Инженерлік пәндер кафедрасы


М07201– Фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығының



бет9/11
Дата13.04.2022
өлшемі161,31 Kb.
#30931
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
7М07201– Фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығының

1 курс магистранты Әліхан А.И.

МІНЕЗДЕМЕ
Әліхан Ақмарал Илиясқызы педагогикалық тәжірибені 2022 жылдың 1 мамыры мен 9 сәуір аралығында «Инженерлік пәндер» кафедрасында ассистент, магистр Байдуллаева А.К. жетекшілігімен өтті. Педагогикалық практикадан өту кезінде магистрант Әліхан Ақмарал Илиясқызы сабақты жоспарлау және өткізу әдістемесін жақсы меңгерген, тапсырмаларды орындауда шығармашылық қабілеті бар, осы салада қажетті білім, дағдыларды алуға ұмтылатын маман ретінде өзін танытты. Оның негізгі жұмысы оқытудағы жұмыстың негізгі аспектілерімен танысу болды. Сабақта қолданылатын әдістері тиімді болды, бұл студенттерді шығармашылық тапсырмалармен белсенді етуге және қызықтыруға мүмкіндік берді. Тапсырмаларды орындамас бұрын әрдайым студенттерге нақты және түсінікті нұсқаулық берді.

Магистрант Әліхан А.И. студенттермен қарым-қатынаста мейірімді және әдепті болды. Студенттер өз сабақтарында шығармашылық атмосфераны сезінді. Магистранттың жұмысы оқу жұмысы бойынша сабақтарды жүргізумен шектелмеген, сондай – ақ тәжірибені өту кезінде кафедраның білім беру үдерісімен, оқу-әдістемелік, тәрбие, сапа менеджменті жүйесімен және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты. Оқу жұмысы бойынша жоғары білікті мамандардың сабақтарға қатысып, тәжірибелік дағдыларды меңгерді. Қажетті құжаттардың уақытылы және дұрыс толтырылғаны байқалады. Алған теориялық білімдерін тәжірибеде сауатты қолданды.

Педагогикалық практикадан өту кезінде магистрант өзін белсендімаман ретінде көрсетті.Магистрантқа ұсыныстар, уақытты басқаруды үйрену, өз білімдерін іс жүзінде белсенді жүзеге асыру, студенттермен тығыз болуды үйрену.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет