Байланысты: 1 Мектептің құндылықтары мен инклюзивті мәдениеті
Мектептің құндылықтары мен инклюзивті мәдениеті Инклюзивті білім беру баланың емес, жүйенің өзгеруін қамтиды
Ол барлық бала әртүрлі екенін мойындайды, ал мектептер және білім беру жүйесі барлық білім алушылардың жеке қажеттіліктеріне сай бейімделуі керек ... инклюзивтілік .... барлығын бірдей етуге деген ұмтылысты ... білдірмейді.
Оның негізгі құрамдас бөлігі – икемділік, балалар әртүрлі жылдамдықпен оқитынын мойындау, ал мұғалімдерге оқу процесінің икемділігін сақтап тұру үшін арнайы дағдылар қажет.
Көп жағдайда балаларға жай ғана жақсы, түсінікті, қолжетімді оқыту қажет. Ал бұл өз кезегінде баланың жеке қажеттіліктеріне, қабілеттеріне және даму ерекшеліктеріне сәйкес келетін әртүрлі әдістерді қолдануды қамтиды.
(«Барлығына арналған мектептер. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды білім беруге қосу». «Балаларды құтқару» қоры Лондон, 2002 ж.)
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың негізінде келесі ілгері қағидалар мен құндылықтар жатыр:
1. Жалпы білім беретін ұйымдарда білім алуға тең қолжетімділік және әрбір баланың сапалы білім алу мүмкіндігі.
2. Әр баланың білім алу қабілетін мойындау және сәйкесінше, қоғамның осыған сәйкес жағдай жасау қажеттілігі.
3. Балалардың отбасылық ортада даму және қоғамның барлық мәдени, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да жетістеріне қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету.
4. Ата-аналарды балалардың оқу процесіне балаларының алғашқы тең құқылы серіктесі және алғашқы мұғалімі ретінде тарту.
5. Жеке тұлғаға бағытталған, жеке көзқарасқа негізделген оқу бағдарламаларын бейімдеу. Бағдарламалар өмір бойы оқыту дағдыларын дамытуға жәрдемдесуі және мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғам өміріне толыққанды қатысуға мүмкіндік беруге бағытталуы тиіс.
6. Инклюзивті білім беру балалардың ерекше білім беру қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті арнайы білім беру жағдайын жасауды көздейтінін мойындау.
7. Оқытудың инклюзивті моделін жүзеге асыру кезінде заманауи тәжірибелер мен зерттеулердің нәтижелерін пайдалану.
8. Педагогтерді, ата-аналарды, логопедтерді, психологтерді, дефектолог-мұғалімдерді және басқа да мамандарды тартуды көздейтін мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі пәнаралық және командалық тәсіл. [1].
Жеке тиімділікті дамыту процесі көп жағдайда баланың жеке ерекшеліктерімен, оның физикалық жағдайымен, психикалық процестердің кешенімен, сана-сезімімен және бейсаналығымен [2], яғни оның субъективтілігімен анықталады.
Инклюзивті мектеп бір-бірінен білім беру қажеттіліктері және жеке ерекшеліктері бойынша, оның ішінде оқу қызметіне қатысты, оны жобалау, жаспарлау қабілетіне, ерікті күш-жігерді жұмылдыру қабілетіне қатысты айтарлықтар ерекшеленетін білім алушылар кіреді, сәйкесінше білім алушылардың субъективтілік деңгейі де әртүрлі болады. Білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктерін, оның ішінде педагогикалық өзара әрекеттесудің ерекшеліктерін анықтайтын оқушының сәбъективтілігінің көрсеткіштеріне келесілерді жатқызуға болады:
оқу қызметіне өзінің (позивтивті) көзқарасының қалыптасуы;
оқу қызметін іске асырудың өзіндік стилі;
оқу мақсаттарына жету үшін интеллектуалды және ерікті күш-жігерді жұмылдыру қабілеті;
оқу қызметін жобалау, жоспарлау және болжау қабілеті;
ішкі оң мотивацияның негізінде өзінің танымдық белсенділігін бастау мүмкіндігі;
педагогтермен өнімді әрекеттесуге дайындық;
құрдастарымен өнімді әрекеттесуге дайындық;
өзінің қызметінің, мінез-құлқының салдары мен нәтижелері үшін жауапкершілікті сезіну[3].
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі білім беру ұйымдарына инклюзивті білім беруді енгізу кезінде үш маңызды көрсеткіштің өзара енуі орын алады, олар: инклюзивті саясат, инклюзивті тәжірибе және инклюзивті мәдениет [4].
Соңғы жылдары біздің елімізде әлеуметтік интеграция саласында мемлекеттік саясаттың заңнамалық негізі құрылды, медициналық, кәсіптік және әлеуметтік мәдени оңалту жүйелері жетілдірілуде. Алайда әлеуметтік интеграция саласында жеткілікті дамыған нормативтік құқықтық негіздің барына қарамастан, іс жүзінде заңнамалық ережелерді жүзеге асыруда қиындықтар бар. Бұл санаттағы адамдарға қоғам көзқарасының өзгеруіне қатысты мәселе инклюзивті мәдениетті қалыптастыру арқылы шешілуі мүмкін.
Үлкен энциклопедиялық сөздікте «мәдениет» (латынша cultura – өсіріп-өндіру, тәрбиелеу, білім беру, дамыту, ардақ тұту) – адам өмірі мен қызметін ұйымдастырудың түрлері мен формаларында, сондай-ақ адамның қолымен жасалған материалда және рухани құндылықтарда көрініс табатын қоғамның, адамның шығармашылық күштері мен қабілеттерінің тарихи анықталған деңгейі [5]. Осыған сүйене отырып, келесі анықтама беруге болады: инклюзивті мәдениет – қоғамның даму деңгейі, адамдардың бір-біріне деген адамгершілік, толеранттылық, қауіпсіз қарым-қатынасында көрініс табады, онда ынтымақтастық идеялары қолдау табады, білім беру процесіне қатысушылардың барлығының дамуы ынталандырылады, мұнда әрқайсысының құндылығы ортақ жетістіктердің негізі болып табылады, сондай-ақ барлық қабылданған инклюзивті құндылықтар қалыптасады. Инклюзивті құндылықтар бұл тұрғыда инклюзивті мәдениеттің нормалары мен идеалдарымен қатар маңызды компоненттер болып табылады.
«Инклюзивті мәдениет» терминін келесі ғалымдар – С. В. Алехина, Т. Бут, М. А. Колокольцева, Е. И. Попова және т.б. зерттеді, оны кең (бүкіл қоғам мен мәдениетке қатысты) және тар (білім беру ұйымына қатысты) мағынада қарастырды.
Кейбір ғалымдар инклюзивті мәдениет – белгілі бір айрықша философия деп санайды, оған сәйкес құндылықтар, инклюзивті білім беру туралы білім және жауапкершілік қабылданып, осы процестің барлық қатысушыларының арасында бөлінді [6].
Қоғамның инклюзивті мәдениетін инклюзивті білім беруді сәтті жүзеге асыру факторы ретінде ғана емес, жалпы қоғамның даму факторы ретінде қарастыруға болады. Оның анықтамасында айтылғандардың барлығы тек мүгедектігі бар және денсаулық мүмкіндігі шектеулі адамдарға ғана емес, өзге ұлт өкілі, дін немесе басқа да ерекшеліктері бар адамдарға да қатысты екенін айта кету маңызды.
Кез келген адам үшін жеке басын құрметтеу, адамгершілік қарым-қатынас, қайырымдылық маңызды. Сондықтан инклюзивті мәдениетті адамдардың, ең алдымен педагогтердің, ата-аналардың, білім алушылардың игеруін инклюзивті білім беруді дамытудың ең маңызды негіз ретінде қарастыруға болады.
Егер қазіргі қоғам өзінің әрбір мүшесін сол қалпында қабылдауды, басқалардың ұқсамайтынына тітіркену сезімін жеңуді үйренсе, онда әртүрлі адамдарға, өзге мәдениеттерге қатысты шыдамдылықты тәрбиелеу мәселесін, оларға деген қызығушылық пен құрметті ояту мәселесін шешілген деп санай беруге болады [7].
Білім беру жүйесінің барлық сатысында инклюзивті білім беруді жүзеге асыру кәсіби және әлеуметтік қызметтің әртүрлі түрлерінде сәтті әлеуметтенудің, қоғам өміріне толыққанды қатысудың, адамдардың (денсаулық мүмкіндіктері шектеулі, сондай-ақ дамуы қалыпты адамдардың) өзін-өзі жүзеге асыруы мен өзін-өзі дамытуының басты құрамдас бөлігі болып табылады. Алайда инклюзивті білім беру қоғамда өз рөлін атқаруы үшін инклюзивті мәдениеттің нормалары мен құндылықтары негізінде инклюзивті білім беру қатысушыларының ерекше өзара қарым-қатынасын құру қажет. Бұндай мәдениеттің нормалары мен құндылықтарын білім беру процесінің барлық қатысушысы қабылдауы тиіс: ерекше білім беруді қажет ететін және шартты түрде дені сау білім алушылар, педагогтер, білім беру ұйымының әкімшілігі және ата-аналар (заңды өкілдер).
Инклюзивті білім берудің құндылықтарына келесі тұжырымдар жатады: адамның құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне байланысты емес; әр адам сезініп, ойлана алады; әр адам қарым-қатынас жасауға және тыңдауға құқылы; барлық адамдар бір-біріне мұқтаж; шынайы білім беру тек шынайы өзара қарым-қатынастың контекстінде жүзеге аса алады; барлық білім алушы үшін прогресске жету олардың не істей алмайтындығында емес, керісінше не істей алатындығында болуы мүмкін; әртүрлілік адам өмірінің барлық аспектісін күшейтеді; әр баланың ерекше ерекшеліктері, қызығушылықтары, қабілеттері мен оқу қажеттіліктері бар; ЕБҚ ететін балалар үшін қарапайым мектепте оқу қолжетімді болуы керек; мектептер әр баланың білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасауы керек; барлық адам құрдастарының қолдауы мен достығына мұқтаж; білім беру жүйелерін дамыту және бағдарламаларды орындау әр баланың әртүрлі ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне сай болуы керек; әртүрлі ұлттардың, діндер мен мәдениеттердің балаларын бірлесіп оқыту барлығын байытады; балаларды бірлесіп оқыту олардың әрқайсысының мектептің академиялық және әлеуметтік өміріне қатысу дәрежесін арттырады және мектеп ішінде болып жатқан процестердегі оқшаулану деңгейін төмендетеді [13].
Инклюзивті мәдениетті қалыптастырудың негізгі мақсаты, ең алдымен, қоғамға ерекше білім беруді қажет ететін тұлғаларды қоғамға әлеументтендіру және кіріктіру. Осы мәдениеттің көмегімен адамгершілік, толеранттылық, шыдамдылық, құрмет сияқты моральдық ұғымдар қалыптасады. Инклюзияның жетістігі мен нәтижелілігінің маңызды факторларының бірі – білім беру қатынастары субъектілерінің жоғары деңгейде қалыптасқан инклюзивті мәдениеті. Ұйым инклюзияны жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасай алады, бірақ адами факторды жоққа шығаруға болмайды. Осы ерекшелікті ескере отырып, ғылыми-әдістемелік әдебиетте инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда кедергілер мен қиындықтарды жою өзекті мәселе болып қала береді. Бұл процесс келесі факторларға байланысты:
● білім берудің негізгі бейімделген бағдарламаларын, қашықтан оқыту бағдарламаларын оқу процесінде ішінара қолдану;
● ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытудың жеке жоспарларын әзірлеу мәселелерінде педагогтердің көбісінің құзыреттіліксіздігі;
● білім беру ұйымдарының сәйкес келмейтін материалдық-техникалық базасы;
● ерекше білім беруді қажет ететін тұлғалардың білім алуын педагогикалық-психологиялық қолдау мәселелерінде білімнің қанағаттанарлықсыз деңгейі [7].
Егер қазіргі қоғам өзінің әрбір мүшесін оның психофизикалық ерекшеліктеріне қарамастан, сол қалпында қабылдап, өзінің бойында менсінбеу сезімін жеңген жағдайда денсаулық мүмкіндігі шектеулі адамдарға, өзге мәдениеттерге деген шыдамдылықты тәрбиелеу, оларға деген қызығушылық пен құрметті ояту мәселелерін шешілді деп санауға болады.
Мектептің білім беру процесі субъектілерінің инклюзивті мәдениетін шартты түрде келесі бөліктерге бөлуге болады:
1) инклюзивті білім беруге қатысты құндылықтар, нормалар, ұстанымдар және этика;
2) инклюзияға қатысты құндылықтар және ұстанымдар;
3) инклюзивті білім берудің барлық қатысушысының қолайлы өзара әрекеттесуіне ықпал ететін әлеуметтік-жеке қасиеттер.
Инклюзивті білім беруге қатысты құндылықтар, нормалар, ұстанымдар және этика – білім беру қатынастарының барлық қатысушысының инклюзивті білім беру идеологиясын, адамгершілік қағидаларын, инклюзия идеясына деген көзқарасты анықтайтын «басқаны» қабылдаудың құндылық-семантикалық көзқарастарын қабылдау процесі, жаңа – «инклюзивті» тәжірибемен байытуға ішкі мотивация.
Мектеп позитивті мәдениетін немесе мектеп этикасын құру мектептің даму мақсаттарын анықтауды және оларға жетуді қамтиды. Бұл мақсаттар мектеп қоғамдастығының барлық мүшесі, әсіресе басшылық үшін ортақ құндылықтарды, көзқарастарды, салт-дәстүрлерді және мінез-құлық нормаларын белгілейді. Инклюзивті мектептерге бұл келесілердің қалыптасуын білдіреді: а) әртүрлілік идеясына берік сенім, б) басқа мәдениеттерді құрметтеу және в) жоғары, бірақ шынайы стандарттарды белгілеу.
Мектептің мәдениеті оның әр мүшесінің бір-біріне деген қарым-қатынасын анықтайды және көрсетеді: педагогтің педагогке, педагогтің оқушыларға, оқушылардың оқушыларға, ата-аналардың педагогтерге және ата-аналардың оқушыларға.
Жалпы алғанда, мектеп мәдениеті – мектепті бөлек мүшелері ретінде емес, ұйым ретінде сипаттамасы, бірақ олардың барлығы оның қалыптасуына өз үлестерін қосады [8].