиғат сонау бастан-ақ әсемдіктен құралған. Оның әрбір бөлігі қайталанбас керемет 
үйлесімділікпен қалыптасқан. Тек сол әсемдікті байқай білетін, сезе білетін жүрек керек. Ал, 
енді рухани деңгейі жоғары шебердің қолынан шыққан өнер туындысы адамдарға өте ыстық 
көрінеді. Өзінің ішкі күш-қуатымен көрермендерін сүйсіндіреді. Суретші тек табиғаттан 
үйренудің арқасында ғана шеберлікке жеткен.
Ал, рухани тоқыраудан шыға алмаған адам сомдаған өнер туындысы сырты көркем 
болғанымен, шын мәнінде тартымдылығы жоқ, бос дүние болмақ. Руханилықтың әсемдікпен 
байланысы осындай. Әсемдікті көре білген, сезе білген адам оны қоғамның рухани әлемін өз 
тарапынан толықтыра түседі. Сөйтіп, ол өз іс-әрекеті арқылы адамзат арасындағы сұлулықпен, 
үйлесімділікпен көмкерілген руханилықтың қалыптасуына, оның дамуына өз үлесін қосады [3]. 
Өнер бұл адамзаттың тіршілік етуімен қатар жасалынып, дамып келе жатқан ерекше тіл. 
Кез келген өзге тіл сияқты ол да ой мен сезімді жеткізу үшін, басқа ешқандай жолмен бере 
алмайтын адам тәжірибесін беру үшін жаратылған. Бейнелеу тілі арқылы ғылыми тілдің
формуласына және логикалық дәлелдерге қисыны келмейтін мәліметтерді жеткізуге болады. 
Қазіргі кезде Республикамыз егемен ел болып әлеуметтік-экономикалық саясатын жаңаша 
жүргізіп жатқан уақытта, алғашқы кезеңдерінен бастап-ақ мәдени салада үлкен өзгерістер 
байқалып, жаңа құндылықтар пайда болды. Тіпті, бұрынғы мен өнердегі жаңа құбылыстарға 
өзіндік көзқарастар қалыптаса бастады. 
Қазақстан бейнелеу өнері – басқа елдермен салыстырғанда жас өнер. Сондықтан да оның 
теориялық және практикалық негіздерінде игерілмеген көптеген тың проблемалар баршылық. 
Міне осы қазіргі Қазақстан жағдайында өнер туындылары көрмелер мен музейлерге арналған 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет