Инклюзив жауаптары Инклюзивті білім беру пәніне жалпы сипаттама беріңіз


Балаларда қиындық тудыратын көріністердің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін талқылаңыз



бет29/38
Дата21.12.2023
өлшемі91,02 Kb.
#142151
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38
Байланысты:
инклюзив жауаптары

44. Балаларда қиындық тудыратын көріністердің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін талқылаңыз
«Қиын бала» мәселесі – бұл қоғамдық мәселе. Бала «қиын бала» болып дүниеге келмейді, ол жүре пайда болады. Баланың өмірге бейімделу барысында біріншіден ата-ана мен қатар баланың қалыптасып, жетілуіне қатысы бар тұлғалардың бала дамуына көңіл бөлмей, тәрбиесіне мән бермегендігінен пайда болады. Яғни, баланың бұзықтық немесе дұрыс емес іс-әрекетін, мінез-құлқының өзгерісін, өтірік айту, алдау, үйішінде кішігірім ұрлық жасау және тағы басқа жағымсыз жағдайларға дер кезінде тақтауыл жасап, тәрбие жұмысының болмауынан, бала бұл жағымсыз әрекеттерге бейімделу арқылы қиын балаға айналады. Бұл жағдай жас ерекшелігіне қарай күрделеніп, оқушы болған кезеңінде, сабақтан қашу, өзінен кіші балаларға зорлық- зомбылық көрсету, төбелеске дайын тұруы және т.б. қылықтары арқы көрініп мектептегі қиын балалар қатарына ілінеді. Бұндай балалар көбіне мектепте, сынып ішілік лидерлерге айналады да сынып оқушыларының тәртібі мен сабақ үлгірімінің нашарлауына да септігін тигізеді. Бұндай балалардың санын көбейтпеу үшін не істеу керек, қиын балалармен ата-ана, мектеп басшылары, пән оқытушылары, сынып жетекшісі және ең бірінші болып педагог-психолог маман жұмыс істеуі керек. «Қиын балаларды» сен қиынсың деп кеудесінен нұқып, жалпы балалардың тобынан бөлудің қажеті жоқ. Бұндай жағдай оларды одан ары есіртіп жібереді: «Көрдіңдер ме, бізге ерекше назар аударылады» - деп басқалардың алдында әдейі көкірек қаға түседі немесе өздері жайлы төмен бағаға үйреніп, бәрібір мені ешқашан мақтамайды деп еті үйреніп кетеді.
Олай болса, қиын балалармен жұмыс және тәртіп бұзушылықтың алдын алу мәселесі қазіргі кезеңде мектеп әрекеттерінің ішіндегі маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Осы мәселе бойынша педагогикалық-психологиялық жұмыс жасай отырып, «қиын балалармен» әртүрлі іс-шаралар жүргізу жолдарын жетілдіру, оқушыларға құқықтық білім беру, жоғарғы әлеуметтік құқықтың мәдениетін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін табу және жүргізу қажет. Қиын оқушылармен жүргізілетін жұмыстың алғашқысы әрбір оқушыға күнделік арнау, оны бақылап, зерттеу жұмыстар жүргізу және оның нәтижесін жазып отыру қажет. Күнделік ыңғайлы, тиімді, ұзақ уақыт пайдалануға лайықты болуы тиіс. Бесіктен белі шықпай жатып, әрбір оғаш қадамына селт етпей сергек қараған балалардың жат әрекетіне баруына байланысты себеп не? Кім кінәлі? Қоршаған орта ма? Әлде мектеп пе? Әлде жүре түзеліп кетер деп жат қылық істеген баласының әрекетіне немқұрайлы қарайтын ата-ана ма? Болашақ тағдыры бейтарап қалдырмайтын кез-келген адамның осы сұраққа жауап іздеуі белгілі.
Оқушылардың есейе келе, өздерiнiң жасаған құқық бузушылықтары үшiн үлкен өкінішпен қарау жағдайы көп болып тұрады. Олай дейтініміз - кей ата-ана ойнап жүріп қасындағы баласының қолына іліккен ойыншығын алып келген баласына қайдан алдың? – не болмаса «апарып бер» деген сұрақ – бұйрықтың орынына керісінше баласына, жат әрекетін мақұлдағандығын танытса, ол баланың санасына сенім ұялатып, келесі сондай іс-әрекетті қайталауына жол ашады. Мұндай әрекеттің бірнеше рет қайталанылуы бала бойында қызығушылық туындатып, менменшілдікке, көрсеқызарлыққа, жат қылықтың бой көтеріп, досының қолындағысын тартып немесе көрсетпей алу сияқты іс-әрекетін қалыптастырады. Бұл кішкене бала бойында байқалатын алғашқы ұрлықтың белгілері деуге болады. Оқушы жастағы балалардың құқық бұзуының өмірде болып жатқан нақты жағдайларына тікелей байланысты емес. Ол белгілі бір ортаға кездейсоқ немесе жоспарланған түрде тамырлануы. Балалар құқық бұзуының көбінесе қалада болуы, әлеуметтік тұрғыдан көптеген себептерінен түсіндіреді. Баланың өзіне, қоғамда пайдалы іспен айналыспауынан уақыттың көптігі, ауылдық клубтың жабылуы, күні бойғы бос сандалыс, көше кезу, кері қадамға алғы шарт бола алады. Осындай толып жатқан себептер жасөспірімнің таңғажайып оқиға жасауға ұмтылуына, керемет көрінуге, болашақ істейтін құқық бұзушылыққа, жоспар құруына немесе топтасып қылмыс істеуге жол ашады. Көбінесе бала бойынан, санасынан мықты орын алған қиялы ойша жетіліп арманын іске асыратын не асыруға асығатын балалар айналасындағыларды таң қалдыратындай етiп істеуге,талпынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет